Презентация проекта на тему ?зын шаш — ?ызды? к?ркі (2 класс)


«Теміртау қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Қолданбалы жоба «Ұзын шаш – қыздың көркі» Жоба авторы: 3 «В» сынып оқушысы Жумагалиева АлимаЖоба жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Исаева А.С. Теміртау қаласы. 2012 – 2013 оқу жылы Жобамыздың мақсаты: ұзын шаштың адам көркі екеніне көз жеткізу. Міндеттері:1. Ұзын шаштың адам көркі екенін дәлелдейтін әр түрлі ақын-жазушылар шығармаларын, әншілердің әндер жинағын жинастыру.2. Шашқа тағатын ұлттық әшекей түрлерін іздестіру.3. Жинаған әдебиеттерді талдау. 4. Өзіндік пікір, тұжырым жасау. Болжау: егер ұзын шаштың қазіргі заман талабында сән үлгісінен қалмаса, онда шашқа тағатын ұлттық әшекейлерді пайдалану арқылы ұлттық салт-дәстүрімізді сақтау, жаңарту. Өзектілігі: шаштың адам ажары екенін, оның сұлулық қасиетіне толы екенін жинақталған мәліметтер негізінде дәлелдеу. Зерттеу әдісі: тақырыбымды ашу барысында ауыз әдебиеті үлгілеріне шолу жасалды. Өзіндік тұжырым жасала отырып, салыстыру әдісі де қолданылды.  Нәтижесі мен қорытындысы: Бұл жұмыстың нәтижесінде ұзын шаштың әлі де сұлулық символы ретінде есептелетініне көз жеткіздім. Өз қатар құрбыларымның ұзын шаш өсіру жайлы ойлары белгілі болды. КіріспеХалқымызда қыз-келіншектің көркі – шаш, шаштың сәні – шашбау, шолпы деген. Әйел шашы қолаң шаш, сүмбіл шаш деп, өріміне қарай жалғыз бұрым, қос бұрым деп түр-түрге бөлінеді. Шаш күтімін, яғни оны тарауды, өсіруді, өруді үлкен тәрбие ретінде ұстанған. Қыздардың жас кезінде – ақ бұрымын айрықша күтімге алып, оны ұзын етіп өсіруге дағдыланған. Шаш өсіру дәстүрін қатал бақылап, қиюға тыйым салынған. Шашбау - қазақ зергерлері шашбауды негізінен күмістен қақтап соғады, ұшына теңгеден шұбыртпа тағылып, түсті шашақтармен әсемделеді. Шолпы. Күміс немесе алтын тиындар қадалған осы шашбауды «шолпы» деп те атайды. Бойжеткен қыз баланың жүрісін, қимылын түзеу үшін қоңыраулы шолпыны бұрымына таққан. Мен шашымды өте кішкентай кезден бастап өсіріп келемін. Тек 1-2 айда шашымның ұшын ғана сәл қиып отырамын. Ол шаштың дұрыс бұзылмай өсуіне жақсы әсер береді. Шашымды аптасына екі рет жуамын. Тек қана балаларға арналған сусабынмен жуынамын. Сол сусабын шашты ұйыстырмай тарауға көмектеседі. Шашымды жуып болған соң, бос жіберіп еркін кептіремін. Фен қолданбаймын, себебі ол шашты шамадан тыс кептіріп, шашқа зиянын тигізеді. Шашымды әр түрлі бағытта тараймын. Сол кезде бастың қан айналымы жақсарады. Ұзын шаш өзіме өте ұнайды, себебі неше түрлі етіп өруге, жинап түюге, шашқа арналған әшекей – бұйымдарды тағуға болады. Зерттеу бөлімі Шашым – менің мақтанышым Қорытынды Зерттеу жұмысымды қорытындылай келе шаштың қыз балаға үстеме сұлулық пен нәзіктік беретініне көзім жетті.Шашқа тағатын ұлттық әшекейлермен танысып, олардың жинағы жасалады.Ұзын шаштың адам көркі екенін дәлелдейтін әр түрлі ақын-жазушылар шығармаларын, әншілердің әндер жинағын жинастырдым.Шаш күтіміне байланысты өзімнің тәжірибеммен бөлістім.Сыныптастарымның пікірлерін тыңдадым, өзіндік сараптама жасадым.  Ұсыныстар Қазіргі қыздар шашқа лак, гельдер қолданбаса, себебі лак, гельдер шаштың дұрыс бұзылмай өсуіне кедергі жасайды; Шашты фенмен кептірмеу керек, оның да шашқа деген зияны бар.