Презентация та?ырыбы: Білім беруге заманауи ?дістемелер мен тиімді педагогикалы? технологияларды ендіру


С.Сейфулин атындағы №20 мектеп-гимназияОңтүстік Қазақстан облысыСайрам ауданы ауданыАқсукент ауылыТәуелсіздікгімізге-25жылдық


style.opacity Тақырыбы: Білім беруге заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында » Н.Ә. НазарбаевҰстанымы:

ХХІ ғасыр–ғылым мен жаңа технологияның жаңарту ресурсының дамыған кезі. Бүгінгі білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру – ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі. Сонымен қатар сындарлы оқытудың пайдасы өте зор. Мектеп оқушылары диалогқа түсіру арқылы сыни ойлауына және зерттей біліп, бір шешімге келе білулеріне ұстаздың шеберлігі жоғары болу керек.Кіріспе
ppt_xxshearppt_x Дамушы білім беру ортасы орта білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы жүйесіндегі жаңа технологиялардың алатын орны, сабақта түрлі техниканы және оқушылардың қызығушылықтарын арттырудың заманауи интерактивті әдіс-тәсілдердің қолданудың тиімділігі мол.«Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен жөн»  Г. Галилей
ppt_xxshearppt_x Американ профессоры Дэвид Клустер «Сыни тұрғыдан ойлау–өзіндік, жеке ойлау. Ал сабақ сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін, бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біреу үшін біреу сыни ойлай алмайды, әркім барлығын өзі үшін жасайды. Ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып табылады. Өз бетінше жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек» деген екен. Сондықтан да мен оқушыларды ойландыратындай ашық сұрақтарды көбірек пайдаланғанды       жөн   көрдім. Сындарлы оқыту теориясындағы жетістікке жетелейтін жеті модульдер-дің бірі «Cыни тұрғыдан ойлауға үйрету» басқа модульдермен де тығыз байланысты деп есептеймін. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді, яғни метатаным пайда болады, өздері үдеріс барысында ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Мұғалім оқушыға  қалай оқу керектігін  үйретеді, ал бұрынғы дәстүрлі оқыту  процесінде мұғалім  білімді беруші  болған болса, жаңа оқыту үдерісінде мұғалім бағыттаушы болып табылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер – оқушы болды. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғара отырып, жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ – жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады.  «Cыни тұрғыдан ойлауға үйрету»
ppt_xxshearppt_x
Сабақтарымда жаңа заман талаптарына сай түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын«Блум түймедағы», «Білім биржасы», «Аквариум», «Постер»«Ыстық орындық», «Блум текшесі»«Ақылдының алты қалпағы», «Трибуна» «Сен маған, мен саған», «Өрмекшінің өрмегі»«Ақыл добы», «Даналық ағашы»



«Балық сұлбасына» және өз қиялдарынан әр түрлі постерлер салып, оны қорғай білу дағдылары қалыптасып келе жатыр. Оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде идеялармен пікір алмасып, болжамдар ұсынып, талқылап, диалогтің зерттеушілік әңгімесі іске асты. Оқушылар зерттеуге үйреніп, бір шешімге келуге үйренгенін байқадым.
«Блум текшесі» әдісін қолданғанда «Қандай?» «Не үшін?» «Неліктен?» деген сұрақты ашық сұрақтарымен оқушылар толықтыра білді. Ол әдістің оқушылардың сыни ойлай білуіне септігін тигізеді. «Балық сұлбасына» және өз қиялдарынан әр түрлі постерлер салып, оны қорғай білу дағдылары қалыптасып келе жатыр. Оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде идеялармен пікір алмасып, болжамдар ұсынып, талқылап, диалогтің зерттеушілік әңгімесі іске асты. Оқушылар зерттеуге үйреніп, бір шешімге келуге үйренгенін байқадым. «Ақылдының алты қалпағы» - Эдвард де Боно әзірленген әдістеме, ол әр-түрлі шешімдердің ішінен ойды бір мәселе төңірегіндегі шоғырландыруға мүмкіндік беретін қатарласып ойлау үдерісі болып табылады.[1. 73-бет] Бұл әдісті қолдануда оқушылар фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде бере білуге; ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіруге; оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар,  ұсыныстарды бере алуға; жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар және жоғары деңгейдегі  жалпы көзқарастарды, білдіріп қорытындылай білу дағдылары қалыптасты.  Диалогті оқытудың маңыздылығы оқушыларды терең ойлауға, сынып ішінде топқа бөлу, сандық бағалау емес сапалы бағалау жүйесіне және әр оқушыға жақындай түсуге мүмкіндік туды. Диалогтық интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті ойлауына әсер етеді. Диалогтық қатынаста сұрақ түрлерін қою түрлерін қолдану маңызды әрекеттеріміздің  біріне айналды. Себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.    Диалогті оқытудың маңыздылығы
ppt_xxshearppt_x Топтық жұмыс арқылы «оқушы мен оқушы» арасында, «оқушы мен мұғалім» арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алды. Сабақта «үнсіз» оқушылар да сөйлеп кетті, олай дейтін себебім, мотивациясы төмен оқушылардың өзі тым болмағанда постермен жұмыс жасау барысында сөйлемесе де, сызбамен көмектескеніне көзім   жетті. Сабақтың барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін, соның ішінде ұтқырлық, сыңаржақтылықтың болмауы, пайым, тәртіп, өзіндік сана сезім секілді ерекшеліктерге мән бере отырып, сабақ барысында әрдайым оқушылардың белсенді болуға, дәлелдерді талдай алуға, мағынаны анықтау үшін саналы  түрде стратегияларды қолдана  алуына мүмкіндіктер мен жағдай жасауды қамтамасыз етуді мақсат тұттым.   Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауға берілген тапсырмаға қол жеткізу үшін топ ішінде талқылауға арналған ортақ сұрақтар бойынша жұмыс жасап, оқушылармен бірге ойланып, сол тапсырманы шешуге арналған ой-пікірлер  айтып талқылады, бұл диалогтық оқыту оқушылардың  өз ойын еркін жеткізуіне  ықпал  жасап,  сабаққа қызығушылығымен қатар  өз ойларын толық жеткізуге көп көмегін тигізді. Оқушылар топта тапсырманы орындау кезінде бірінің сұрақтарына бірі жауап беріп, бірін-бірі үйретіп жатқанын көрдім. Сонда байқағаным оқушылардың менің түсіндіргеннен гөрі өздерінің бірін-бірі оқытқан кезде ақпаратты тез қабылдайтыны. Бірте-бірте оқушылар арасындағы сенімсіздік, үрей сейіліп, сабаққа деген ынтажігері ояна бастады. Әрине топтық жұмыс болған кезде оқушылардың барлығы қамтылып, біреуі сурет салса, біреуі тақырыпқа қатысты сөздерді тізбектесе, енді біреуі қорғауға дайындалып жатады.
style.rotation
Менің бір ой түйгенім оқушыларға қосымша тапсырманы берген сайын оқу-шылар әр қырынан көрініп, бір жағынан оларды ғылыми зерттеуге бағыт-таудың бір сатысына көтерудің қадамы сияқты боп көрінді. Негізі модульдер өзара тығыз байланысты. Тығыз байланысты дейтін себебім, мысалы сыни тұр-ғыдан ойлауға үйретпесек, олар өз-өзін қалай бағалайды? Шульман айтқандай, мұғалімнің үш көмекшісі бас, қол, жүрек демекші, егерде шын ниетімен мұға-лім оқушыны марапаттап, қолдап жатса, бала бәрін де сезеді. Ол да сізге солай қарым – қатынас жасайды екен. Қандай ұстаз болса да  оның бастапқы  мақсаты алдындағы оқушыны алға жетелеу, ал бағдарлама бізге дайын жол салып беріп отыр. Біз енді сол жолмен жүрсек, сыни тұрғыдан ойлап, алған білімін өмірінде де пайдалана алатын оқушы тәрбиелейтініміз   анық.
style.rotation
Қорытынды  Дамушы білім беру ортасы білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы  оқытудың әр сатысында мұғалім мен оқушының іс – әрекеті бір-бірімен үйлесімін табу керек. Мұғалім оқыту процесін жоғары деңгейде ұйымдастырып, шеберлікпен тиімді пайдалана білсе,  оқыту барысында алдына қойған мақсатына жетіп, нәтижесі де жоғары болмақ.