?ан ж?не лимфа. ?анны? жас?а байланысты ?згеруі.


Қан және лимфа. Қанның жасқа байланысты өзгеруі. Биология пәнінің мұғалімі: Башимова Г.К Мамандандырылған экономикалық лицей мемлекеттік мекемесі Ақтау - 2015 Жоспар: ҚанҚан плазмасыҚанның формальды элементтері:  а)эритроциттер; б)лейкоциттер; в)тромбоциттерҚанның қызметіҚанның ұюыЛимфа Қан жасушаларының жасқа байланысты өзгеруі Қан Плазма Формальды элементтер эритроциттер лейкоциттер тромбациттер Қан – қан тамырларының ішінде болатын сұйық тін. Қан плазмасы мен қанның формальды элементтерінен тұрады. Адам ағзасының 5 – 9%-ы қан. Қан плазмасы -  қанның сұйықтық бөлімі. Оның құрамына (90-92%) органикалық және бейорганикалық заттар (8-10%) кіреді. Бейорганикалық заттың (6,5-8,5%) белоктар, ал (1,5-3,5%) органикалық және минералды тұздардан тұрады. Плазмадағы оганикалық заттардан ең көбі белоктар (орта есеппен 7-8%) – албуминдер, глобулиндер және фибриноген (фибриногені жоқ плазманы қанның сары суы деп атайды). Формальды элементтер Жасуша құрылысы Түзілетін жері Функция лануының жалғасуы Жойылатын жері 1 мм3–тың құрамындағы қан Қызметі Эритроциттер Қанның қызыл түйіршікті жасушалары Сүйектің қызыл кемігі 3-4 ай Бауыр, көк бауыр 4,5-5 млн. Тыныс алу қызметіне қатысып, оттегі мен көмірқышқыл газын синтездейді Лейкоциттер Қанның ақ түйіршікті жасушалары Сүйектің қызыл кемігі, лимфа түйіндері, көк бауыр 3-5 ай Бауыр, көк бауыр, қабыну процестері жүретін орындар 6-8 мың Қорғаныштық қызмет атқарады. Микробтарды фагоцитоз әдісімен жояды Тромбоциттер Кан пластин- калары Сүйектің қызыл кемігі 2-5 ай Бауыр, көк бауыр 300-500 мың Қорғаныштық. Қан ұйытуға қатысады. Қанның формальды элементтері гемоглобин Эритроциттер немесе қанның қызыл түйіршіктері, жоғары дифференцияланған, бөлінбейтін постжасушалық, ядросыз құрылым. 1 мм3 көлемінде - 4,5-5,5 млн. эритроциттер болады. Құрамында тыныс алуға қатысатын күрелі белок – гемоглобин бар. Эритроциттер сүйек кемігінде түзіледі. Орташа тіршілік ету мерзімі 100-120 тәулік. Күнделікті ағзада жойылған эритроциттердің орнына 300 млрд. жаңа эритроциттер пайда болып отырады. Эритроциттердің түрлері Дискоциттер (екі бүйірі қысыңқы)Планоциттер (жалпақ)Эхиноциттер (эритроциттердің ескірген түрі)Стоматоциттер(күмбез тәрізді)Сфероциттер (шар тәрізді)Ретикулоциттер (жас эритроциттер) т.б. Лейкоциттер немесе қанның ақ түйіршіктері – түссіз, ядролы қан жасушалары. 1мм3 көлемінде - 4-9 мың лейкоциттер болады. Лейкоциттердің негізгі қызметі - қорғаныштық. Лейкоциттердің қорғаныштық қызыметі олардың қанда антиденелерді құрып, бактериялардың өзіне сіңіріп, жою қабілетіне байланысты(макрофагтық). Лейкоциттер түйіршікті (гранилоциттер) және түйіршіксіз (агранулуциттер) болып бөлінеді Лейкоциттер Базофильді гранулоциттер Нейтрофилді гранулоциттер Эозинофильді гранулоциттер Лимфоциттер Моноциттер Кіші лимфоциттер Орташа лимфоциттер Ірі лимфоциттер Лейкоциттер Түйіршікті Түйіршіксіз(гранулоциттер) (агрунолоциттер) Қан пластинкалары (тромбоциттер) – пішінсіз, түссіз, адам қанында топтасып орналасқан қанның формальды элементтері. 1 мм3 көлемінде 400000мың тромбоциттер болады. Орташа тіршілік ету мерзімі 5-7 тәулік. Тромбоциттер сүйектің қызыл кемігінде түзіледі. Негізгі қызметі – қанның ұюына қатысады. Тромбоциттер Қанның ұюы жарақаттану(Тромбоциттер )ТРОМБОПЛАСТИНпротромбин тромбинфибриноген фибрин тромб + қан жасушасы Қанның ұйуы дегеніміз - ағзаны қан кетуден сақтандыратын, оның қорғанышты бейімділігі болып табылады. Лимфа Лимфа (латынша «lympha» - таза су, ылғал) - адамның лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын сұйық дәнекер ұлпа немесе сарғылт түсті мөлдір сұйықтық. Лимфа - ағзаның ішкі ортасы, ұлпа сұйықтығынан түзіледі. Лимфаның химиялық құрамы: 95% су, 1-2% нәруыз; 0,1% глюкоза; 0,9% минералды тұздар. Лимфаның құрамында фибриноген нәруызы болады. Лимфоцит - лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Лимфоциттер - ұсақ, диаметрі 8-10 мкм. Лимфа сыртқы және ішкі әсерлерге өте сезімтал. Жаңа туылған нәрестенің алғашқы сағаттарындағы қанында эритроциттер саны 6,0-7,0*1012 /л болады. Кейін 10-14 тәуліктерде бұл көрсеткіш ересек адамдардағы эритроциттер санына теңеседі. Ал 3-6 айлық нәрестеде эритроциттердің саны азаяды, бұл физиологиялық анемия болып саналады. Ал лейкоциттердің саны 10,-30,0*109 /л болса, ол көрсеткіш екі аптадан кейін азаяды, 9,0-15,0*109/л. Жаңа туылған сәбиде нейтрофильдер мен лимфоциттердің саны ересектердікіндей 4,5-9,0*109/л.Бұл әрі қарай лимфоциттердің саны өсіп, ал нейтрофильдер саны азаяды. Туылғаннан кейін төртінші тәулікте лимфоциттердің саны теңеседі. Мұны лейкоциттердің бірінші физиологиялық қиылысуы дейді. Баланың 1-2 жасында лимфоциттері 65%, ал нейтрофильдері 25%, 4-жастағы балада қайтадан лимфоциттер азайып, ал нейтрофильдер көбейіп, ересектермен теңеледі, мұны екінші физиологиялық қиылыу кезеңі дейміз. Қан жасушаларының жасқа байланысты өзгеруі Қолданылған әдебиеттер: Цитология және гистология. Оқу құралы. Сапаров Қ.Ә. — Алматы: Қазақ университеті, 2009. - 128 бет. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл.  Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55