Мен эколог болсам… та?ырыбында?ы сыныптан тыс ж?мыс презентациясы


Мақсаты : Оқушылардың экология туралы түсініктерін кеңейту , қоршаған ортаны қорғауға баулу , білімдерін тереңдетіп , таным белсенділіктерін арттыру. Күтілетін нәтиже : Оқушылар экология ілімі және еліміздегі экологиялық жағдайлар туралы біледі және өз ойларын жеткізе алады.  Ой қозғау . «Біз не білеміз ?»«Экология» дегенді қалай түсінесіңдер ? Бұл терминді 1886 жылы неміс биологы Эрнест Геккель енгізді. Ол гректің “ойкос” – үй , мекен , “логос” – ғылым деген сөзінен алынды. Экология – тірі ағзалардың айналадағы ортамен қарым-қатынасы туралы ілім. Экология ортаның өсімдіктер мен жануарлар ағзаларына, сондай-ақ олардың ортаға тигізетін әсерін зерттейді. Бейнеролик “Әлем экологиясы” “Менің айтар ойларым” Қазақстан экологиясы туралы не білеміз? “Шырақ сырын өзің аш ” Жаңалықтар жәрмеңкесі : А) Арал экологиясы (Ғалымдардың пікірі)В) Байқоңыр ғарыш айлағы (Жаңалықтар)С) Қазақстан экологиясы (Таныстырылым слайд) Қазақстандағы табиғатты қорғау шаралары мен заңдары туралы не білеміз ? Қазақстанның табиғатты қорғау жөніндегі заңдары. 1918 жылы табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды.1962 жылғы 16 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақстан табиғатын қорғау» туралы Жарлығы шықты. 2003 жылы 3 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2004–2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Жарлығы қабылданды. Табиғатты қорғау шаралары Біздің елде «Қызыл кітап» 1978 жылы ұйымдастырылған. 1997 жылы 15 шілдеде ҚР –ның “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” Заңы қабылданды.Қазақстанда 10 қорық , 12 ұлттық саябақ , 80 қорықша жұмыс жасайды.Қорықтар саны жөнінен ТМД бойынша 13 орында . Қазақстанда 26 табиғат ескерткіші бар. Дүниежүзілік экологиялық ұйымдар «Робин Вуд» – германиялық жастардың «қышқыл жаңбырларға» қарсы күрес жүргізетін экологиялық қоғамы.ВОЗ – Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Ғаламшардағы адамдардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәселесімен және медициналық қызметкерлердің білімімен айналысады.МСОП – Халықаралық табиғатты қорғау және табиғат ресурстары ұйымы.ВФОП – Бүкіл дүниежүзілік табиғатты қорғау қоры. Дүниежүзілік фауна мен экожүйені сақтау проблемасымен айналысады; халықаралық жастар курсын, лагерлер мен табиғат қорғау клубтарын және т.б. шараларды ұйымдастырады. Дүниежүзілік экологиялық ұйымдар ВВФ – ғаламшар тоғайларын қорғаудың халықаралық интернационалды жастар қоры; Даниядағы жастардың «жасылдар қозғалысы» – Некст стоп.Гринпис («Жасыл әлем») – бүкіл дүниежүзілік табиғат қорғау ұйымы. 1970 жылы құрылған. 17 мемлекетте топтары бар, 2,5 млн адам мүше.ФАО – Біріккен Ұлттар Ұйымының ауыл шаруашылық және азық-түлік проблемаларымен айналысатын органы. Өзінің тікелей міндетінен басқа жануарлар дүниесі мен ормандарды қорғау ісімен және қоғамдық табиғатты қорғау ұйымдары мен ұлттық парктердің қызметкерлерінің білімі мәселесімен айналысады. Біріккен Ұлттар Ұйымының атаулы күндері 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні;17 маусым – Дүниежүзілік шөлейттену және құрғақшылық пен күрес күні;6 тамыз – Дүниежүзілік ядролық қаруға қарсы күн;16 қыркүйек – Дүниежүзілік жануарлар-ды қорғау күні. Егер сіздер эколог болсаңыздар , өлкеміздің табиғатын қорғау жолында қандай шаралар ұйымдастырар едіңіздер ? Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ. Назарларыңызға рахмет !