Презентация Ж?мса? ойыншы?тарды ??растыру


«Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің технология пәнінің мұғалімі: Агадилова М.М. Жұмсақ ойыншықтарды құрастыру.Сабақтың тақырыбы: Мақсаты: Ойыншық деген ұғымға анықтама беру.Жұмсақ ойыншықтарды тігу үшін қандай мата түрлерін пайдалану керек.Жұмсақ ойыншықтарды дайындау әдісі.Жұмсақ ойыншықтар түрлері.Жұмсақ ойыншықтарды қалай күтеді? Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, түгендеу.Сабаққа дайындық.Өткенді пысықтау кезеңі:Үй тапсырмасын сұрау.Жаңа сабақ: Ойыншық дегеніміз не? Бұл сұраққа «ойыншық деген балалар ойнау үшін жасалған зат» деп жауап беруге болады. Әйткенмен, ойыншықтар балалар әлеміне, тіпті үлкендер әлеміне де тән зат. Демек, ойыншық ежелден келе жатқан қол өнердің бір түрі. Ерте замандағы ойыншықтың бір түріне қуыршақ жатады. Ең көне египет қуыршақтарына төрт мың жыл толған. Сол сияқты ежелгі Грек пен Римде де қуыршақтардың көптеген түрлері табылған. Жұмсақ ойыншықтар көбіне піл, қоян, аю т. б жан-жануарларды тігуге болады. Қолдан тігілген ойыншық кімді де қызықтырмай қоймайды. Сондықтан үлгі сызбасын қағазға түсіру арқылы қалдық матадан жұмсақ ойыншық жасаймыз. Жұмсақ ойыншықтарды тігу үшін:мата, былғары, тағы басқа жұмсақ материал қалдықтары, фурнитура-түймелер, ілгектер, ойыншықтың көзін, мұрнын салу үшін қолданылатын арнайы фурнитуралар, инелер (ойыншықтың көлеміне байланысты), қайшылар, біз, түймелер, картон (фурнитураны монтаждауға).тігінге арналған бор, сызғыш, үшбұрыш, метр, жіп, мақта, синтепон, паралон т.б.тоқи білсеңіз ойыншықтарды оңай, жеңіл жасауға болады. Ол үшін айылбас және инелер қажет. Оны дүкендерден алуға болады. Жұмсақ ойыншықтарды дайындау әдістері: пішуден тігуге дейін барлығын қолмен жасау;маманданған журналдар мен сайттардың кеңестері мен дайын үлгілерінің көмегіне жүгініп, бар нәрселерден ойыншық тігу;жұмсақ ойыншықтар тігу үшін дүкеннен арнайы материалдар жиынтығын сатып алу – онда мата, дайын үлгілер, ойыншық ішін толтыратын арнайы материалдар, фурнитура мен тігуге қатысты нұсқаулар, кейде құралдар да болады. Жұмсақ ойыншықтар түрлері: Жұмсақ ойыншықтарды қалай күтеміз?Жұмсақ ойыншықтардың әртүрлілігі соншалықты, оған тек балалар ғана емес, ересектер де қатты қызығады. Бәзбіреулер жұмсақ ойыншықтарды сән үшін ұстаса, бәзбіреулер оны қойнына алып жатады. Кейбіреулер жұмсақ ойыншықтарды жинауды ұнатады. Алайда, олар да ерекше күтімді қажет етеді. Қолмен жууЖұмсақ ойыншықтарды арнайы щетка немесе губкамен жуған абзал. Ойыншықтардың бөлшектерін (көздері, мұрыны) жуған кезде абай болу керек. Себебі, желімделген бөлшектер түсіп қалу мүмкін. Сабынсу немесе ағартқыш ұнтақты сумен араластырып, жұмсақ ойыншықтарды щеткамен ысқылап жуыңыз. Кейін батареяда немесе күн астында кептіріңіз.Кіржуғыш машинада жууЕгер де жұмсақ ойыншық затбелгісінде кіржуңыш машинаның суреті болса ғана оны машинада жууға болады. Балалар ұнтағын салып, 30°С температурада жуу қажет. Шайған кезде арнайы кондиционерді қолданыңыз. Кіржуғыш машинаға салынған жұмсақ ойыншықтар өз пішінін жоғалтып алуы мүмкін. Сондықтан да оны жуып болған соң, пішінін қайтару үшін дұрыстап кептіру керек. Химиялық жолмен тазартуЕгер де жұмсақ ойыншықтар қатты кірленсе, оны химиялық жолмен тазалау керек. Тұрмыстық жағдайда құрамында химиялық ерітінділер бар арнайы тазартқыш құралдарды пайдаланған жөн. Үлкен көлемді жұмсақ ойыншықтарды химиялық тазалау орталығының қызметі арқылы тазартқан дұрыс. Сабақты бекіту:Ойыншық деген не? Оны не үшін балалар пайдаланады?Ойыншықтарды қалай дұрыстап күтуге болады?Өз қолымызбен қандай ойыншықтар жасай аламыз?Бүгінгі сабақты бағалауҮй тапсырмасы: қонжық ойыншығын құрастыру