Мар?ак?л — ма?танышым 3 класс


Марқакөл Шығыс Қазақстан облысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. Көл Азутау және Күршім жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1449,3 м биіктікте орналасқан. Көлдің ұзындығы 38 км, ені 19 км және тереңдігі 27м. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулардың және әсем шыршалардың келбеті табиғатқа керемет көрініс береді. Марқакөл Алтайдың Азу мен Күршім жоталарының аралығындағы терең ойпатты алып жатыр.Ол теңіз деңгейінен 1485 метр биіктікте орналасқан. Марқакөл көлі- көптеген елдерге әйгілі. Көлге айналасындағы тау жоталарынан ірілі-ұсақты 27 өзен құйса, одан жалғыз ғана Қалжыр өзені ағып шығады. Көлдің оңтүстік жағалауы жарқабақты, солтүстігі-аласа, ұзындығы 38 метр, ені 19 километрге созылады. Ерте, ерте, ертеде шегі мен шеті жоқ ұлан-ғайыр далада қарапайым қойшы күнделікті әдетімен қой бағып жүреді. Бірде шөлдеген марқа қозы су іздеп, өз отарынан бөлініп кетеді. Ұзақ жол жүрген қозы жердің тесігін тауып алады да, су бар деген үмітпен еңкейе бергенде, аяғы тайып кетеді. Жүгіріп жеткен қойшы қозыны құтқармақ болып тартып ала бергенде, сол тесіктен су атқылап сала береді. Атқылаған су жер бетін жайпап, осындай әдемі өзен пайда болған екен. Аңыз осылай сыр шерткенімен, геолог мамандарымыз мұнымен келіспейді. Олардың тұжырымы бойынша, өзеннің жасы мал өсірушілерден әлдеқайда үлкенірек, оның пайда болу кезеңі – мұз дәуірімен тұспа-тұс келеді.Кейде Марқакөлді «Жүз өзен» деп атап жатады. Көлге 100-ге жуық шағын өзен мен бұлақтар келіп құяды, бірақ одан бір ғана Қалжыр өзені бастау алады. Жағалауын қайың, қарағай, шырша өскен орманды алқап алып жатыр. Балыққа бай (табан, сазан, аққайран, хариус,майқан, қарабалық, мөңке балық, т.б.), зоопланктонның 60 түрі кездеседі. Құстың ондаған түрі мекендейді. Ағаштар арасынан қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді және басқаларын көруге болады.Мұнда Марқакөл қорығы ұйымдастырылған.Бұл республикадағы 1976 жылы ұйымдастырылған ең жас қорық. Бұл қорықты ұйымдастырудағы негізгі мақсат- сирек кездесетін бағалы аңдарды, құстарды, өсімдіктерді, балықтарды қорғау; орман мен айдын көлдерін,тау өзендерін және әсем табиғатты табиғи қалыпта сақтау. Марқакөл қорығындағы тағы бір шипалы өсімдік-алтын тамыр, марал тамыр деген шөптесін өсімдік. Бұл өсімдіктің шипалық мәнін Қытай медицинасы ерте заманнан біліп,осы күнге дейін пайдаланып келеді. Қорық аң-құс түрлеріне өте бай. Онда сүт қоректілердің 40, құстардың 200 ден аса түрі мекен етеді. Ормандарында аю, түлкі, қасқыр,борсық,қоян,марал, тиын,құндыз,бұлғын құр көптеп кездеседі. "Қызыл кітапқа " енген қар барысы, қызыл қасқыр,жабайы мысық,сілеусін. Қос мекенділердің үш, бауырымен жорғалаушылардың алты түрі таралған. Көлде аққу бар. Марқакөл аң-құс түрлеріне өте бай. Онда сүт қоректілердің 40, құстардың 200 ден аса түрі мекен етеді. Ормандарында аю, түлкі, қасқыр,борсық,қоян,марал, тиын,құндыз,бұлғын құр көптеп кездеседі. "Қызыл кітапқа " енген қар барысы, қызыл қасқыр,жабайы мысық,сілеусін. Қос мекенділердің үш, бауырымен жорғалаушылардың алты түрі таралған.