Презентация по химии Интеллектуальная игра XXI ?асыр к?шбасшысы


Mақсаты : 1) Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін тереңдету. Пәнге қызығушылығын арттыру.2) Химиялық формула, химиялық тәжірибе жасау біліктерін дамыту. Химиялық құбылыстар туралы көзқарастарын жетілдіру.3) Ұқыптылыққа, үнемділікке, жылдамдылыққа тәрбиелеу. Cайысымыз 5 кезеңнен тұрады: І кезең “БӘЙГЕ” ІІ кезең “КӨКПАР” ІІІ кезең “МЫҢ БІР МАҚАЛ,ЖҮЗ БІР ЖҰМБАҚ” ІV кезең “«Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» V кезең «Шапқан озар, жатқан қалар» Тапқыр, білгір, дарынды,Жарыс бар бүгін арынды.Химия пәнін сүйсең сен,Ортаға сал барыңды – деп, сайысымыздың алғашқы турын бастаймыз. 1834 жылы 8 февраль айында Тобольскқаласында туылған ғалым? (Д.И Менделеев) 2. Д. И. Менделеев ұлы ғалымның есімі қай және қаншасыншы нөмірлі элемент? (№101 Менделевий) 3. Д.И. Менделеевтің периодтық заңы қай жылы ашылды? (1869ж) 5. “ 4. Қандай қышқыл май деп аталады? Күкірт қышқылының бұрынғы аты “купорос майы”. 5. Кандай капустада йод көп болады? “Теңіз капустасы” деп аталатын балдыр ламинарияда йод көп болады. 6. Крахмалды қандай затпен бояуға болады? Крахмалды сарықоңыр түсті йодтың ерітіндісімен көк түсті етуге болады. 7.Күкіртсіз қандай аяқ киімді жасауға болмайды? Резина аяқ киімді күкіртсіз жасауға болмайды. 8. Шәйнек пен самаурынның қабырғасына қақ қайдан тұрады және оны қалай кетіреді? Шәйнек пен самаурынның іщіндегі қақ негізінен кальцийдің және магнийдің карбонаттарынан тұрады. Бұларды сұйытылған тұз қышқылын құю арқылы кетіруге болады. 9. Қандай “алтын” күмістен арзан? Күмістен арзан “алтын” деп қос күкіртті қалайыны – SnS2 айтады. Оның түсі алтынға өте ұқсас болғандықтан, оны ерте кезде сусальды алтын деп атаған. 10. Кандай “әлсіз қышқыл” күшті у болып табылады? Өте әлсіз және улы қышқыл – циан қышқылы. 11. Сынаптың улы хлоридының формуласықандай және ол қалай аталады? Сынаптың улы хлоридының формуласы – HgCI2 . 12. Кандай элемент алтыннан он мыңдаған есе қымбат? Алтыннан 10 мыңдаған есе қымбат металл радий. 1878 ж 13. Кандай “күміс” қопарылыс береді? Оны ацетиленді күміс деп атайды – C2Ag2. 14. Кандай “қантты” улы болғандықтан жемейді? Жемейтін қант – “қорғасын қанты”. Қорғасын қанты дегеніміз-сірке қышқылды қорғасын тұзы. Бұл тұз қантқа өте ұқсас, дәмі тәтті. Бірақ улы болғандықтан мұны жеуге болмайды. 15. Кандай сүтті ішпейді? “Ішпейтін сүт” деп сөндірілген әктің қанық ерітіндісін айтады. 16.”Патша арағы” деген не, ол калай жасалады? “Патша арағы” деп- 1 бөлік азот қышқылы мен 3 бөлік тұз қышқылының қоспасын айтады.”Патша арағында” металдардың “патшасы” деп аталатын алтын да ериді. 17. Ертедегі құйма? Қола 18. Ең қиын балқитын металл? Вольфрам 19. Жер бетінде ең көп таралған металл? Алюминий 20. Оқ жасауда қолданылатын металл? Қорғасын 21. Жез құрамы неден тұрады? Мыс - мырыш 22. Қола құрамы неден тұрады? Мыс - қалайы 23. Сыртқы жараны жазуға болатын бейметалл? Күкірт 24. Консерві қалбыры жасалынатын металл? Қалайы 25. Ақыл – ой элементі? Фосфор 26. Қандай элемент судағы бактерияларды өлтіреді? Хлор 27. Жердің абсалютты жасын анықтауда қандай элемент қолданылады? Уран 28. Жер ұлы деп аталатын қай металл? 29. Техникада, медицинада, косметикада қандай май қолданылады? 30. Ең жеңіл металл? Литий Титан Вазелин 31. Ең ауыр металл? Осмий 32. Ең қатты металл? Хром 33. Рентген сәулесінен қорғайтын қандай металл? Қорғасын 34. Ең ауыр газ? Радон 35. Қандай жыланда сынап көп? 36. Алып элемент? Титан Фарауон жыланында – сынап родониді 37 Футбол терминінде кездесетін элемент? Гольмий 38.Темірді тот басудан қорғайтын металл? Мырыш 39. Термометрде қолданылатын элемент? Сынап 40. Қанның құрамында кездесетін металл? Темір 41. Көз тамырында кездесетін элемент? Селен 42. Сағатта қолданылатын минерал? Агат 43. Қандай элемент жұқпалы оба ауруымен ауырады? Қалайы 44. Ұлы қолбасшы жаламен уланған элемент? Мышьяк 45. Жүйке жүйесін тыныштандыратын элемент? Бром 46. Қандай элементтің бактериоцидтік қасиеті бар? Күміс 47. Электрондық техникада қолданылатын металл? Германий 48. Болашақ отыны деп аталатын қандай элемент? Сутек Жесек тамақ, кисек киім, тұратын мына үйіміз,Ол болмаса келіспейді, жетіспейді күйіміз.Ішсек дәрі, тірі ағзада құбылысБәрі, бәрі сияды екен «Химия» деген ғылымға. І. Химиялық заңдар ІІ. Химия тұрмыста ІІІ. Химия медицинада IV. Логикалық есептер Химик болғым келеді, талабым бар,Химик болғым келеді, қанатым бар.Химик болғым келеді, химик болғым,Химияның сырларын сараптаған.Жетік білгім келеді химияны,Талабына ұштадым арманымды.Химик болғым келеді, химик болғым,Сан саласы химия қызықтырды. І. Химиялық омонимдер ІІ. Жұмбақтар ІІІ. Мақал-мәтелдер IV. Қызықты тәжірибелер Есепте бар массада,Шығады ол сасса даЖауабын сен табасың,Қарамайсың басқаға.Формуланы табуға,Үлесші дұрыс тануға.Талабыңды көрсетші,Ойың бар ма тануға деп сайысымыздың 1ұяшық : Массасы 8г. газ (қ.ж) 5,6л. көлем алады. Газдың молярлық массасын тап? Жауабы: 32 2ұяшық: 3,5моль көміртегі (IV) оксидінің массасын тап? Жауабы: 154 г 3ұяшық: Атмосферадағы оттектің массалық үлесі Жауабы: 21 % 4 ұяшық: 65г алюминий гидроксидінің зат мөлшерін есепте ? Жауабы: 0,83 моль 5 ұяшық : 200г ізбестас ыдырағанда түзілетін көмірқышқыл газының көлемін тап? Жауабы: 44,8 л Химиялық заңдар 10 ұпай. Элеметтердің бейметалдық немесе металдық қасиеттері сипаттайтын, атомның йондану энергиясы мен электрон тартқыштық мәндеріне сүйеніп есептейді. Бұл қосылыстағы атомның өзіне электрондарды тарту қабілетін түсіндіретін ұғым қай жылы ашылған? Жауабы; Электртерістік ұғымын 1932ж. Американдық ғалым Л.Полинг енгізген. 20 ұпай. Химиялық заттардың уақыт бірлігінде әрекеттесетін заттардың немесе реакция өнімдерінің біреуінің концентрацияларының өзгеруін қарастыратын заң қандай заң? Жауабы; Химиялық реакцияның жылдамдығы. 30 ұпай. Бірдей жағдайда (температурада және қысымда) реакцияға қатысқан газдардың көлемдерінің және сол реакцияда түзілген газтектес өнімдердің көлемдерінің өзара қатынастарын – кішкентай бүтін сандардың қатынасындай болады деген заң қандай заттарға тұжырымдалған заң және бұл заңды кім ашты? Жауабы; Газтектес заттарға арналған заң.Көлемдік қатынастар заңы. Оны атақты француз ғалымы Гей – Люссак тұжырымдаған. 40.ұпай. Әрбір орбитальда қарама – қарсы спинді екі электрон ғана болуы мүмкін. Егер орбитальда бір электрон болса , онда ол жұптаспаған, егер екеу болса, жұптасқан электрондар деп тұжырымдаған принципті кім қай жылы ашты? Жауабы; 1925ж В.Паули ұстанымы. 50 ұпай. Гомогенді жүйелерде көптеген химиялық реакциялардың жылдамдығы.Температураны әрбір 10 градусқа көтергенде шамамен 2-4 есе артатынын зерттеген ғалым? Бұл қандай тұжырымдама? Голландиялық ғалым Вант-Гофф ережесі. Химия тұрмыста 10 ұпай. Адамзат баласы осы жылудың нәтижесінде қазірге дейін тіршілік етіп келеді. Химия ғылымында түссіз көмір, сары көмір, жасыл көмір, көк көмір, көгілдір көмір, қызыл көмір деген түсініктерді мысалдармен дәлелде? Жауабы; Түссіз көмір- газ, сары көмір – күн энергиясы, жасыл көмір - өсімдік тектес отындар, көк көмір – теңіздің көтерілуі мен қайтуы кезіндегі энергия, көгілдір көмір – желдің күші, қызыл көмір – жанартау энергиясы. 20ұпай. Көптеген силикатты қосылыстардың SiO2 мен мөлдір аморфты қоспасы. Ол затты алу үшін құм, сода, әктас қажет. Осы заттардың қоспасын арнаулы пештерде генератор газымен қыздырғанда алынады. Бұл қандай зат? Жауабы; Шыны 30ұпай. Қайнау температурасы 30-205 С аралығында, құрамы көбіне С4--С12 аралығында болатын, құрылысы әртүрлі көмірсутектердің қоспасы. Құрамында қаныққан, қанықпаған, ароматты, нафтенді көмірсутектермен бірге күкіртті, азотты оттекті қосылыстары болады. Негізінен мұнайдан алынады. Ол қандай зат? Жауабы: Бензин 40ұпай. Тамақ өнеркәсібінде қолданылады, сондай-ақ хлор, натрий, тұз қышқылы, натрий гидроксиді, сода алуда негізгі шикізат болып табылады. Ол қандай зат? Жауабы; Ас тұзы 50ұпай. Жер қойнауында магмадан пайда болған қатты кристалдық зат. Ол көбінесе әртүрлі түске боялған болады. Өте жақсы өңделеді, сондықтан мүсін өнері және құрылыс экспорттарында қаптауыш материал ретінде қолданылады? Жауабы: Мәрмәр Химия медицинада 10ұпай. Химиялық элемент галоген. Адам ағзасында ол жетіспесе көптеген ауруларға ұшырайды. Ол теңіз суларында, мұнайлы аудандардың бұрғылау суларында болады. Теңіз балдырларынан алынады. Заттың аты? Жауабы: Йодты 1811жылы француз кәсіпкері Куртуа ашты. 20ұпай. Аммиактың судағы ерітіндісі - әлсіз негіз. Адамдар есінен танғанда ес жиғызады. Ол медицинада, тұрмыста кір жуу және киімнің дағын кетіру үшін қолданылатын затты ата? Жауабы: Мүсәтір спирті – NH4OH 30ұпай. Кристалгидрат түрінде глаубер тұзы деген атаумен белгілі. Медицинада глаубер тұзын магний сульфатымен қатар (ащы тұз) іш өткізетін дәрі ретінде қолданылады. Барий және қорғасын тұздарымен уланған жағдайда у қайтарғыш ретінде қолдануға болатын затты атаңыз? Жауабы: Натрий сульфаты – Na2SO4 40ұпай. Көпатомды спирттің өкілі. Өндірісте майлардан гидролиздеп алады. Қасиеті – тұтқыр, түссіз сұйық зат, суда жаксы ериді, дәмі тәтті. Аяқ пен қолдың терісін жұмсарту үшін қолданылатын затты ата? Жауабы: Үш атомды спирт – Глицерин. 50ұпай. Ақ түсті, суда жақсы еритін тәтті дәмді зат, ол –жүзім қанты деп аталады. Жеміс-жидектерде кездеседі. Адамның қанында 0,1% болады. Қатты ауырған кезде, операциядан кейін жасанды жолмен тамақтандырғанда қолданылады. Кондитер, тоқыма өнеркәсіптерінде, айнамен жаңа жылдық шыршаға тағатын ойыншықтар өндірісінде қолданылатын зат? Жауабы: Глюкоза Ойшыл болса қай бала,Тез табады сол ғанаҚане ойланып көрейік,Тебіреніп сәл ғана. Химиялық омонимдер 10ұпай. 1) Дат ғалым – физигі. 2) Химиялық элемент. 3) Астық тұқымдасқа жататын өсімдік. 4) Қала (Горький облысында) 5) Тіс емдеу техникасында қолданылатын болат бұрғы омонимдері бар сөзді ата? Жауабы: Бор. 20ұпай. 1) Бос электрон жұбы бар атом. 2) Қан беруші адам . Жауабы: Донор 30ұпай. 1) Химиялық өлшегіш ыдыс. 2) Геометриялық дене . 3) Машина тетігі . 4) Ер адам бас киімі. Жауабы: Цилиндр 40ұпай. 1) Ыдыс жуатын щетка 2) Алабұға тәріздес балық . Жауабы: Ерш 50ұпай. 1) Fe2O3 – нің сусыз минералды бояуы. 2) Өлген денені бұзылудан сақтайтын әдіс? Жауабы: Мумия Химиялық жұмбақтар 10ұпай. Екі буыннан тұратын химиялық элемент, Бірінші буыны атау септігінің сұрағы , Екінші буыны сан есім, Бұл қандай элемент? Жауабы: Неон 20ұпай. Су бетінде безектеп , Металл натрий жүзеді. Суда еріп жоқ болып , Қандай қосылыс түзеді? Жауабы: NaOH 30ұпай. Өзіңде болмаса да дәмі – татым, Жануар мен адамды улатады. Өсімдік өспес ол болмаса, Қандай зат мұның атын кім айтады? Жауабы: Көмірқышқыл газы 40ұпай. Болмаса да айқын түсі – тұманды, Иісі бар көңіл ашар ұнамды. Шаттандырғыш қандай газды білесің, Кім айтады қосылысын нанымды? Жауабы: Азот (Iоксиді 50ұпай. Кейде қатты тас тілген болаттан да, Кейде жұмсақ қолға алсақ, қалады таңба. Бар ма элемент осындай табиғатта, Аташы тағы ойланып ұзақ таңға. Жауабы: Алмаз бен графит Мақал –мәтелдер 10ұпай. Қойдың сүті - ............... Қорғасын 20.ұпай. Болған іске ..........................бол! Болаттай 30ұпай. Су жұмсақ, тамшылап тасты теседі, От жұмсақ, .......................... балқытады. Темірді 40ұпай Киім пішсең кең піш, тарылтуың оңай, ................... кессең қысқа кес, ұзартуың оңай. Темір 50ұпай. Арыстанға ......................шынжыр ар емес. Темір Жауабы: S+ Zn= қоспасы Жауабы: Na2SiO3 + C2H5OH Жауабы: NH4OH + HCL Жер үстінде адам өмір өткізерБар нәрсеге білім қолды жеткізер,Бар ізгілік тек білімнен алынар,Білімменен аспанға жол салынар. «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» Химиялық 5 сөзден ойлап тап. № Р А Д О Н 1 2 3 4 5 6 7 9 10 № Р А Д О Н 1 Радий Астат Доломит Озон Натрий 2 Радон Аргон Дихлорэтан Оксид Нейтрон 3 Рубин Аммиак Диссоциация Озонатор Нонан 4 Рений Атом Оттегі Неон 5 Реакция Анион Нитроза 6 Нефелин 7 Нафталин 9 Негіз 10 Нитрат Адамзаттың сезім берер бойына,Тылсым сырды келтіретін ойына.Сан – салалы ертегіні шын етіп.Құдіретіңе бас иеді бүгінгі.Жер бетінің адамзаты жиыла,Қарапайым бастау алып тірліктен,Бойлай бердің тым тереңге қиынға.Сиқырыңа көк пен жерді сидырып, Жиып салдың, сақтап қалдың миыңа.Атом деген алпауытты ысырып,Бейбіт күнге қызмет қыл химия! АнаграммаНарод -----------Торф -----------Урна -----------Удар ----------- Ромб ----------- Канал----------- Бокал ---------- Қорытынды: Мықты болса іргетас,Құламайды үйлерің .Химияға тәжім ет,Белді бекем будағы.Химиясыз өмір жоқ,Ән мен бүгін көңіл тоқ.Терең білім алуға,Талпынайық сіз, біз боп.Заман қанша қиын – қыстау болса да,Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылған,Жүлдегерді танытпасак бола ма? - депСөздің кезегін әділ – қазыларға береміз. Алда әлі де биік – биік асулардан көріне беріңіздер! “Біз өмір бойына жететін білім алу” моделінен өмір бойы білім алып өту моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық. “Білімді азамат – ел ертеңі ” Назарларыңызға рахмет !