МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ Т?РБИЕЛЕУ МЕН О?ЫТУ?А АРНАЛ?АН «?АТЫНАС» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ


Қ.Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебіТақырыбы : МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН «ҚАТЫНАС» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ Орындаған: Смыкова Г.М. Оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту Пәнаралық байланыс: Айналамен таныстыру Тақырыбы:«Ертегілер еліне саяхат» Мақсаты: Баланың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану Өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру Қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын дамыту Міндеттері: Жобаның өзектілігі :Балалардың қарым-қатынаста қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін түрлі мүмкіндіктер жасау , сөздік қорын кеңейту , сауат ашу негіздерін меңгеруге деген қызығушылығын ояту , ана –тілі, мемлекеттік және басқа да тілдерде қарым – қатынас жасау мүмкіндігімен қамтамассыз ету Жылулық шеңбері: Достар бірге жүреміз,Бірге ойнаймыз, күлемізОрман, көлге, шыңға біз,Саяхатқа шығамыз.Бөлінбейді іргеміз, Әрқашан да біргеміз.Әрқашан тілектес, Досыңа көмектес. - Балалар, бізге ертегілер елінен хат келіпті.Бұл хатта былай деп жазылыпты Қымбатты, балалар, Сіздерді орманға саяхатқа шақырамыз!- Барамыз ба?- Иә!- Біз орманға бармас бұрын ертегілерді есімізге түсірейікші. - «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Жеті лақ пен қасқыр», «Піл мен маймыл», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»- Осы ертегілердің барлығы қалай басталады?- Ерте, ерте, ертеде, ерте бір заманда, бір күні, бұрынғы заманда.- Олай болса жолға шығайық. - Балалар, қиындық түскенде адамдар, жан-жануарлар болсын бір-біріне көмектесу керек.(Сол кезде бұта түбінен сылдырлаған дауыс шығады.) - Қане, балалар, жақындап көрейікші бұл кім болды екен? Ой, қоян сен мұнда не істеп жүрсің? (Қоян хатты береді) Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені ормандағы аңдардың барлығы қуалап мезі етті.Маған есігі мықты үй жасауға көмектесіңдерші.Сәлеммен: Қоян - Қоян сен жылама, біз саған көмектесеміз. Біз саған өте әдемі үй жасап береміз. (Геометриялық пішіндерді құрастыру арқылы қоянға үй жасап береді.) Қандай әдемі!РАХМЕТ балалар! Ұзын құлақ сұр қоянЕстіп қалып сыбдырды,Ойлы қырлы жерлерменЫтқып-ытқып жүгірді.Қарап еді,артына Қиығын сап көзінің,Келе жатқан томпаңдап Көжегі екен өзінің. - Қоянға арнап өлең айтып берейік: Қояным тұршы ,Бетіңді жушы. Айнаға қарашы,Шашыңды тарашы.Киіміңді киші,Бақшаңа баршы . - Ендеше, қоян, сау бол! - Балалар, біз кайда бардық? Нені көрдік? Қоян орманда не істеп жүр екен, қандай көмек бердік? - «Жүректен жүрекке» шеңберіне тұрып, балалар бір біріне жылы сөздерін айтады. Мен мейірімді боламын деп, сабақты аяқтаймыз. Күтілетін нәтиже :Ойлау қабілеті, тілінің дамуы. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !Сіздерге жүректің жылулығын, жанның сұлулығын тілейміз!!!