Д?ние ж?зі тарихы Жапония презентация


Жапония МәліметЖапония күншығыс елі Бұл ел шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 6852 аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю. Жер аумағы 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы — Токио қаласы. Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония — бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синто және будда діндері. Құрылу тарихыЖапон жеріндегі алғашқы тайпалық бірлестіктер III ғасырда қалыптаса бастады. Елдің неғұрлым күшті дамыған оңтүстік-батысы VII ғасырда орталықтандырылған жапон мемлекетінің қалыптасуына негіз болды.  Алғашқы астаналардың іргетасы Осака шығанағының жағалауында қаланған.. ГеограграфиясыЖапон аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатыр. Жапонияның солтүстігінде, әсіресе Хоккайдо аралында, қар қалың түсіп, қысы едәуір суық болады, ал оңтүстігінің, Рюкю аралдарының ауа райы тропиқалық климатқа жақын. Жапония – негізінен жылы әрі күн шуақты ел, алайда оның климаты әжептәуір ылғалды болып келеді.Жапон аралдарының бүкіл ауданының алтындан бес бөлігіне жуығын қалың орманды, жартасты таулар алып жатыр. Ең биік тауы – Фудзи тауы. Ол – сөнген жанартау. Фудзиді жапондар киелі тау деп есептейді. Жапонияда толып жатқан сөнбеген жанартаулар, көптеген шипалы арасандар (ыстық бұлақтар) бар. Мұнда жер сілкіну жиі болып тұрады. ТабиғатыЖапония аралдарының жан-жағын Тынық мұхит пен оған кіретін Жапон, Охота, Шығысында Қытай т-дері қоршаған. Жерінің көп бөлігі таулы-қыратты болып келеді. Неғұрлым ірі таулары: Хидака мен Китами (Хоккайдо аралында), Оу, Эчиго, Хида, Кисо, Аканши (Хонсю аралында). Бұл тауларда сөнбеген жанартаулар әлі де көп. Ең белгілісі — Хонсю аралындағы 3776 м биіктікте орналасқан Фудзияма жанартауы. Елде жиі-жиі жер сілкіністері болады және мұхит жағалауларында цунами желі үнемі соғады. Жазық жерлер аз, ірі жазықтары Канто немесе Токио жазығы (Хонсю аралында), Ишикари (Хоккайдо аралында). Климаты муссонды. Территориясының басым бөлігі — субтропикалық белдеуде, солтүстік — қоңыржай, оңтүстік — тропикалық белдеуде орналасқан.  Самурай Самурай немесе жауынгер«Самурай» сөзі saberu етістігінен шығады, тура аудармасында «қызмет ету, қолдау» деген мағына береді, яғни жапон императоры мен жапон халқына қалтқысыз қызмет ету; Самурайлар — тек әскери жауынгер ғана емес. Олар өз қожайындарына оққағар ретінде қызмет етумен қатар күнделікті шаруаларына да араласып отырған. Самурайлық атадан балаға қалып отырды. Барлық самурайлардың жер иеліктері және оған қызмет ете­тін шаруа отба­сылары болды. Самурай тек әскери жат­тығуларды жетілдіру­мен ғана айналысты. Шаруалар олардың егінін екті, малын бақты, үйін салды. Ал самурай өз кезегінде шаруаны қорғады.Алғаш самурайлық жүйе 1100 жылдары пай­да болды. 1192 жылдары Жапонияны би­леген шогун Миномото Еримото са­му­райлықты қалыпты жүйеге түсірді. Шогун – бас министр, әрі мемлекеттің әскери бас­шысы және императордың кеңесшісі қыз­метін атқарды.  Токио Токио қаласыТокио  — Жапонияның астанасы, әкімшілік, қаржылық, мәдени және өндірістік орталығы. Хонсю аралының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Канто жазығында, Тынық мұхитындағы Токио шығанағының мүйісінде орналасқан. халық саны 12,544 млн адам, ауданы — 2 187 км², халық тығыздығы Жапония префектуралары ішіндегі ең жоғарысы — 5 740 адам/ км². Токио — Нью-Йорк және Лондонмен қатар әлемнің қаржылық орталықтарының бірі. Сонымен бірге, Токио — әлемдегі ең экономикалық дамыған Қала.  Назарларына рахмет достар