Презентация на тему Желто?сан — т?уелсіздікті? бастауы


Тақырыбы “Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы” Мақсаты Оқушыларға 1986 жылғы желтоқсанда алғаш рет бас көтеріп, демократия жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайлы, еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жетістіктеріміз жайлы түсіндіру. Туған жер, атамекен, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметті сезінуге тәрбиелеу. Тәуелсіздік бізге оңай келмеді, Жұртым менің не қиындық көрмеді. Жылап тұрып аналарым бұл жолда, Сан перзентін қара жерге жерледі. О, Тәңірім, бақыт құсы қонып бір, Деп тіледік бізді баққа жолықтыр!..Бүгін міне, Тәуелсіздік, ағайын, Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр! Тәуелсіздік - қасиетті ұғым. Осы қасиетті ұғымды мемлекеттік рәміздер тілімен сөйлетер болсақ, ол сол елдің өзіндік өмір салтын, арманын, ерекшелігін білдіреді. Бас білгізіп, жер тарпыған тарпауғаЖасы тұрмақ шығады екен қарты алғаҚалай оның Елтаңбасы болмайды, Түлігіне дейін салса ен-таңба?! Елтаңбаның сырт пішіні толық шеңберге сыйып тұр. Елтаңба идеясының ең басты жүгін арқалап тұрған, әрине, шаңырақ. Шынайы шеберлікпен шендестірген түңлігі күн бейнесін елестетсе, уықтары – одан тарап тұрған алтын сәулелердей. Елтаңбадағы екінші бөлік – ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Киелі көк пырақ адамды тәңірлер мекен еткен аспанмен байланыстырады. Мүйіз – айбын- айба, ақ жолтайық бейнесі. Ендігі назар аударатын белгілер – маңдайдағы бес жұлдыз бен елдің аты. Тәуелсіз мемлекетілміздің құшағы бес құрлыққа да ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмысымызды сақтай отырып ілесеміз деген мағынаны білдіреді. Авторлары: танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов. Елтаңбаның тұғыры биік болсын! Елтаңба Бәрі болған Қазақ сынды көне елдеЕл белгі де, ерлік, өрлік, өнер де,Жаһандағы ең жауынгер халықта Кім сенеді Ту болмады дегенге?! Көгілдір аспан аясында мәңгілік сапар шеккен ұлы бейнесі – нағыз өмір нышаны. Бүркіт – еркіндік бейнесі, биік армандарға қол соз, алыс армандарға қиялап қанат қағу нышаны. Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі – “қошқар мүйіз” деп аталатын ұлттық өрнекті жолақ. Ою-өрнек – халықтың сана-сезімінің, мәдениетінің даму жолының куәсі. Халқымыздың талантты ұландарының бірі – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ұсынған жоба негізінде жасалған қасиетті көк байрағымыз, тәуелсіз мемлекетіміздің қыран қанатты көкшулан туы міне осындай! Ту Батылдыққа уызынан жарыған, Ер түркіні байрағынан таныған. Өзі ақын, өзі әнші халыққа Кім айта алар болмаған деп Әнұран Әнұран – халық тіршілігінің лүпілін, тұрмыс-тіршілігін білдіреді. Ол бүкіл бір қауымның өмір салтына, іс-қимылына көбірек қатысты. Ертеде ол да байрақ, тулар тәрізді “бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып” топтасып, тастүйін қимылдауға меңзейтін айғақ-нышан ретінде қалыптасқан. Жаңа әнұранымыздың сөзінің авторлары – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев пен Ж.Нәжімеденов. Әнінің авторы – Ш.Қалдаяқов Әнұран Алтын күн аспаны,Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны,Еліме қарашы!Ежелден ел деген,Даңқымыз шықты ғой.Намысын бермеген,Қазағым мықты ғой!Қ-сы Менің елім,менің жерім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін,елім, Туған жерім менің – Қазақстаным!Ұрпаққа жол ашқан,Кең байтақ жерім бар.Бірлігі жарасқан,Тәуелсіз елім бар.Қарсы алғын уақытты,Мәңгілік досындай.Біздің ел бақытты,Біздің ел осындай! Желтоқсан көтерілісіне қатысып, есімдері ел есінде мәңгілік сақталған аға-әпкелеріміз Ләззат Асанова Ербол Сыпатаев Сәбира Мұхамедженова Шаттанса желтоқсанның үні бөлекБаурайды кім болса да күліп ерек. Осынау он екі айдың жол сапарыТоқтайды Тәуелсіздік күніне кеп.Аралап дүрбелеңсіз заман жүгін, Келеді айдан да озып адам бүгінЕндеше тыныш болсын еліміз деп, Тілейік жұртымыздың амандағын! - дей келе, еліміз тыныш, аспанымыз ашық, еңсеміз биік болсын ағайын!