Химиялы? элементтерді жіктеу ж?не жіктеу


Жаңаөзен – мектеп гимназиясы Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтерді жіктеу Пән мұғалімі: Атабай А.Р 2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫ Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушыларға химиялық элементтерді жіктеу туралы білім беру.Дамытушылық мақсаты: Оқушылар есептерді шығару арқылы ойлау қабілетін, логикасын дамыту.Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды топқа бөлу арқылы ынтымаққа, бірлікке татулыққа тәрбиелеу. Сабақ түрі: Жаңа сабақСабақ көрнекілігі: Менделеевтің периодтық жүйесі,схемалар,кестелер, слайд Сабақтың өтілу барысы: І. Ұйымдастыру бөліміІІ. Оқушылар ізденісіненІІІ. Химиялық бәйгеІV. Жұмбақтар сырыV. Сиқырлы сандарVІ. ДодаVІІ. Электронды оқулық. Жаңа сабақVІІІ. Тіл сындырайықIX. Кім жылдамX. Химиялық эстафета XІ. Есептер сырыXІІ. Бағалау.XІІІ. Үйге тапсырма. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеп, химиялық лото арқылы топқа бөлу. I топ II топ III топ Ойшылдар Зеректер БілімділерІІ. Оқушылар ізденісінен:Бұл кезеңде оқушылар химия пәніне байланысты өлең айту, жұмбақ жасырылады.ІІІ. Химиялық бәйге:Бұл кезеңде оқушылар тақтадағы бірнеше сұрақтарға иә немесе жоқ деп жауап береді. Ойшылдар тобына Озонның формуласы – О3 иә немесе жоқСудың формуласы – SO3 иә немесе жоқТемірдің салыстырмалы атомдық массасы – 56 иә немесе жоқХимиялық құрылыс теориясын ашқан ғалым – Бутлеров иә немесе жоқАйдаһар бейнесіне ұқсайтын элемент – S иә немесе жоқТұз қышқылының формуласы – H2O иә немесе жоқ Күкірт қышқылының формуласы – H2SO4 иә немесе жоқАс тұзының формуласы – NaCl иә немесе жоқ Зеректер тобына Атомдық салмағы 16 – SЗаттар екіге бөлінеді – иә немесе жоқФосфор қышқылының формуласы- NaCl иә немесе жоқПериодтық жүйе 1869 жылы ашылды – иә немесе жоқНатрий бейметалл – иә немесе жоқЗат массасының сақталу заңын Ломоносов ашты – иә немесе жоқСудың формуласы H2O - иә немесе жоқПериодтық жүйеде 8 топ бар - иә немесе жоқ Білімділер тобынаАс тұзының формуласы - NaCl иә немесе жоқКүкірт қышқылының формуласы – H2SO4 иә немесе жоқАдам тыныс алатын газ - S иә немесе жоқПериод саны – 3 иә немесе жоқАлғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл – йод иә немесе жоқАтом – молекулалық ілімді ашқан ғалым- Ломоносов иә немесе жоқҚышқылдар құрамындағы сутек атомының санына қарай екіге бөлінеді - иә немесе жоқПериодтық жүйеде жеті период бар - иә немесе жоқ ІV. Жұмбақтар сырыБұл кезеңде оқушылар химия пәніне байланысты жұмбақтар жасырылады. Ойшылдар тобына:1. Өзім газбын, менімен демаласың, Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.2. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде, Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге. Зеректер тобына:1. Ең жеңіл элемент болып саналады, Периодтық жүйе осыдан басталады.2. Ол болмаса астың дәмі кірмейді, Кім бар екен әлемде оны білмейтін. Білімділер тобына:1. Машина мен трактордың шикізаты, Қара металлургияның негізгі наны.2. Өзі ауыр металлға жатады, Балалар осы металл құйған сақамен атады. Сиқырлы сандар Бұл кезеңде 3 топқа жылдар жасырылады, оқушылар сол жылдарда қандай жаңалық ашылды соны айтады.1669 жыл?1772 жыл?1869 жыл?1756 жыл?1811 жыл?1807 жыл?1769-1774 жыл?1766 жыл? VІ. Дода . Бұл кезеңде оқушылар сөзжұмбақ шешеді.Дизинфекция үшін қолданылатын элемент? Медицинада қолданылатын элемент?Тұрмыста қолданылатын металл?Біреуі оттегі болып келетін, екі элементтен тұратын күрделі зат?Элементтердің түр өзгерісі қалай аталады?{2D5ABB26-0587-4C30-8999-92F81FD0307C}{5940675A-B579-460E-94D1-54222C63F5DA} Х{5940675A-B579-460E-94D1-54222C63F5DA} И{5940675A-B579-460E-94D1-54222C63F5DA} М{5940675A-B579-460E-94D1-54222C63F5DA} И{5940675A-B579-460E-94D1-54222C63F5DA} Я VІІ. Электронды оқулық. Жаңа сабақ.Химиялық элементтерді өздеріне тән ортақ ұқсастықтарына байланысты- Маталдар - Бейметалдар-созылғыш, металдық жылтыры бар, әртүрлі агрегаттық күйдеэлектр тогы мен жылуды жақсы өткізетін болатын жай заттар түзеді:қатты заттар. Мысал, күкірт-қатты,оттек, сутек-газ.Түсі мен қасиеттері болады.Бәріне тән ортақ қасиет болмайды. Нағыз металдар мен бейметалдардың айырмашылығы физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты. Химиялық элементтерді бұлай екі топқа бөліп жіктеу жеткіліксіз, себебі екіжақты әрі металдық, әрі бейметалдық қасиет көрсететін екідайлы (амфотерлі ) химиялық элементтерде бар. Ондай химиялық элементтерге бериллий, алюминий, мырыш тағы басқалары жатады. Екідайлы элементтердің оксидтері мен гидроксидтері де екіжақты қасиет көрсетеді. Екідайлы қасиет көрсететін оксидтер:BeO, ZnO, Al2O3, Cr2O3, PbO Екідайлы қасиет көрсететін гидроксидер:Zn(OH)2, Be(OH)2, Al(OH)3, Cr(OH)3, Pb(OH)2Мырыш және оның қосылысының екідайлылығын қарастырайық. Физикалық қасиеті жағынан мырыш- металл, ал химиялық қасиеті екіжақты. Мырыштың бір түйірін қышқылдың және бір түйірін сілтінің ерітіндісіне салайық. Мырыш металы екеуінде де еріп, тұз және сутек газын бөліп шығарады: Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2↑ Zn + 2KOH = K2ZnO2 + H2↑Бұдан мырыштың әрі негіздік, әрі қышқылдық қасиет көрсететіні байқалады. Тәжірибе жасап байқайық: қышқыл мен негізге салынған мырыш оксидінің ұнтағы олармен еркін әрекеттеседі. Екі реакцияның нәтижесінде де тұз және су түзіледі: ZnO + 2HCl = ZnCl2 + H2O Мырыш хлориді ZnO + 2KOH = K2ZnO2 + H2O Калий цинкаты Қышқыл мен сілті құйылған екі сынауыққа мырыш гидроксидінің ақ тұнбасы аздап қосайық. Екеуінде де химиялық реакция жүргенін тұнбаның еріп, түссіз ерітіндіге айналғанын байқаймыз. Мұнда бірінші жағдайда мырыш гидроксиді қышқылмен әрекеттесіп, негіздік қасиет көрсетеді: Zn(OH)2 + 2HCl = ZnCl2 + 2H2O Екінші жағдайда сілтімен әрекеттесіп, қышқылға тән қасиет көрсетеді: H2ZnO2 + 2NaOH = Na2ZnO2 + 2H2O Сонымен металл күйдегі мырыш, оның оксиді мен гидроксиді екіжақты қасиет көрсететін екідайлы заттарға жатады. VІІІ. Тіл сындырайықБұл кезеңде жұмбақ жасырылады, оқушылар соның жауабын тауып үш тілде айту керек: қазақша, орысша, латынша.Нені қызған кезде соқ?Нені көрсе періште жолдан таяды?Ауаның негеізгі құрам бөлігі? ІX. Кім жылдамБұл кезеңде оқушылар реакция теңдеуіндегі бос орынды толтырады:Zn + H2SO4 → …….HCl + ……→NaCl + H2↑Na + H2O → ……… X. Химиялық эстафета Бұл кезеңде оқушылар бір элементке екінші элементті қосып, реакция теңдеуін жазады. Ойшылдар тобына: Cu→ CuO → CuCl → Cu(OH)2 Зеректер тобына : S → SO2 → SO3→ H2SO4 Білімділер тобына : Zn →ZnO→Zn SO4→ Zn(OH)2 XІ.Есептер сыры Тағы келді сыналар шақ айналып,Тереңінен білім теңіз байланып,Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр.Есеп шешер кезегі келіп тұр.Бұл кезеңде үш топқа бірдей есеп беріледі, яғни үш топ жылдамдықты алға ала отырып есепті шығарады. I топ II топ III топ Ойшылдар Зеректер Білімділер тобы тобы тобы Массасы 108г алюминийді жаққанда түзілетін, алюминий оксидінің массасы, алюминий оксидінің зат мөлшері, алюминидің зат мөлшерін табыңдар? XІІ. Бағалау.Әділ-қазылар шешімімен жеңімпаз топ анықталып, “Жас химиктер -2015” деген атпен мадақталады. XІІІ. Үйге тапсырма.§50 оқу 134-беттегі 1-6 жаттығулар. Назар аударғандарыңызға рахмет!!!