?ара?анды ?аласы авторлы? мектептер т?рбие ж?мысы


Қарағанды қаласы авторлық мектептер тәрбие жұмысыжүйесіДайындаған: ЗУИнф-305 тобының студенті Қайыркенова Н.М. Авторлық мектептер - автор немесе авторлық ұжым жасаған жетекші психологиялық-педагогикалық концепцияға негізделген экспериментальды оқу-тәрбие мекемелер. Оқу процесін өзіндік ерекшелікпен құруға, білім беру мекемесінің жаңа құрылымын құруга, педагогикалық еңбек ақыны ерекше төлеуге, бірінші кезекте материалды-техникалық жабдықтауға құқық беретін авторлық мектептер статусы. Статусын арнаулы қоғамдық - мемлекеттік экспертиза өткізгеннен кейін білім беру басқармасының сәйкес органы береді. Авторлық мектептер қатарында алдыңғыорында - Назарбаев Зияткерлік мектептері. Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі білім берудің тәрбиелік компоненті.Зияткерлік мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай кешенді жүйесі құрылған. Мақсаттары, міндеттері, құндылықтары мен күтілетін нәтижелері анықталған. Білім беру үдерісінінің құндылықтары «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясымен сәйкестендірілген. Сондықтан да тәрбие жұмысын ұйымдастырудың басты ерекшелігі құндылықты – бағдарланған білім беру, білім беру мен тәрбиенің бірлігі, білім беру үдерісіне барлық қатысушыларды тарту, айқындылық пен ашықтық, күтілетін нәтижеге бағытталу, қоршаған әлемді тұтас елестетуді қалыптастыру, білім беру үдерісіндегі барлық қатысушылардың жауапкершілігі болып табылады. Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары,ұйымдастыру қағидаттары,тәрбие жұмысын ұйымдастырудың басты тәсілдері жасалды.  Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:Патриоттық тәрбие;зияткерлік даму;адамгершілік тәрбие;еңбек;түрлі мәдени даму;дене дамуы;көшбасшылық қасиетінің дамуы. Білім беру үдерісінің тұтастығы сабақта және сабақтан тыс уақыттағы жеке және азаматтық жауапкершілігі үшін білім және дағдыларды, құндылықтарды оқыту арқылы оқушылар тәрбиесіне құндылықты – бағдарланған білім беру көмегімен жүзеге асырылады. Аса өнегелі тұлғаны тәрбиелеу бірінші кезекте білім беру бағдарламалары мен академиялық пәндердің тәрбиелік әлеуеті арқылы іске асады.  Кіріктірілген білім беру бағдарламаларында білім беру үдерісінің тұтас қағидаттары негізінде тәрбиенің қолдаушысы білім беру ортасында тәрбиелеу құрамдас бөлігі күшейтілген. Мұғалім ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларында оқытуды құндылықтарға және соған сай күтілетін нәтижеге бағыттап құрады. Оқыту арқылы, сабақ арқылы тәрбиелеуге баса назар аударылады. Бұл тәрбие мен оқыту бірлігі, яғни екінші ерекшелігі.  Зияткерлік мектептердегі тәрбие жұмысының келесі ерекшелігі- оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары және қосымша білім беру арқылы түрлі бағытта білім және дағдыларын дамыту. Оқушылардың шығармашылық, физикалық және зияткерлік дамуы үшін оқушыларға үйірмелер мен қызығушылығын арттыратын сабақтар (спорт, көркемөнер, зияткерлік, техникалық), жаратылыстану – математикалық бағыт аясындағы ғылыми – зерттеу, білім беру ұйымдары негізінде еліміздегі және шетелдердегі сыныптан тыс және элективті курстар ұсынылады. Табысты тәрбие жұмысының негізгі шарты оқу – тәрбие үдерісіне Зияткерлік мектептің барлық қызметкерлерінің қатысуы және мектептің ата – аналарымен ынтымақтастығы болып табылады. Тәрбие жұмысының маңызды ерекшелігі - тәрбиенің үшбірлігі:ҚоғамОтбасы Зияткерлік мектептер Тәрбие жұмысының негізгі міндеті оқушыларда танымдықжалпы адамгершілікұлттық (намыс, адамгершілік, тәртіптілік, сыйластық) сияқты құндылықтар мен өз әрекеті үшін жауапкершілікті түсіну және қолдану, өмірдің мәнін түсіну, өзіндік «Мен» ұғымын басқа адамдармен байланыстыру қажеттілігі мен іскерліктерін, дағдыларын өмірде қолдануды қалыптастыру болып табылады.  Оқушыларды адамдарға жаны ашу сияқты эмоциялық жағдайларғаәлеуметтік оқиғаларғаҚазақстандық және әлемдік қоғамның өмірінезерттеушілік- шығармашылық әрекеткеөмірде тұлғаның өзін- өзі танытуы мен өзін- өзі дамыту тәсілдері ретінде жергілікті бірлестіктердің іс- әрекетін жақсарту үшін белсенділік танытуға тарту. Зияткерлік мектептердің тәрбие жұмысы толығымен әлеуметтік жобалар мен акцияларды жүзеге асыруға құрылған: “Туған елге тағзым”«Оқушыларға оқу үшін ұсынылатын 100 кітап»«Білімнің көзі - кітапта» Book crossing акциясы«Ата- ананың жұмыс орнындағы 10 күн»«2 апта ауылда»«Қоғамға қызмет» «Қазақ әндері» Назарларыңызға рахмет!