Презентация Т?манбай Молда?алиев презнтация


Тұманбай Молдағалиев — сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның Халық жазушысы. 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Жарсу” совхозында дүниеге келді. Жеке өміріӘскери атағы - аға лейтенант.Діни көзқарасы - мұсылман.Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан қуатты мемлекет болады, халықтың жақсы тұрмыс халі өрлейді».Хоббиі - футбол.Сүйіп оқитын әдебиет жанры - поэзия. ОтбасыӨмірлік серігі, жары - Қасымова Күлтай, үй шаруасымен айналысады.Ұлы - Дәурен 1966 жылы туған Қыздары - Зәуреш 1959 жылы туған Жазира 1962 жылы туған Жанна 1964 жылы туған Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-тан астам жинақ болып басылып шықты. 1954 жылы Т. Молдағалиевтін тұңғыш өлеңі “Украина қызына” жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы “Студент дәптері” 1957 жылы жарық көрді. Т. Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды. 1960 ж. ”Кәмила”,1961 ж. ”Көктем таңы” , 1963 ж. «Алатау қызы», 1964 ж. ”Ферюза туралы жыр”, 1965 ж. ”Зулайды күндер”, 1966 ”Жүрегім менің сапарда” және т. б. жинақтары шықты. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды 1959-1970 жылдар аралығында “Пионер” журналында қызмет атқарады. 1970-1973 жылдар аралығында “Балдырған” журналының жауапты хатшысы болды. 1973 жылдан “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен “Жалын” журналының бас редакторы қызметін атқарды.Тұманбай МолдағалиевтіңШығармашылығы мен еңбек жолы 1967 жылы жарық көрген “Жаңа дәптер” атты кітабы үшін 1968 жылы ”Қазақстан комсомолы” сыйлығының лауреаты атанды. “Ескерткіш” (1969 ж.), “Шақырады жаз мені” (1970 ж.), “Жүрек ояу қашанда” (1972 ж.) атты кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді. Оның “Қош, көктем” атты таңдамалы өлеңдер кітабы (1971 ж.), “Хаттар” атты поэмалар жинағы (1974 ж.) жарық көрді. Т. Молдағалиевтің орыс тілінде “Я — сын Семиречья” (1962 ж.), “Первая встреча” (1968 ж.), “Новая тетрадь” (1969 ж.) атты өлеңдер жинақтары шықты. Ол Байрон, М.Ю. Лермонтов, Т.Г. Шевченко, Туманян, С. Канутикян, Ғ. Ғұлам, Х. Ғұлам, Р. Ғамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д. Жалсараев және т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.Ақынның 1990 жылы 13 томдық шығармалар жинағы, 2004 жылы 14 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. 1992 жылы Физули атындағы Халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығы тапсырылды. Т. Молдағалиевтің орыс тілінде “Я — сын Семиречья” (1962 ж.), “Первая встреча” (1968 ж.), “Новая тетрадь” (1969 ж.) атты өлеңдер жинақтары шықты. Ол Байрон, М.Ю. Лермонтов, Т.Г. Шевченко, Туманян, С. Канутикян, Ғ. Ғұлам, Х. Ғұлам, Р. Ғамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д. Жалсараев және т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.Ақынның 1990 жылы 13 томдық шығармалар жинағы, 2004 жылы 14 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. 1992 жылы Физули атындағы Халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығы тапсырылды.
rrr

Т. Молдағалиев көптеген ән мәтіндерін жазды “Құстар қайтып барады” (музыкасы Н.Тілендиевтікі), “Бақыт құшағында”, “Әнім сен едің” (музыкасы Ш. Қалдаяковтікі), “Ертіс вальсі” (музыкасы Жамақаевтікі), “Шақырады көктем” (муз. Ә. Бейсеуовтікі) атты әнге жазылған өлеңдері халық арасына кең тараған. Тұманбай Молдағалиев туралы жазылған пікірлерНаушаруан Тұмарбекқызы Дөненбек 21.02.11 13:45 Біздің жастық шағымыз жоғарыда аталған әдемі әндермен тұстас өтті. Жүрекке жылы тиіп, көңілден шығатын сол әуендердің өміршеңдігі Тұманбай ағаның қаламынан туған өлең мәтіндерінің терең сыршылдығында, ақылы мен сезімінің тамаша үндесуінде болса керек. Тұманбай аға - нағыз ақын: ол өлең жолдарын жүрегі мен жанын толқыта отырып, терең сезім мен түйсік түкпірінен тудыратын шынайы лирик-ақын. Осы қалпыңызда ұзақ жасаңыз! Қазіргі кезде Қазақ Поэзиясының, Парасатының, Сезімінің Сіздей ірі тұлғасы көп емес.Құрметпен - қарындасыңыз Наушаруан.   1998 жылы Қазақстанның тәуелсіз ақпарат құралдарының бірі – «Дат» газеті «Нұрекең мен Тұмекең... өлеңнің авторы кім екен?» деген мақаладаТұманбай Молдағалиевтің «Елім менің» («Егемен Қазақстан» газетінің  Нұрсұлтан Назарбаевтың өлеңі туралы "Дат" газетінде жарияланған мақаланың көшірмесі, 2 қараша 1998 жыл.1996 жылы 6 наурыздағы нөмірінде жарияланған) деп аталатын өлеңін Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазағым менің» («Ана тілі» баспасынан жарық көрген кітапта жарияланған) деген өлеңімен қатар қойып, газет бетінде жариялады.Тұманбай Молдағалиев көп ұзамай бұл мақалаға «Егемен Қазақстан» газеті арқылы (7.11.1998) қайтарған жауабында «Елім  менің» деген өлеңді Нұрсұлтан Назарбаев жазғанын, ал өзінің тек аздаған түзетулер ғана енгізіп редакциялағанын айтты.«Өткен жылы Астананың тұсаукесер тойында әнші Бекболат Тілеуханов өзінің әнімен Нұрекеңнің сөзін сахнадан айтып шықты. Мен Нұрекең өзі жазған өлеңіне өзінің иелік еткенінен қуандым» деп жазады жауап мақалада Т. Молдағалиев.«Концерттен кейін фуршет басталар алдында залға кірген Нұрекеңді тойға келгендер бағанағы орындалған өлеңімен құттықтай бастады. Нұрекең залға қарап: «Әй, бауырлар, мен бұл өлеңді Тұманбаймен бірге жазғам. Тұманбай қайда, Тұманбай? Алдымен сол кісінің құттықтаңдар» деді. Мен ортаға шығып, Нұрекеңнің қолын алдым. Нұрекең маған: «Тұмеке, осы өлеңді екеуміз Парижден Алматыға ұшып келе жатып жазып едік қой. Соны айтыңызшы мына жұртқа» деді.Мен жұртқа қарап: «Нұреке, бұл өлеңді сіз жаздыңыз, мен аздап редакцияладым. Мен өмір бойы редактор болып жұмыс істеймін. Өзім редакциялаған жыр кітаптарына соавтор бола берсем, менің кітаптарым үлкен бір сарайға да сыймауы мүмкін. Өз жазған шығармаңызға енді өзіңіз иелік ете беріңіз. Маған қонған ақындық сізге де қонған о баста. Ән-өлеңіңіз құтты болсын» дедім. Әнім сен едіңӨлеңін жазған Т. МолдағалиевМузыкасын жазған Ш. ҚалдаяқовҚұрбым, жан құрбым, бала кезімнен,Бақыт көріп ем қара көзіңнен.Кеттің ұмытып, мүлдем ұмытып,Жібін үздің ғой нәзік үміттің. 2 ретТұрып қасында көрдім көктемді,Сонау  күндерден бүгін жоқ белгі.Шамын басқаның жақтың, аяулым,Сендей бақытты қайдан табармын. 2 ретӘнім сен едің кешке салатын,Содан жас жаным бақыт табатын.Тағы келді ғой құстар ән салып,Тұрмын оларды жалғыз қарсы алып. 2 ретБақтар гүлдеді біздің қырдағы,Жаңбыр жауды да көктем жырлады.Сенсіз таң атты, сенсіз батты күн,Тәңгі ұмыттың мені, шаттығым. 2 рет   ҚОШТАСУЕһ, Тұмағам, Тұмағам!Өлең үшін өкпе айтады кім оған.Жалғыз жырға автор болсақ деуші едік,Тұмағаңа тұтасымен ұнаған. Еһ, Тұмағам, Тұмағам!Күлімсіреп қараушы еді күн оған.Жүрегің де таза еді ғой күнәдан.Сенің сырың ортақ еді қазаққа,Шөлімізді бастық кәусар тұмадан. Еһ, Тұмағам, Тұмағам!Өлең көштің басында едің шұбаған,Биік едің дүдамал мен шүбәдан.Жырыңды оқып қуанады қазағың,Әніңді айтып жұбанады жылаған.  Еһ, Тұмағам, Тұмағам!Мәңгі-бақи жүретіндей дін аман,Саулығыңа болды сенің кім алаң.Сен есікті қақпай кіріп келуші ең,Сақтаулы еді әр үйдегі сыбағаң. Шырқау көкке шығып алып, құлады ән,Ажал мәңгі. Құтылады кім одан.«Кетерінде жылай да алмай қалыпты-ау»,Жырлау үшін жаратылған ұлы адам,Еһ, Тұмағам, Тұмағам!Жүрсін ЕРМАН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.