Бастауыш сынып?а арнал?ан ?бу Насыр ?л Фараби атты презентация


Әбу Насыр әл-Фараби Данышпан Әбу Насыр әл-Фараби Түркістан тарапындағы Отырар шаһарында 870 жыл шамасында туған. 950 жылы Шам (Дамаск) шаһарында ұлы ұстаз дүние салды. Бұл мәлімет ерте заманғы арабша жазылған шежіре кітаптарында берілген. Отырар шаһары-Арыс өзенінің Сырдария өзеніне құяр аралығына орналасқан. Отырар сол кездегі үлкен шаһарлардың бірі болды. Бұл жерде көптеген төбелер жатыр. Сол төбелердің барлығы да бір кездегі Отырар қаласының орны. Әл- Фараби- ұлы ғалым. Ол- ұлы ойшыл, философ, социолог, математик, физик, ботаник, лингвист, логик, музыка зерттеушісі. Әл- Фараби араб, парсы, түркі, латын, грек тілдерін жақсы білген. Әл- Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын алады. Оны шығыстың Аристотелі деп атаған. Шымкент қаласында Мәдениет институты, Алматыда Қазақ Ұлттық университеті Әбу Насыр Әл- Фараби атымен аталады.