Кереметі к?п киелі а?аш ?ылыми жоба


Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты арқылы ала аласыз!  Ағаштар жайында жалпы мәлімет бере отырып, таңғажайып ағаштармен таныстыру. Қазақ халқының ағаштар туралы наным-сенімдері және күнделікті тұрмыста қолданудың қажеттіліктерін атап өту. Ағаш – сабақтары мен тамырлары сүректеніп біткен, өте жақсы жетілген діңі бар, биіктігі 2 метрден кем болмайтын көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанда өсетін ағаштардың ең биігі 50 метрден аспайды (қарағай, шырша, емен, жөке ағаш, т.б.). Дүние жүзінде ең биік ағаш – Аустралия эукалиптісі (биіктігі 140-150 м), ең жуан ағаш – Баобаб (диаметрі 4-12 м). Ағаш палеозой дәуірінің тас көмір, девон кезеңінен бастап (126 млн жыл бұрын), мезозой дәуірінің бор, юра (96 млн. жыл бұрын) кезеңіне дейін ағашты өсімдіктер. Қазақ мифологиясында бәйтерек космос ағашы ретінде рәмізделеді. Бәйтеректің шағын үлгілері бақан, адалбақан, таяқ, асатаяқ ғұрыптық жосындарды атқаратын киелі құрал қызметін атқарады. Бәйтерек туралы аңызАңыз бойынша жыл басында яғни таңертең ағаш басында киелі құс- Самұрық жұмыртқа салады екен. Ал, ағаштың етегінде тұратын айдаһар кеш батқан сайын яғни жыл соңында жұмыртқаны жұтып қоя береді. Міне, бұл күн мен түннің алмасуын, жақсылық пен жамандықтың арасындағы тартысты бейнелейді.