Сыныптан тыс ж?мыс : Елім мені? 8 сынып?а


Ә. Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі КММХимия пәнінің мұғалімі: Ахметова Тәттігүл Теміржанқызы
“Елім менің” танымдық-зияткерлік сайысы

Мақсаты: оқушылардың патриоттық сезімдерін, өз еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, тәуелсіздіктің 24 жылдығына сәйкес оқушылардың өз еліне деген құрмет көрсету құндылықтарын қалыптастыру, 8 сынып оқушыларының химия пәнінен І жартыжылдық бойынша игерген білім деңгейін анықтау, Отанына деген мақтаныш сезімін туғызу, өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу. 
Топтарды таныстыру“Атом” тобы“Молекула” тобы Сайыс кезеңдері:«Тарих тағлымы» «Білгенге маржан» «Бейнесауал» «Полиглот» І. “Тарих тағлымы”Қазақтың қай қаласында түркі руна жазуы табылды? Қазақтың тұңғыш филология ғылымдарының докторы атанған ғалым кім?Қазақстанның Тәуелсіздігін алғаш мойындаған ел?2000 жылы Сидней олимпиадасынан жеңіспен оралып, көп ұзамай қайғылы қазаға ұшыраған қазақ боксшысы

ІІ. “Білгенге маржан” “Атом” тобына сұрақ : Алдарыңызда тұрған қосылыстардың қайсысы ас тұзының, әктастың формуласын көрсетіңдер.“Молекула” тобына сұрақ: Осы заттардың ішінен «ас содасының», судың химиялық формуласын табыңдар?
ІІІ. “Бейнесауал” Франция императоры Напалеон Бонапарт өлімінің себептері 1955 ж зерттеле бастады. Өлімнің себептерін зерттеген ғалымдар осы элементтің әсерінен деп есептеген. Алғашқы қорытындыларын шығарған соң Форшвуд жер аударылған император организмінде осы элементтің қандай дозада берілгенін зерттеген. Зерттеу нәтижелері бойынша император шашының 1 грамына 10,4 микрограмм осы элементті тапқан. Бұл элементтің мөлшері император организмінде қажетті мөлшерден 15 есе артық екенін анықтаған. Ол элемент Менделеев ұсынған периодтық жүйенің 5 тобының негізгі топшасында орналасқан. Бұл қай элемент?Жауабы: Мышьяк
Бұл элемент барлық тірі организмнің құрмына кіретін маңызды элемент. Ферменттердің, дәрумендердің және нуклеин қышқылдарының құрамында болады. Бұл элемент болмаса хлорфилл түзілмейді, онда өсімдік жапырағы көмірқышқыл газын сіңіре алмайды. Өсімдікте, жапырақта қара қошқыл жасыл, қара дақ пайда болып, өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды. Бұл элемент тыңайтқыш құрамына енсе, жемістің сапасы жақсарып, өнімі артады. Бұл элемент Менделеев ұсынған периодтық кестенің 5 тобының негізгі топшасында орналасқан. Бұл қай элемент?Жауабы: фосфор
IV. “Полиглот” “Атом” тобына: 1. Қалауың тапса, .... жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» /қар, снег, snow/2. «....... көрсе, періште жолдан таяды» /алтын, золото, gold/ 3. «.... қорқақ, қол батыр» /көз, глаза, eуеs/


“Молекула” тобына:Бұлбұл гүлзарын сүйеді, Адал ......... Отанын сүйеді. /адам, человек, person /2. «Ел боламын десең ......түзе» /бесік, колыбель, cradle /3......- адамның арқауы /ас,пища, eating /


Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры мықты, еліміз тыныш, жас ұрпақ бақытты болсын. Әр қайсымыз Отанымыздың одан әрі дамып, көркеюіне өз үлесімізді қосайық. Баршаңызды Тәуелсіздік күні мерекесімен кұттыктаймыз! Білімі мен біліктіліктерін сынаған сайыскерлерге, төрелік жасаған әділ қазыларға, жанкүйер болған тыңдармандарға үлкен рахметімізді айтамыз!