Презентация по казахскому языку на тему Бердібек Со?па?баев (8 класс)


Бердібек Соқпақбаев Қазақ балалар жазушысы Өмірбаяны 13.10.1924 жылы туған, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылы. 1949 жылы Нарынқол ауданында мұғалім болды. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген (1949) Шығармалары "Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы, "Он алты жасар чемпион" (1951), "Бақыт жолы" (1952), "Алыстағы ауылда" (1953), "Балалықшаққа саяхат", "Дала жұлдызы" (1960), "Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965), "Гауһар" (1966) повестерін жазды. "Балалық шаққа саяхат"). "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды. Б.Соқпақбаев "Бозтөбеде бір қыз бар" (1958), "Әпенденің айласы" (1960), т. б. драмалық шығармалар жазды. Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969). “Менің атым Қожа” "Менің атым Қожа " (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. Өмірінің соңы Бердібек Соқпақбаев 1992 жылы Алматы қаласында қайтыс болды