Жас химиктер (8 класс) презентации


Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы№2 орта мектептің химия-биология пәні мұғаліміҚұрманова Ханслу Жексенбетқызы Тақырыбы:“Жас химиктер” 8-сыныптарға өткізілген химиялық кеш Жоспары: 1. Әр топ өздерін қысқаша таныстырады2. Металдар айтысы3. Полиглот4. Ғажайып химия5. Шығармашылық жұмыс Металдар айтысы НатрийМен натрий,сілтілік жеңіл металмын,Өзім жайлы баяндауға бет алдым.Алуан түрлі қасиетім бойымдаҚосылысым сабынның да бойында.Бу түрінде сары түске енемін.Суыңды да айналдырам сілтіге,Су бетінде еріп жүре беремін.Мен ауаға сутекті де бөлемін.Тұздарыммен астың дәмін кіргізем,Сол арқылы зор пайдамды тигізем.Космоста да сары түсті буымменЗымыранды көз алдыңда жүргізем. МысЖеңілтектік бар екен мінезіңде,Салмағыңа сай екен мінезің де.Бізге кезек мақтанбай бер,натрий.Қажет металл өмірге бір өзің бе?Мен созылғыш жұмсақ металл мыс деген,Өмір бақи қолданыстан түспеген.Адамзатқа қажеттігім соншалық,Мені өндіріп алады ғой күшпенен.Табиғаттың орын алған төрінен,Ең әдемі қызғылт түспен көрінем.Екі түрлі валенттілік көрсетіп,Басқалардан ерекше боп бөлінем.Тағы айтарым:өте баяу тотығам,Қасиетімде байқалады осыдан.Жақсы өткізіп мен электр тоғын да,Өткізгіштер қатарына қосылам. Екі түрлі қола,жез қорытпам бар,Оны жақсы біледі қорытқандар,Қола медаль алған да жаман емес,“Алтын алу қайда” деп торықпаңдар.Таулы Алтай,Жезқазғаннан шығамын,Жауап берем және бар ма сұрағың?Мекен- жайым Менделеев кестесі,29-шы тор көзінде тұрамын. АлюминийАлюминий атым бар ,өзім жеңіл, Металмын ие болған төзімге бір.Коррозия дегеннен қорықпаймын,Тотықпас қасиет бар өзімде бір.Қолданылам электр желісінде,Осы менің негізгі жеңісім де.Жарқыратып әр үйге жарық берем,Бағалымын адамға сол үшін де.Үш валентті элементпін тумысымда,Вольфрам, мен сияқты құндысың ба?Өндірілем Кереку зауытынан,Қолданылам халықтың тұрмысында. ВольфрамАлюминий,артықтау бөсіп кеттің,Алды артыңды байқамай есіп кеттің.Сырың мәлім, түбі бір туыс едің,Өтірікпен жолымды кесіп кеттің.Өтірік «жарық берем» дегенің не?Одан да «тоқ жеткізем» демедің бе?Жоғары температураға төзбей тұрып,«Жарық берем» дейсің- ау сенемін бе?Мен - вольфрам риза еткен халықты,Нұрға бөлеп үй,көшені,зауытты,Электр шам балқып тұрып ішінде, Мен емес пе шығаратын жарықты.Табиғатта өте сирек кездесем,Қараңғыда менсіз жарық көрмес ең.Жарық берген инертті газ екеуміз,Ғалымдардан сұра,маған сенбесең. ТемірЖер әлемге кең тараған темірмін,Өндірістің тұлғасы боп көріндім.Қара металл патшасы боп танылдым,Иесімін өте үлкен сенімнің,Қарпайым үйдегі тұрмыстарда,Дамып жатқан ең алып құрылыстарда.Мені білмес адамның баласы жоқ,Мен қатыспас техника саласы жоқ.Тарихымның тамыры терең жатыр,Египет пен Индиядан келе жатыр,Шойын,болат,прокат құймаларымЗамананың дамуын демеп жатыр. НикельНесіне,темір батыр,мақтанасың?Шыдамай коррозияға таттанасың?Болсаң да қанша мықты кең тараған,Тотықсаң шіріп сенде жоқ боларсың.Кәдімгі мен боламын никель деген,Адамдар қажетіне икемдеген.Өзіндік әр металда қасиет бар,Соларды,оқырманым,білсең деп ем.Қажетті зат жерде бекер жатпайды,Менімен де металл бетін қаптайды.Тотықпайтын қасиетім арқылыТемірді де коррозиядан сақтайды. Күміс Мен күміспін,асылмен барабармын,Ақша болып қоғамда дараландым.Бұйым жасап зергерлік мына менен,Ерекше боп мәртебем бағаландым.Менің емдік қасиетім тағы да бар,Мүмкін болса күміс қасық тауып ал.Сол қасықтан иондарым бөлінген,Ішкі ағзаңа шипагер боп табылар.Әрбір айтқан сөзімді ақтай алам,Бұзылудан суыңды сақтай алам.Тұрмыста да ,өмірде де мен өзімді,Қай жағынан алсаң да мақтай алам. Жарыста, топта озғанда ,Тағады мені төсіне,Алтыннан басқа алдыма,Түсетінің жоқ шығар, Мақтанайын несіне . АлтынМақтана бер,мақтана бер,күмісім,Алтын ағаң қоштағанда інісін.Кетпе,бірақ ұмытып сен, жарқыным,Ардақтымын жасыңа да,кәріңе,Дүниенің менмін көркі,әрі де.Толықсыған толған айдай, жарықпын,Өлшемімін барлық баға,нарықтың.Бар базардың әлемге ортақ тілі мен,Даңқ болып омырауға да ілінген. МырышКүмісжан,жараспайды безілдеуің,Ерекше мақтадың ғой өзіңді - өзің.Басқада бар қасиет менде де бар,Келді енді сөйлейтұғын менің кезегім.Жарайды,өзіңдің - өзің мақтап ақ қой,Мақтану сірә сізге жаққан ақ қой.Цинкпін,латынша цинкум дейді,Қазақша мағынасы «ақ қабат» қой.Металл көп жөнді жөнсіз мақтанатын,Көбінде бар кемшілік тоттанатын.Соларды таттанудан сақтап жүр ғой,Сыртынан мына менің «ақ қабатым».Өндіріледі атақты Текеліден,Қазыналы Текелі мекенінен.Қорғағыш қасиетім бойынша мен,Қалмаймын никель,хром екеуінен Полиглот Жеті жұрттың тілін біл Өзім газбын менімен демаласың,Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың. Ертеден белгілі жетеудің бірімін,«Электроника саласында» ірімін.Көптеген құймаларға кіремін,Әдемілігім жөнінде алтынмен тең жүремін Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді,Салмақты адамды мақтауды да келістіреді. Машина мен трактордың жаны ,Қара металлургияның наны. Өзі ауыр металға жатады,Балалар осы металл құйған сақамен атады. Осы затпен ескі үйді аластайды,Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды. Атыма менің затым сай,Сәндік бұйым қорымын.6-қабатта тұрсам да,Жалқаулықтың торымын. Бірінші бөлігі көп емес,Екінші бөлігі тілсіз жау Ғажайып химия 10 20 30 40 10 20 30 40 10 20 30 40 Химия пәні нені зерттейді? Жауабы артқа Химия пәні нені зерттейді? артқа Химия-заттарды, олардың қасиеттерін, соның ішінде өзара айналуларын зерттейді Химияның міндеті қандай? Жауабы артқа Химияның міндеті қандай? артқа Заттарды қолдану үшін қасиеттерін айқындау, адамдардың сұранысына қажет заттар алу, табиғи қорларды тиімді пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау Зат массасының сақталу заңын ашқан кім? Жауабы артқа Зат массасының сақталу заңын ашқан кім? артқа М.В.Ломоносов Атом-молекулалық ілім ненің жиынтығы? Жауабы артқа артқа Атомдар мен молекулалар туралы мағлұматтардың жиынтығын атом- молекулалық ілім деп атаған. Атом-молекулалық ілім ненің жиынтығы? Валенттілік дегеніміз не? Жауабы артқа артқа Валенттілік – химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қасиеті Валенттілік дегеніміз не? Химия ғылым ретінде қай ғасырларда қалыптасты? Жауабы артқа артқа ХІХ – ХХ ғасырларда Химия ғылым ретінде қай ғасырларда қалыптасты? Химиялық реакция теңдеуін аяқтаңдар:Са(ОН)2+НСl= Жауабы артқа артқа Cа(ОН)2+2НCl=CаСl2+2Н2О Реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіріңдер Na + O2 → KOH + H2SO4 → Жауабы артқа артқа 4Na + O2 → 2Na2O 2KOH + H2SO4 → → К 2SO4 + 2H2O Оксидтер дегеніміз не? Жауабы артқа артқа Оксидтер – біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыстар Оксидтер дегеніміз не? Алюминий (ІІІ) гидроксидінің құрамындағы элементтердің массалық үлесі қандай? Жауабы артқа артқа Массасы 20,8г ВаСl2 Н2SО4пен әрекеттескенде тұнбаға түсетінВаSО4 массасын есептеңдер Жауабы артқа ВаСl2+Н2SО4=ВаSО4+2НСl208г ВаСl2 -233г ВаSО420,8г –ХгХ=23,3г артқа 20г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің массасы қанша? Жауабы артқа артқа 2Ca + O2 = 2CaO 80г 112г 20г Х г Х = = 28г СаО Шығармашылық жұмыс 8а – «Ауа экологиясы» 8ә – «Су экологиясы» 8б – «Өсімдік экологиясы» 8в– «Экологияның адам денсаулығына әсері»8г – «Жан-жануарлар экологиясы»