Информатика п?нінен презкентация Компьютер ??рыл?ылары та?ырыбында


Компьютердің құрылымы. Ақпаратты енгізу-шығару құрылғылары. Бүгінгі күні дербес компьютерлер (ДК) көпшілік арасында кеңінен тарады.Дербес компьютерлердің осылай аталу себебі-Ол бір-ақ адам жұмыс істеуге арналған.Дербес компьютерлердің түрлері өте көп ,бірақ олардың құрылысында ұқсастықта бар. Кез-келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды. Жүйелік блок Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған,олар деректерді өңдеуді,электр тогының қосылуын,қосымша құрылғыларды қосуды қамтамасыз етеді.Жүйелік блоктар келесі түрлерде:үстелге қоятын (көлденең орналасқан),еденде немесе мұнара түрінде (тік орналасқан) шығарылады.Жүйелік блоктың ішінде аналық плата,процессор,Қоректендіру блогі,жедел жад,диск жетек,бейнетақша,дыбыс тақша мен көптеген басқа құрылғылар бар. Процессор Процессор – компьютердің ең басты бөлігі. Ол компьютердің миы. Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды орындайды.Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасы-микропроцессор атқарады.Қазіргі кезде ең көп тараған процессор пентиум деп аталады,сондықтан мұндай процессор орнатылған компьютерді де пентиум деп атайды Жедел жад Жедел жад – бұл компьютердің ішкі жады немесе оперативті жадтайтын құрылғы-ол қажет ақпаратты өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді.Компьютердің ішкі жадының екі түрі бар:-тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ – бұл компьютердің ішкі жады, ол компьютердің ішіне құрастырушы фирмада орнатылады-жедел жадтайтын құрылға ЖЖҚ – ақпаратты уақытша сақтауға арналған жад.-енгізу-шығару құрылғылары-бұл құрылғының көмегімен компьютерде өңделетін ақпарат енгзіледі,сондай-ақмашинадан оның жұмысының аралық және ақырғы нәтижелері адам түсінетін түрде шығарылады. Монитор Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.Дисплей – компьютердің тілі ол оның көмегі мен өзінің жұмысы туралы барлық қажетті ақпаратты беріп отырады.Монитордың экрандағы кез – келген көрініс түрлі – түсті нүтелерден әр-түрлі реңдерінен тұрады.Мұндай нүктелерді ПИКСЕЛЬДЕР деп атайды. Пернетақта Пернетақта – компьютерде ақпаратты енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптердің көмегімен компьютерге кез-келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютердің пернетақтасында 101 немесе 102 перне болады. Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:-Символдық пернелер-функциялық пернелер- нұсқаушы немесе меңзерді- цифрлық пернелер. Маус(мышь,тышқан) Қазіргі кездегі компьютерлер тағы бір ақпаратты енгізу құрылғысы – маус манипуляторымен жабдықталған.Маустың екі түрі бар:- үш батырмалы- екі батырмалыҚазіргі кезде екі батырмалы маус жиі пайдаланылады, себебі ортадағы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды. Баспа құрылғылары Принтер – ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.Қазіргі кезде принтердің негізгі үш түрі пайдаланылады:- матрицалық- сия бүріккіш- лазерлік Сканер Сканер – қағаздағы кесіндіні түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы.Оның көмегі мен суретті, графикті, мәтінді сканерлеуге болады. Кескін сканерленгеннен кейін, графикалық бағдарламаларда оларды өңдеуге (үлкейтуге,кішірейтуге, қайта бояуға т.б) болады.