Д??гелек ?стел.«Адамшылы?ты? шуа?ы с?нбесін»


9 «Г» сынып
«Адамшылықтың шуағы сөнбесін»Тәрбие сағатыДөңгелек үстел
Мақсаты:   Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.  Көрнекілік: күлімдеген күн, түнерген бұлт.         Осы сынып сағат арқылы біз өз бойымызға рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етуді үйренуіміз керек.         -         Адамшылық деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не? – деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітемін.Рух – деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істеріңнің қайнар көзі.Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы-жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрініс болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың – «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.Адамның ішінде болмайды аласы,Оларды бұзатын нәпсінің таласы.                                                     Шәкәрім.Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты – асыл нұр. Күн адамның рухы болса, күн сәулесі – ақыл дейік. Себебі ақыл – рухтың құрамдас бөлігі.Рухани бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттермен бірге аяушылық, сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік, т.б. көптеген сапалар кездеседі. Бүгінгі сынып сағаты осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадым. Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтаға ілінген Күннің суретіне қараңдаршы.Жарық-күн – көлегейленіп тұр, күнді бір мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.Кәне бірінші бұлт. Сенің шешуің не, сен неге түнере қалдың?. (Бірнеше оқушыдан ойлаған ойлары сұралады).-         Менің әскердегі ағайым аман-сау жүрсе екен.-         Аңсаған оқуыма түссем екен.-         Жер шарында тыныштық болса, т.б. ойлар айтылады.  Төртінші бұлтқа таядық. Тест тапсырмасы.  1.     Сынып ішіндегі баламен сенің досың ойнағысы, қарым-қатынас жасағысы келмейді. Тіпті оны мазақтаңдар деп үгіттейді. Ал, сен не істер едің?А) Ештеңе білмегендей боласың.Б) Достарыңмен бірге мазақ қыласың.В) Достарыңның табалауынан қорықпастан, осы баламен достасқың келеді.2.     Ағаш дұрыс өсу үшін оған қай кезде көмектесу қажет?А) Үлкен ағаш болғанда.Б) Көшет кезінде.В) Тал кезінде.3.     Сенің үлкен әпкең шешесіне құрбысының үйіне сабаққа даярланамын деп кетіп, ал шындығында олар дискотекаға кетті. Егер шешең сенен осы жайды сұраса, сен не істер едің?А) Бұл жайында ештеңе білмеймін деймін.Б) Бір дәлел ойлап табумен әпкеңді құтқарасың.В) Шыныңды айтасың. Білімдіге дүние жарық Балдан тәтті не? Бала Қара шаңырақ иесі кім?
Кенже бала
Балаға кім сыншы? style.colorfillcolorstroke.colorfill.type Ата
Әкеден балаға берілетін зат
Мұра
Үйдегі алтын адам кім? style.colorfillcolorstroke.colorfill.type Ана
fill.on Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақrrrr
Мектеп
18 жасқа толмаған адам
Бала
Екі адамның бір- біріне деген адалдығы
Достықfill.on Қазақстандағы қандай білім алу міндетті түрде орта
Мақал мәтелдің жалғасын табу. Ата көрген оқ жонар.................... Балалы үй базар........... Атаға қарап - .................... анаға қарап - ............... Ананың көңілі балада ........................... Ата – ананың қадірін - .......................... Атаның баласы болма ............... Ұяда не көрсең ................. Ананың сүті – бал ................ Анаңа ауыр сөз айтпа...............     1ә          2д           3е     4п       5т       6і       7л            8і    9к      1. Әділін айтсаң - әдемі айтсаң2. Адамдықтан үлкен ат жоқ, Наннан үлкен ас жоқ3. Елгезек екі айтқызбайды.4. Сыпайылық даналықтың белгісі.5. Ізеттінің інісі көп6. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.7. Адалдық – ана сүті.8. Кішіпейілділіктен кішіреймейсің.9. Кішіпейілділік  кішілік емес, кісілік қасиет.Ол «әдептілік» деген сөз болды. Балалар, осы әдептілік деген сөзді қалай түсінесіңдер?Аталарымыз әдептілік туралы бізге қандай өсиет қалдырды екен? Қымбатты, оқушылар, қазір барлықтарың жақсы бір сезім әсеріне берілесіңдер. Тыныштық сақтайық. Дыбыссыз босаңсып отырыңдар. Бойларыңа бүгіннен бастап жаңа шуақ енгізілді. Ол – адамгершілік шуағы. Ол жылу аяқтарыңның басынан бастап, жоғарылап барады. Қызу шуақты, ыстық жылулықты сездіңдер, жүрекке келді. Жүректеріңе жан шуағы орнады. Бүгіннен бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Осындай әсем сезімде отырып бір-бірімізге жылы сөздер арнайық! Ықыластарыңа рахмет. Назарларыңызғарахмет!!!