Баяндама ??зырылы??а ба?ыттал?ан о?ыту


Құзырлылыққа бағытталған оқытуЕртіс ауданы. М.Горький ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кажкеева А.К Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілгенАрнайы құзыреттілікӘлеуметтік құзыреттілікБілім беру құзыреттілігіөзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілетікәсіптік қызметімен айналысу қабілетіПедагогикалық және әлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті Құзыреттілік дегеніміз- өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге боладыҚұзыреттілік қалыптастыру дегеніміз - шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ Ұстаздар шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру керек Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады: бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б); мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті); оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу); коммуникативтік құзіреттілік ( адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы); ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті); әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті); тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті) Құзыретті сабақ, ол қандай? Оқу-тәрбие үрдісіндегі педагогика-психологиялық технологияларда негізделген кәсіби құзырлықтарАқпараттық құзыр -теледидар,магнитофон, телефон, факс, компьютер, принтер, модем, көбейткіш және ақпараттық технологиялар (аудио- бейнетаспа, электронды пошта, жалпы ақпарат құралдары, ғаламтор) көмегімен қажетті ақпаратты іздеп, зерттеп және таңдай алып, оны ұйымдастырып, қайта өңдеп жеткізе алады. Бұл құзыр оқушының айналамен танысудағы, оқулықтардағы, білім аумағындағы ақпараттарды нығайтуға бағытталған. Тіл табысу құзыры. Бұл құзыр оқушының тілді үйренуіне бағытталып, оны айналамен танысуда, уақиғалардан тыс қалмауда қолдана алуы. Сонымен қатар топта, ұжымда түрлі қоғамдық роль атқаруына көмек көрсетеді. Оқушы өзін өзі таныстыра білуі, хат жаза алуы, анкета толтыра алуы, өтініш және арыз жаза алуы, сұрақтар қоя білуі, тартысуларды ұйымдастыруы қажет. Оқу-танымдылық құзыр. Оқушының логикалық, методологиялық, жалпы білім алу қызметінің аясында, шынайы объектілерді зерттеу , жеке танымдылық іс-әрекеті жинағының құзыры. Құзырға мақсатталған, жоспарланған, талданған, шартталған, өзін-өзі бағалай білу, оқу - танымдығының біліктілігі мен білімі енгізіледі. Оқушы нәтижелі креативті (шығармашылық) біліктілікпен айналысады; шындықпен байланысты біліммен құралданады Түсініп бағалау құзырлығы. Бұл құзыр оқушының дүниетанымының аясында қалыптасып, шешім қабылдауда, өз іс- әрекетінің орынымен бағытын, мақсатымен міндеттерін қоя білуі. Бұл құзыр оқушының оқу немесе басқа да әрекеттерде өзін-өзі анықтау механизмі. Оқушының жалпы тұлғалық траекториясы және өмір сүру бағдарламасы осыған тікелей тәуелді. Жалпы мәдени құзыр – оқушы қызметінің тәжірибесі және танымдылығынан хабардар болу сұрақтарының ауқымы. Бұл адам және адамзаттың өмірін, рухани-адамгершілік негіздерінің, жеке халықтардың, әлеуметтік көріністің және жөн-жоралғының мәдени негіздерін, отбасылық, қоғамдық, ғылымның және діннің рөлін, ұлттық және адамгершіліктік мәдениетінің өзгешеліктерін көрсетеді.Жоғарыда айтылғандардың барлығы айналаға, бүкіл әлемге, адам өміріне, соның ішінде мәдени демалысын ұйымдастыруға әсер етеді. Жеке тұлғалығын жетілдіру құзыры. Оқушының рухани, зейінді жетілуіне, эмоциялық өзін- өзі бақылауы және қолдауына арналған құзыр. Бұнда оқушы шынайы объект ретінде көрсетеді. Ол үздіксіз іздену арқылы, қажетті заманауи тұлғалық қабілеттерді дамытуымен, өзінің қызығушылығы мен мүмкіншіліктерін жетілдіруге ынталанып, психологиялық біліктілігін қалыптастырып, шыңдауға кіріседі. Сонымен қатар, бұл өмір қауіпсіздігінің іс-әрекеттері мен қасиеттерінің кешені деп есептеуге болады. Қоғамдық - еңбек құзыры. Бұл құзыр оқушының қоғами –азаматтық борыштарын (азамат ролінде: бақылаушы, сайлаушы, өкіл) білуге, әлеуметтік-еңбек аясын (тұтынушы ретінде, сатып алушы, клиент, өндіруші) білуге, отбасы қарым-қатынасы мен борыштарын білуге, экономика және құқықтық, кәсіби білімін жетілдіруге бағытталған Мұғалімнің кәсіби айқындамасы Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің дамуының негізгі жолдары Құзыретті сабақты сәтті өткізу үшін, сабақтың мазмұнымен әдістемелігіне аса назар аударуы қажет:Сабақтың мазмұндылығы:1. Сабақтың ғылымилығы2. Сабақтың дамытушылық және тәрбиелік маңыздылығы3. Алған білімді өмірде қолдана білуінің маңыздылығы: теорияны практикамен, өмірмен байланыстыру4. Оқушылардың топтық және жеке жұмыстарының мазмұны5. Оқушылардың белсенді танымдылығымен құштарлығын ұйымдастыру6. Өзіндік жұмыстар арқылы жаңа біліммен біліктілікті практика жүзінде қолдана алуы7. Мұғалім тарапынан сыныптың атқарған жұмысымен оқушылардың жеке жұмыстарын жан-жақты бақылау Құзыретті сабақ беруде қолданылатын әдіс-тәсілдерге талап1. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдердің, сабақты эмоционалды, оқушылардың қызығушылығын оятуда және білімге құштарлығын тәрбиелеумен сәйкестігі.2. Сабақтың қарқыны мен ритмі оптималды болуы қажет, мұғалім және оқушының іс-әрекеті атқарылған болу керек3. Мұғалім және оқушы арасында толық түсінушіліктің орнатылуы, яғни педагогикалық такттың сақталуы4. Шығармашылықпен айналысуда, жеңіл психологиялық атмосфера жасау5. Оқшылардың жұмысын түрлендіріп, әр түрлі әдіс-тәсілдерден қолдану6. Сабақ процессі мұғалім арқылы бақыланып отырылады.