О?у-т?рбие ?дерісін бас?аруда?ы к?шбасшылы?ты? ма?ызы


Жоба тақырыбы:«Оқу-тәрбие үдерісін басқарудағы көшбасшылықтың маңызы»Мұғалім:Капанова Ж.К. «Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкібірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт - дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық» Н. Ә. Назарбаев Мазмұны:КіріспеКөшбасшылық ұғымының мақсаты мен міндеті2. Негізгі бөлімКөшбасшы оқытушы ұғымы, қасиеттері, маңызы туралы3.ҚорытындыКөшбасшы оқытушы мен басшының айырмашылығы Мақсаты: 3. Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу үшін әріптестеріммен стратегиялық шешімдерді бірлесіп таңдау. 4.Коучинг және тәлімгерлік жүргізу. 5. Мұғалім көшбасшылығын дамыту. Міндеті:6. Бір  топ  мұғалімдермен қысқа мерзімді жоспарды және материалды  бірлесіп  әзірлеу, жасау  және  тәжірибеде  қолдану. 2. Мұғалімдердің кәсіби білім беру қоғамдастығын құру. Іс -тәжірибені жетілдіруге бастама жасау және ол үшін өзіне жауапкершілік алу. 7. Мұғалімдермен бірге оқытудың  түрлі әдістерін  қолдана  отырып,  оқу сапасын арттыруға байланысты эксперимент  жасау  және  оның тимділігін  анықтау  мақсатында  ақпарат  жинау. Кiрiспе Ұрпақ тәрбиесі – ел алдындағы маңызды зор міндет. Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуында үлес қосатын, білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – орта кәсіптік білім беру жүйесіндегі ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті. Адам ұрпағымен мың жасайды – дегендей, ұрпақ тәрбиесі – қай кезде де халықтық мәселе болған. Тарихтан білетініміздей, дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған. Сондықтан қазіргі білім алушы педагогтары алдында тұрған аса маңызды міндет – талабы таудай тұлғаны тәрбиелеп, орта кәсіптік біліктілігі бар маманды өсіріп шығару. Яғни, ұлттық мәдениетті көтеру, ұлттық педагогиканы әдет-ғұрып, халық мұрасын пайдалану арқылы намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарап, өз бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін, өз ошағын, Отанын қадірлейтін азамат тәрбиелеу. Ол үшін ұлттық мектебімізді жаңа типпен, білім беруді жаңаша әдіс-тәсілмен жүргізу керек . Соған сәйкес, білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде білім алушылардың оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастырудың әдістерін, түрлерін іздестіру туралы Республикамыздың білім беру концепциясында да аса маңызды тапсырмалар беріліп отыр. Бұл мәселені ғалымдарымыз да жан-жақты қарастырған. Мысалы, Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А.Ясауи және т.б. ғұлама ойшылдар адамгершілік-имандылық тәрбиесі арқылы адамдар арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың біртұтастығын қалыптастыруға болатындығына аса мән берсе, А.С.Макаренко мен Я.А.Коменский тұлғааралық қарым-қатынастың тәрбиелік ықпалына ерекше назар аударған. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында білім берудің сапасын арттыру басты міндеттердің бірі болып белгіленген. Сонымен қатар бұл бағдарламада жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруды мақсат етіп отыр. Ендігі кезекте бұл аталған міндеттерді жүзеге асыру білім беруші ұстаздардың құзырлығында. Негізгі бөлім1. Көшбасшы деген кім?2. Көшбасшы болу үшін қандай қасиеттерге ие болуы керек?3. Көшбасшылық: бұл қасиет мұғалімге қаншалықты қажет және маңызы қандай? - деген сұрақтар арқылы тақырыбымызды өрбітетін болсақ, алдымен « Көшбасшы кім?»деген сауалға жауап берейік. Көшбасшы -(ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) - қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам көшбасшы ретінде танылады. Көшбасшы алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізеді. Белгілі ғалым М.Вебердің зерттеуінше көшбасшылықтың 3 түрі бар:1.Дәстүрлі - салт-дәстүр, сенімге негізделген. Көбіне дәстүрлі ұйым мүшелерінде жиі кездеседі (мысалға, шығыс монархтарында). 2.Бюракратиялық - қоғамдағы бұл көшбасшы білімінің дайындығының молдығымен ерекшеленеді. Индустриалды мемлекеттерде жиі кездеседі.3.Харизматикалық - көшбасшылық (адамның сыртқы келбеті, жүріс-тұрысы, киім киісі т.б)– тарихтың құлдырау кезеңдерінде пайда болады. Тылсым күшке, ерекше қасиеттерге ие болған адамдар көшбасшылықтың осы түріне жатады. Көшбасшылық жөнінде америкада ғана емес, әлем бойынша танымал сарапшы, INJOY GROUP көшбасшылық қасиеттерді арттыруға көмектесетін ұйымның өкілі Джон Максвеллдің «Көшбасшының 21 қасиеті» атты кітабынан көшбасшылық туралы толық мағлұмат алуға болады. Алайда, біз өзіміздің жобамызда көшбасшылыққа тән негізгі қасиеттерді ғана сөз еткіміз келіп отыр. Олар:1.Мінез-құлық: жартастай берік бол! Өмірлік қиын жағдайларда көшбасшының қалай әркет ететіндігі оның мінезі туралы көп нәрсе айтады. 2.Харизма: бірінші қалыптасқан әсер бәрін шеше алады! 3.Ісіңізге жан-тәніңізбен берілу: іскерлердің ауызбен орақ оратындар басты айырмашылығы.4.Дұрыс қарым-қытынас жасай білу.5.Біліктілік: егер сіз өзіңізде оны ашсаңыз, адамдар сізге келеді. «Көшбасшылық: бұл қасиет мұғалімге қаншалықты қажет және маңызы қандай?» деген сауалға келетін болсақ, еліміздегі жалпы білім берудің негізгі міндеті маманды тек қана біліммен қаруландырып қоймай, сонымен қатар олардың жеке басының жан-жақты қалыптасуына, дамуына, шығармашылық қабілетінің жетілуіне, кәсіби мәдениеттің қалыптасуына өз дәрежесінде көңіл бөлу, көшбасшылық қасиеттерін ашуға мүмкіндік жасау болып табылады. Білім алушыны тек болашақ маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, шығармашылық тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Әл-Фарабидің «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты»- дегеніндей, оқушылардың сабақтағы шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыру жолында мұғалімге үнемі ізденуді, тынымсыз еңбек етуді міндеттейді. Сондықтан болашақ әрбір ұстаз оқушы бойынан көшбасшылық қабілетті дамыта білуі қажет. Өйткені баланың көшбасшылық қасиетін дамыту, жетілдіру тәрбие жұмысының негізгі аспектісі болып келеді. Ал мұғалім - оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы. Оқытудағы басқару және көшбасшылық негізінен мұғалімнің іс-әрекетімен тығыз байланысты. Сабақ барысында топтағы көшбасшылықты анықтау, оқушыны алға жетелеу, ұйымдастырушылық қабілеттерді дарыту мақсатында мұғалім іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алады. Ұстаздар біліктілік пен шеберлікті ұштастырып, жас ұрпақты сапалы білімімен, саналы тәртібімен әлемді мойындататын рухани биікке көтеруді көздейді. Қоғамның дамуы келешек ұрпаққа білім беруші ұстаздың шеберлігі мен біліктілігіне тікелей байланысты. Мұғалімнің көшбасшылығы ынтымақтастық, кәсіптік оқу мүмкіндіктерін дамытып, мектеп пен сыныпта өзгеріс енгізуге оң әсер етеді. Аталған міндеттерді шешу барысында әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің бір тұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға әзір, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін көшбасшы шығармашыл тұлға болуы тиіс. Шынымен де, мұғалімнің жақсы мінез құлқы оқушыға дариды және әсер етеді. Мұғалім оны оқыту үрдісінде, қолданған әдіс тәсілдерінің барысында және іс әрекетінің нәтижесінде байқатуы мүмкін. Оқу барысында оқушы оны бойына сіңіреді. Егер оқушыда жақсы мінез - құлық болса, ол онда өзінің оқудағы жетістігін тұрақты ұстап тұра алады және өзін - өзі жетілдіреді. Яғни, нәтижелі оқу жақсы мінез - құлыққа тікелей байланысты. Қорыта айтқанда, білім беру сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Болашақ ұрпақтың көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрі:Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;Өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті. Аталған міндеттерді жүзеге асыру барысында дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. Мұғалім - дамыту жұмысының көшбасшысы болып табылады. Бұл тұста айта кетерлік топта, ұжымда әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Ол адам сол топтың көшбасшысы болып табылады. Көшбасшы әдетте топтың іс-әрекеті жайлы, оның құрамы мен мүмкіндіктері жайлы мейлінше хабардар болуы үшін, топ мүшелерімен қатынаста өзін еркін, сенімді ұстауы үшін көшбасшының бойынан мынандай қасиеттер табылуы тиіс: Салмақтылық. Өзін көрсете білу. Дұрыс шешім қабылдау. Ынта.Табандылық. Өзіне деген сенімділік. Психологиялық дайындық. Шынайы көзқарас. Білімге деген құштарлық. Әділеттілік. Байсалды. Мінсіздікке ұмтылу. Өзгеше ойлау. Аталған қасиетті әрбір оқушының бойында дамытатын болсақ, әлем жағдайында өмірдегі өз орнын тауып, қоғам игілігіне нәтижелі еңбегімен қызмет жасайтыны анық. Сондықтан бұл міндетті жүзеге асыру үшін ұстаздардың кәсіби білікті де білімді, көшбасшы және құзырлы болуын талап ететіні ақиқат. Көшбасшы оқытушы - бұл идеялар генераторы, нағыз шебер, ол өзінің әріптестерін белсенділікпен жұмыс істеуге тарта біледі, сендіре біледі. Көшбасшы өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат мүддесімен ерекшеленеді. Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам бойында біркелкі қалыптаспайды, себебі әр тұлғаның өзіне тән даму ерекшеліктері бар.Біздің Ғасырымыз жаңа технологиялардың дәуірі болуымен қатар, өзін - өзі тану мен бойындағы қасиеттерді дамыту Ғасыры болып табылады. Заманымыз секунд сайын өзгеріп отырғандықтан, жемісті әрі бақытты өмір сүру үшін адам баласы өмір бойы түрлі дағдыларды үйреніп, заман талабына сай көшбасшы болуға ұмтылуы қажет. Көшбасшылық – бұл талант. Оны дамытпасаң, ол өшеді. Көшбасшы оқытушыны қызмет орнына ресми түрде ешкім ұсынбайды. Ол басшылық позицияны топтың ашық немесе жабық келісімімен атқарады. Көшбасшы оқытушы мен Басшы мағынасы бір емес. Басшы – бұл жұмысты беруші және сол жұмыстарға жауап беруші. Жақсы басшы орындалған жұмысты реттеп қабылдап отырады. Ал, Көшбасшы оқытушы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көру қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды. Көшбасшы оқытушы болу үшін сізге өзіңіздің дамуыңызға, жұмыстағы құлшысыңызға көп көңіл бөлу керек.Көшбасшы оқытушының кодексі:• Өзіңнен жоғарыдағыларға қарапайым бол, бірақ өзіңді төмендетпе.• Өзіңмен теңдестерге қысқа, бірақ сыйластықта бол.• Өзіңнен төмендерге мейірімділік танытып, достық қарым - қатынаста бол. Көшбасшының бойында көп қасиет бар десек те, ішінен ең негізгісін атап көрсетуге болады. Олар – табандылық, тәуекелге бару, ақыл, жылдамдық және мінезі жақсы болуы тиіс.  Назарларыңызға рахмет!!!