Презентация, д??гелек ?стел М??алім ?дебі


Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданыЖББ Амангелді орта мектеп-балабақшасы Дайындаған: Койшыгалиева В.Х. Жуминова Э.М (Әдістемелік бірлестік жетекшілері)“Мұғалім әдебі”(дөңгелек үстел) І. Тренинг “Сыпайы сөздер және есім”«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім –мектептің жүрегі »Ыбырай Алтынсарин ІІ. Түстер бойынша топқа бөлу ІІІ. Пікір алмасу“Мұғалім әдебі деген не, сіз оны қалай түсінесіз?” Әдеп – белгілі бір халықтың қалыптасқан этикалық тәртібі.Педагогикалық әдеп – оқытушының аса бағалы педагогтық  қасиеті, бұл қасиет оған педагогикалық әсер ету құралдарын қолданған кезде өз эмоцияларын білдіру шамасын көрсетеді. Мұғалім сахнадағы актёр сияқты әрқашан көз алдыңда жүреді.Қарым – қатынас тұрғысынан педагогтық әдеп мұғалімнің жан – жақтылығын,  идеялық сенімінің, жүріс – тұрыс мәдениетінің, арнаулы білімінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістерінің қоры, яғни ақыл – ойының көрінісі. Педагог ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мұғалім мәдениеті мен шеберлігі, интеллектуалдығын төмендегідей бөліктермен анықтауға болады: 1. Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті; 2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі; 3. Мұғалімнің мимика және пантомимо ишараларын (жест) мәнерлі негіздері; 4. Мұғалімнің мәдениеті, әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, демалу, дауыс дикциясы, интонациясы.  Балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға кірікттіріп пайдаланудың өзі педагогтық әдеп болып табылады. Әдепті мұғалім ересек адамдармен қалай сыпайы және ілтипатты сөйлессе оқушылармен де солай, тек ересектерден гөрі сақ және ықыласпен сөйлеседі. Педагогтың әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік әділдік, төзім мен сабыр сақтау қасиеттерімен өлшенеді. Сондықтан да ұстаз ұрпақ тәрбиелеудегі қоғам сенген адам. Қазіргі біздің заманымыздың 21 ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар мынадай: - Мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман болу қажет; - Мұғалім білім негіздерін өз беттерінше оқып, үйренуге оқушыны баулуға міндетті; - Мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс; - Мұғалім-педагогикалық үрдісте баламен ынтымақтаса қызмет ету керек; - Педагог әрқашан өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті;  V. Сауалнама “Кекшілсің бе?” Мақсаты: Бұл тест сіздің адамдармен қарым қатынастағы қаншалықты кек сақтауыңызды сынайды. Сұрақтарға жауап бере отырып, өз проблемаңызды біреуге арттырып қоясыз ба әлде өзіңіз шешесіз бе? Сіз әдетте өзіңіздің проблемаларыңыз бен сәтсіздіктеріңізді әріптестеріңізге айтасыз ба?А) жоқ, бұл маған көмектеспейді - 3Б) иә, бірақ бәріне емес, өзіме жақын адамдарға ғана айтамын – 1В) әр кез емес, әркімнің өз ісі бастан асады - 2 2. Сіз өзіңіздің сәтсіз ісіңізге қатты қапаланасыз ба?А) иә, өте қатты - 4Б) жағдайға байланысты - 0В) барлық сәтсіздіктің ерте ме, кеш пе соңы бар - 2 3. Сіз бір нәрсеге өте қатты ашулысыз. Бұл жағдайда сіз не істейсіз?А) ұнатқан ісімен айналасып кетемін - 0 Б) жақын достарыма барамын - 2В) өзімді өзім аяп, үйде отырамын - 4 4. Жақын әріптесіңізбен ренжісіп қалдыңыз. Сіз не істейсіз?А) үндемей қаламын - 3Б) түсіндіруін талап етемін - 0В) мені тындайтын адамға бәрін айтып саламын- 1 5. Сіз бақытты сәтіңізде ...А) мүлде еш жамандық туралы ойламаймын - 0Б) бақыттың тез кететіні өкінішті - 3В) өмірдің ащысы мен тұщысы бар екенін ұмытпаймын -5 6. Сіздің психологқа өз көз қарасыңыз?А) оның көмегіне жүгінбегенді қалаймын - 4Б) олар көп адамдарға көмек көрсетеді деп ойлаймын – 2 В) адам өз-өзіне көмек көрсете алады – 3 7. Тағдыр, сіздің ойыңызша ...А) үнемі мені сынайды – 5 Б) маған әділ емес – 2 В) менің жағымда - 1 8. Сіз жақын әріптесіңізбен ренжісіп қалдыңыз. Уақыт өте, ашуыңыз тарқаған соң не істейсіз?А) бізді байланыстырған жақсы сәттерді еске аламын - 1Б) өшімді алуды естен шығармаймын – 2 В) оның жағымсыз қылықтарын қайта- қайта есіме ала беремін – 3 Нәтижесі 7 – 15 балл Сіз сәтсіздіктерді де, қиындықты да түсіне білесіз. Себебі өмірдің жақсыдан да жаманнан да тұратын білесіз. Ең бағалысы сіз өзіңізді аямайсыз. Сіздің ішкі жан дүниеңіз мақтауға тұрарлық. 16 – 26 Сіз жиі өз өміріңізге налисыз. Өз проблемаңызды сыртқа шығаруға асығасыз. Сіз міндетті түрде өзіңізді біреудің аяғанын қалайсыз. 27 – 36 Сіз өз сәтсіздіктеріңізбен күресе алмайсыз. Сондықтан да сәтсіздіктер сізде жиі кездеседі. Мұндай жағдай тек қана сізде емес. Қиын сәтте жақсы нәрсені ойлауға тырысыңыз. “Ұстаздарға жаднама” 1.Мұғалімнің биік те, абзал атына  лайық болыңыздар.Жеке адам ретінде қалыптасу жолында жеке ұстаздардан тәлім алатынын ұмытпаңыздар. Сіздердің Отанға адал қызмет етулеріңіз, сіздердің еңбекке деген көзқарастарыңыз, сіздердің азаматтық батылдықтарыңыз және сіздердің адамдар арасындағы тәртіптеріңіз өздеріңізден тәлім алатындарға мұра боп қалатындай болсын!2.Оқушыларды сыйлаңыздар . Олардың ар – намысын қорғап, дамытып отырыңыздар,Бойында ар – намыстың дамуымен қоса жақсы қасиеттер өріс алады.Ар – намысты сақтаңыздар.Ар – намысын сақтай білмеген ұстаз, тәлім – тәрбие бере алмайды. 3.Өз артықшылықтарыңызды баса көрсетпеңіздер.Оқушылар сіздердің мұғалім, тәлімгер, үлкен, тәжірибелі және өздеріне қарағанда көп құқыққа ие екендеріңізді ұмытпайды, бірақ ол туралы жиі ескерте бергенді ұнатпайды. Сіздердің оқушылармен өзара қарым – қатынастарыңызда аралық шек болуы қажет екенін жоққа шығармаймыз,бірақ ол аралық шек өте алмас кедергіге айналып кетпесін. Коллаж “Менің мектебіме және әріптестеріме тілегім...” Қорытынды