А?ылшын тілінен презентация та?ырыбы: А?ылшын ма?ал-м?телдеріні? ?аза? ж?не орыс тіліндегі баламасы


Қарағанды облысыБұқар жырау ауданыҮміткер орта мектебі Үміткер орта мектебінің 10-сынып оқушысыАйтпақаева Толғанай Ғылыми жетекшісі:Үміткер орта мектебінің ағылшын тілі мұғаліміЖолдикенова Аягөз Қалиқызы Тақырыбы:“Ағылшын мақал - мәтелдерінің қазақ және орыс тіліндегі баламасы” Мақсаты: Ағылшын тілің үйренуде ағылшын мақал – мәтелдерінің білудің манызың сезіне отырып, қазақ және орыс тілдеріндегі баламаларын салыстыру. Міндеттері: Ағылшын мақалдары мен мәтелдерін жинау және топтастыру. Ағылшын мақал – мәтелдерінін маңыздылығын терен сезіну Ағылшын орыс және қазақ мақал – мәтелдерінің салыстырмалы сараптамасын жасау. Зерттеу объектісі: Ағылшын мақал – мәтелдері. Жұмыс нәтижесі Зерттелген жобамызда ағылшын мақал-мәтелдері жайлы мағлұмат жинай отырып, ағылшын тілін үйренгенде мол септігін тигізетіндігіне көз жеткізу. Маңыздылығы: Ағылшын тілін үйренуде ағылшын мақал-мәтелдерінің маңызын білу, олардың тілдегі сөздерді байланыстырудағы рөлін терең түсіну үшін, қазақ және орыс тіліндегі баламаларын салыстыра отырып көз жеткізу. ЗЕРТТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ 1.Кіріспе кезеңі: Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндетін анықтау.2. Ізденіс кезеңі: Ақпараттарды іріктеп, жүйеге келтіру.3. Жалпылау кезеңі: Тақырып бойынша презентация құру.4. Қорытынды кезеңі: Жобаны көпшілікте қорғау және оның нәтижесін ортаға салу. «As the people, so the proverb»«Адамы қандай болса, оның мақалы да сондай болады»«Какие люди, такие у них и пословицы» (ағылшын мақалы) Ағылшын тілінде жүздеген мақалдар мен мәтелдер бар. Оларды көптеген ұрпақтар дүниеге әкеліп, жүздеген жылдар бойында дамып, жетілдірілді. Ағылшын мақалдары мен мәтелдерін білу біздің сөздік қорымызды арттырып, еске сақтау қабілетімізді арттырады, ағылшынның халық даналығына жақындатып, осы халықтың мінезін, мәдениетін және тұрмысын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Міне , сондықтан да бізге бұл тақырып қызықты , әрі пайдалы болып көрінді. Ағылшынның мақалдары мен мәтелдерін білмей, оның тілін үйренуге болмайды. Олар қарапайым ағылшындардың жан-дүниесін түсінуге, оларды не толғандыратынын білуге, оларға қандай мінез-құлық тән екенін білуге көмектеседі. Адам және оның адамгершілік қасиеттері Мақал мен мәтелдердің ең үлкен тобын адам және оның адамгершілік қасиеттері туралы мақалдар мен мәтелдер құрайды. Олар қандай да бір шешім қабылдамас бұрын ойлануға, абай болуға Және алдағы болар істі саралауға үйретеді. Бұл өмір заңдары, қате істің алдын алуды ескерту. Honesty is the best policy. Честность – лучшая политика. Арыңды жасыңнан сақта. А clean fast is better than a dirty breakfast. Честный пост лучше нечестного завтрака. Хлеб с водою, да не пирог с лихвою. Арам таңғы астан адал ораза артық. Қайғысыз ішкен қара су артық. Actions speak louder than words. Поступки говорят громче слов. О человеке судят по его делам.Ер жігітті сөзіне қарап емес, ісіне қарап бағала. Адам және оның үйі. Енді адамның өмірінде ерекше орын алатын мақалдар мен мәтелдер тобын қарастырайық. Бұл үй мен отбасы жайлы мақалдар мен мәтелдер. Номе, sweet home. Дом, милый дом. Өз үйім - өлең төсегім. East or West, home is best. Восток или запад, а дома лучше. В гостях хорошо, а дома лучше.Өз үйім, кең сарайдай боз үйім. As you sow, so you reap. Что посеешь, то и пожнёшь.Не ексең, соны орасын. Еңбек және шеберлік. Еңбек– адам өмірінің негізі, сондықтан ағылшын тілінде еңбек пен шеберлік жайлы мақал мен мәтелдер өте көп. A cat in gloves catches no mice. Кот в перчатках мышей не ловит. Без труда не вытащишь и рыбку из пруда. Еңбегіне қарай –өнбегі.No song, no supper. Не споёшь, так и ужина не получишь.Хочешь, есть калачи, не лежи на печи.Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Достар мен достық туралы мақалдар мен мәтелдер. Тағы да бір өте маңызды мақалдар мен мәтелдердің тобына тоқталайық, олар достар мен достық туралыA friend in need is a friend indeed. Друзья в беде познаются. Қасіретте дос болған – нағыз дос.He is a good friend that speaks well of us behind our backs. Тот хороший друг, кто хорошо о нас говорит за спиной. Хороший друг в лицо ругает, а за глаза хвалит.Дұшпан күлдіріп айтады, Дос жылатып айтады.
Білім туралы мақал - мәтелдерKnowledge is powerКүш қуаты – білімдеLive and learn.Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.Clothes don’t beautify a man but knowledge.Кісінің көркі киім емес – білім.Power is in knowledge, knowledge is in the book.Күш – білімде, білім – кітапта. Біз ағылшын мақалдары мен мәтелдерінің қазақша және орыс баламасымен салыстырдық. Көптеген мақалдар мен мәтелдер өте ұқсас болатынын анықтадым. Барлық адамзатына тән қасиет үш халыққа да тән екендігін аңғардым. Дегенмен де осы үш халық мақалдары мен мәтелдерінің арасында айырмашылық та бар, оған себеп үш халықтың тарихи қалыптасуы мен жүргізген шаруашылығында, салт– дәстүріне байланысты. A fly in the ointment. Ағылшындарда . Муха в бальзаме.Орыстарда. Ложка дёгтя в бочке мёда.Қазақтарда : Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.He that has a great nose thinks everybody is speaking of it. Ағылшындарда: Тот, у кого большой нос, думает, что все говорят только о нём. Орыстарда : На воре шапка горит. Қазақтарда: Сезікті секірер. Қорытынды Ағылшын мақалдары мен мәтелдері қазақ және орыс мақалдары мен мәтелдеріне өте ұқсас. Ағылшын мақалына мағынасын бұзбай қазақ және орыс тілдерінде балама табуға болады. Сөз соңында айтайын дегеніміз: «Ағылшын тілін үйренгенде біз ағылшынның мақалдар мен мәтелдерін де білуіміз керек, өйткені ағылшын халқының рухы, олардың өмір философиясы мақалдар мен мәтелдерінде айқын көрініс алған » Біздің жұмысымыз ағылшын тілінде айқын, толық, әсері сөйлегісі келетіндерге қызықты болатынына сенімдіміз. Назарларыңызға рахмет!