План-конспект урока по истории Казахстана на тему ?аза? ханды?ыны? бас?ару ж?йесі (7 класс)


Қазақ хандығыҚазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік –экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Тарихи әдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап , Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар. 1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды. Берілген мәтінді оқып, етістіктерді табыңыздар Абылай хан Әбілмансұр – қазақ халқының ұлы ханы, қолбасшы және дипломат. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Абылай 20 жасында хан майданда ерлігімен танылады. 1730 -1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға “Абылайлап” шапқан Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылады, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылай хан (1711-1781) Мәтіннен салт етістікті бір бөлек, сабақты етістікті бір бөлек көшіріп жазыңдар 1771 жылы Абылай Түркістанда бүкіл Қазақ Ордасының ханы ретінде ақ киізге көтерілді. Қытай императоры, Жоңғария хандығы, Орта Азия мемлекеттері Абылайды бүкіл қазақ халқының ханы деп ресми түрле таныса, оның беделінен сескенген Ресей мемлекеті Орта жүз ханы ретінде ғана құрмет көрсетіп отырған. Қазақ Ордасын бөлшектеуді көздеген. Бұл кезеңде Абылай Қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырады. Төмендегі жұрнақтар арқылы туынды етістіктер жасаңыздарАй, -ей,- ық, -кер,- гер,-қар, -ар,- ер, р Берілген сөздерден өздік етіс жасаңыздарҚи, көр, қыс, жаз, кер, жу, қара, тара, қос, бер, сөз, сыла Берілген сөздермен ырықсыз етіс жасаңыздарСал, қой, апар, ал, айт, қос, бекі, тарт, баста, қала. Берілген етістіктермен өзгелік етіс жасаңыздарАйт, қал, кел, жүр, отыр, ал, тыңда, өрле Мына сөздерден ортақ етіс жасаңыздарСөйле, бөл, ал, айт, біл, сұра, аралас Негізгі және туынды етістіктерді бөлек көшіріп жазыңдар. Қасында бір жанашырлар барын сезініп, Жабайдың құлазып жатқан жан жүрегі де жылынып кетті. Түйіліп те,күйініп те қарады. Сүзіліп те, кірпік астымен қылымси қарап та көрді, жаттықты, машықтанды. Туынды етістіктерді тауып жазыңыздар Қыз кенет ойланып қалды. Елден келген адамдарға жолығамын. Ел өртенеді мына бүліктен. Ішінен жәбірленсе де, үндемей оңай көнді. Болымсыз етістіктерді туып жазыңыздар. Нанарын да, нанбасын да білмей, аңырып қалды бәрі. Күздігүні жыртып тастауға қол босамады. Еріншектің ертеңі таусылмайды. Жылқыда өт болмайды, құста сүт болмайды. Бірақ Қараша қалатын емес Есімшелерді табыңыздар. Көкшенің көлеміндегі сұлу жерден оның араламағаны болған жоқ. Көкшені анасындай сағынатын еді. Көп жасаған емес, көп көрген білер. Еңбегің жанса, оған да көнерсің. Көзінің аласы үлкейіп, өңі күрең тартқан. Көсемшелерді табыңыздар. Көп күн өтіп кетті ғой сен кеткелі. Тәжімұраттың ес білгелі етегінен ес білгелі етегінен ұстап келе жатқан бір қағидасы бар еді. Нағима тамақ асып, табаны жерге тимей жүгіріп жүр. Жанар орнынан тұрып, төр жақтағы бөлменің есігін ашып еді, Шынтас шешініп жатып қалыпты. Сөйлемнен тұйық етістіктерді табыңыздар.Қарғитын бала қарама –қарсы отырған балалардың арасынана секіріп-секіріп өтуге тырысады. Сол ойы Игіліктің осы үйге келіп түсуімен де келіп шиеленісіп еді. Жүріп-тұруға өте құмар. Шілдертіге салт барып қайтудың өзі рақат. Етістіктерді райдың түріне қарай ажыратыңыздар. Амантайдың жігітке көмектескісі келеді. Ұзақ түн аңдысаң, алмай қоймайсың. Көңіл тойса, тамақ тоятын. Менің аралап қайтқым келеді. Асқардан келген жұмыс болса, оның соңына итбайдың жарық ап түскісі келді.