Ж?сіпбек Аймауытов. Презентация, ?дебиет.


Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) Тәрбиеліден- тәлім,Ғалымнан-ғибрат, өнерліден өнеге ал. Ж.Аймауытов. Жүсіпбек Аймауытов Өмірі.Жазушы,ақын,драматург Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысы,Баянауыл ауданында туған.Он бес,он алты жасында Павлодарға келіп,екі сыныпты орысша-қазақша мектепте оқиды.1914-1918 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясын оқып бітіреді.Семейде “Абай”журналын шығаруға қатысады.1924 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болады.1922-1924 жылдары Қарқаралыда мұғалім,Ташкентте “Ақ жол”газетінде,1926-1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының директоры қызметтерінде болады.Торғай жеріндегі ашыққан халыққа жәрдем беретін топ құрамында болады.Осы жұмыс бойынша бірнеше рет жауапқа тартылады.Халыққа тарататын малды дұрыс үлестірмеген,өзі пайдаланып кеткен деген айып тағылады.Бұл айыптардың анық-қанығына толық жетпей,аталған іске қатысқан 14 адамның қатарына 1931 жылы өлім жазасына кеседі. Арғы атам-өр түрік,Біз қазақ-елміз.Самал тау,шалқар көл.Сарыарқа жеріміз.Ер жүріп ежелден Оқ тескен етіміз.Қаймығып ми жауданҚайтпаған бетіміз,-деп жырлаған. Артымда қыруар елім бар,Өлсе де денем, мен өлмен. Ж.Аймауытов. Шықпаса жаным денемнен,Не салса тағдыр көрем мен.Бір өзім үшін өлмеймінБір ғана соған көнем мен.Кеудеде әзір жүрек бар,Тілек бар!Соған сенем мен,Артымда қыруар елім барӨлсе де денем,мен өлмен- деп өзі айтқан Ж.Аймауытов.