Презентация по биологии на тему Монша?тан шие а?ашын то?у


Сабақтың тақырыбы:МОНШАҚТАНШИЕ АҒАШЫН ТОҚУСабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты: Білімділік: шие ағашы туралы мағлұматтар беру, моншақ түрлерінен шие жемістерін тоқуды үйрету, бұйымды сәндеу, әшекейлеу туралы оқушылардың танымын кеңейту; Дамытушылық: өз бетінше жұмыс жасауға үйрету, есте сақтау, байқағыштық қабілеттерін арттыру, қолөнер жұмысына машықтандыру; Тәрбиелік: еңбекті сүйюге, төзімділікке, жауапкершілікке, жасаған жұмысты әсем безендіруге, табиғатқа деген сұлулық сезімдерін оятуға және үнемділікке баулу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақӘдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, Пәнаралық байланыс: биология, бейнелеу, қазақ әдебиеті.Көрнекі құралдар: моншақтан тоқылған шие жемістері мен жапырақтары , шие ағашының суреті Керекті құрал-жабдықтар: моншақ, лескі, қайшы Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі Бүгінгі сабағымды шиеге байланысты өлең жолдарымен бастағым келіп тұр.Шие пісіп төгілді,Балалар жүр көңілді.Түсі қандай қып-қызыл,Жоса қылды жеңімді.Орындалды тілегім,Піссе екен деп жүр едім.Сорып алып шырынын,Лақтырамын сүйегін Бүгін біз сабағымызды қандай тақырыпта өтеміз деп ойлайсыздар ?Қыздардың жауабы: - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы“Шие ағашы”- дұрыс бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Моншақтан шие ағашын тоқу» Шие (лат.Prunus subgen. Cerasus) – раушангүл тұқымдасына жататын ағаш және бұта типтес өсімдік.Гүлі ақ, кейде қызғылт. Гүл шоғыры шатырша. Етжең, шырынды жемісінің сүйегі бар. Жер жүзінде шиенің 150 түрі, Қазақстанда 7 түрі таралған. Шиенің жемісінде 7,3 – 17,5% қант, 0,8 – 2,4% әр түрлі органикалық қышқылдар, 0,15 – 0,88% илік заттар мен витаминдер болады. Жемісінен тосап, компот, шарап жасайды және кондитер тағамдарына қосады.Шие көшет, екпе шыбықтарын телітушіге ұластыру арқылы көбейтіледі. Тұқымы арқылы көбейту селекция саласында жаңа сорттар шығару үшін қолданылады. Шие құнарлы саздақ топырақта жақсы өседі.Бұлардан басқа далалық және орманды далалық шие (Cerasus frutіcosa), құмдық шие (Cerasus pumіla) деген түрлері бар. Қытай түкті шиесі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында өсіріледі. Мұғалімнің сөзі: оқушылар шие қандай өсімдік?Оқушылардың жауабы: /Қыздарды екі топқа бөлу/Мұғалімнің сөзі:Шие пісіп төгілді,Балалар жүр көңілді.Түсі қандай қып-қызыл,Жоса қылды жеңімді.Орындалды тілегім,Піссе екен деп жүр едім.Сорып алып шырынын,Лақтырамын сүйегінҚыздарға “қызыл шие” ұсынамын /Сіздердің топтарыңыз қалай аталады деп ойлайсыздар?Жауабы: ” қызыл шие” Мұғалімнің сөзі келесі топқа:«Мен шиемін, шиемін,Күннің көзін сүйемін.Қышқыл шырын менде бар,Төмен басты иемін.»Қыздарға “Сары шие” ұсынамын /Сіздердің топтарыңыз қалай аталады деп ойлайсыздар? Жауабы: «сары шие» ТАҚЫРЫБЫ: МОНШАҚТАН ШИЕ АҒАШЫН ТОҚУСабақтың мақсатыҒажайып пальма туралы мағлұмат беру.Пальма түрлерімен танысу.Пальма ағашын моншақтан тоқу.Бұйымды сәндеп, әшекейлеп үйрену.Нені үйренуіміз керек?Пальманың түрлерін ажырата білу.Моншақпен пальма тоқып үйрену.Тоқылған пальма ағашын сәндеуді, әшекейлеуді үйрену.Не үйрендік? Ендеше, бұл өсімдіктің отанын еске түсірейікШие – раушангүлдер тұқымдасы, сүйекті жемістер тобына жататын ағаш және бұталы өсімдік. Отаны – солтүстік Парсы жері менҚара теңіз жағалауы. Шие тұқымдасында 200 жуық түрі бар. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Ағаштың биіктігі 3-7 м аралығында. Жапырақтары жалпақтау келген ұзын, ұштары сүйір, жиектері ара тісті.  Жаңа сабақ III.Сарамандық жұмыс:Моншақтан шие тоқудың нұсқау картасы 1. БЕС МОНШАҚТЫ ЛЕСКІГЕ ТІЗБЕКТЕЙМІЗ 2. Тізбектеген моншақтардың соңғысына екі лескіні шалу арқылы айқастырамыз. 3. Бес моншақпен алманың екінші қатарына шығамыз Бес моншақпен екінші қатарын аяқтап, шиенің түбін бітіреміз МОНШАҚПЕН ШИЕНІҢ СОҢҒЫ ҚАТАРЫН ЛЕСКІНІ ЕКІ МОНШАҚТАН ӨТКІЗІП ҮСТІНЕН ҮШ МОНШАҚ САЛЫП ТОҚЫП, БЕКІТЕМІЗ Шиенің тоқылып, біткені Дайын болған шие жемісі Моншақты бес-бестен тоқып, жапырағын жасаймыз Дайын болған шиелердің бейнесі Топтық жарыс: Екі топ бір-біріне жұмбақ жасырады:І топтың жұмбақтары:Бұтақта ілініп тұрамын,Піскенде себетке құладым. (Жеміс)Ирек-ирек әкесі бар, Желбіреген шешесі бар, Тәттібике деген қызы бар. (Шие) Аспай піскен, Қайнамай түскен. (Жеміс) ІІ топтың жұмбақтары:Алма дерсің,түсіне қарап,Жүгері дерсің,ішіне қарап,Татсаң тәтті,бал-шарбәтті. / анар/Түсі бар ақты,көкті,қызыл ала,Пайдасы адамзатқа тиген жаңа.Қойыпты ортасына қазық қағып,Сүйкімді көреді екен бала-шаға. / алма ағашы/ Венн диаграммасын толтыруОртақ белгілері Қорытынды 1.Шие туралы мағлұмат алдық.2.Шие түрлерімен таныстық.3.Шиені моншақпен тоқып үйрендік.4.Бұйымды сәндеп, әшекейлеп үйрендікМоншақпен басқада жеміс-жидектерді тоқып үйренгіміз келедіНе үйрендік?Не үйренгіміз келеді? Екі топтың тілегі,көңіл күйлерін білдіру ШИЕ ГАЛЕРЕЯСЫ Назар аударғандарыңызға рахмет!!!