Баяндама Сыныпта т?рбие ж?мысын ??руда?ы сынып жетекшіні? ролі


Сыныпта тәрбие жұмысын құрудағы сынып жетекшінің ролі Тәрбие —  халықтың ғасырлар бойы жинақталған ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, балалардың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Тәрбиенің негізгі мақсаты — дені сау, ұлттық сана-сезімі, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар-ожданы мол, іскер, бойында игі қасиеттер қалыптасқан адам тәрбиелеу. Тәрбие жұмысының басым бағыттары:Қазақстандағы патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие;Рухани-адамгершілік тәрбие;Ұлттық тәрбие;Отбасы тәрбиесі;Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты. Сынып жетекшісі – оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы, түрлі іс- шаралар барысында оқушылар арасында ынтымақтастық қарым- қатынасты қалыптастырушы, олардың жеке тұлға ретінде дамуын бақылаушы, оқушының күнделікті өміріне кеңес берер көмекші, сыныпта қолайлы ахуал тудырушы, үйлестіруші. Оқушы — қоғамның белсенді мүшесі, жарқын келешек кепілі. Оқушы мәдениетін қалыптастыру арқылы біз жеке тұлға қалыптастырамыз. 2 «Ә» сынып оқушысы Серикжан Арайдың мектепішілік «Болашақ» газетінде жарық көрген шығармалары 1. Өз сыныбының жұмысын үйлестіріп отыру.2. Оқушылар мен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, оған бағыт беріп отыру.3. Мектеп пен отбасының байланысын жасау.Сыныпта оқушының тәрбие жұмысын ұйымдастыру негізінде 3 міндет жүктеледі: 2 «Ә» сынып оқушылары сынып сағатында Күнде сабаққа келмеген және кешіккен оқушылардың себебін анықтап, олармен жұмыс жасау;- Сырқаттанған, көп сабақты босатқан оқушыларға қосымша сабақтар ұйымдастыру;Бекітілген сынып бөлмесінің тазалығына, көрнекіліктердің сақталуына, оқушылардың сыртқы түрін қадағалап, оқулықтар мен дәптерлерін тексеру.Апта сайын күнделіктерін тексеру, тексеру барысында пән қойылуы мен толтырудың ұқыптылығы мен дұрыстығына көңіл аудару.Сынып жетекшісінің міндеттері: 2 «Ә» сынып оқушысы Көреген Қарақаттың жетістіктері 2 «Ә» сынып оқушыларының сыныптан тыс шараларда жеткен жетістіктері 2 «Ә» сынып оқушыларының жетістіктері Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу ұстаз парызы болғандықтан баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Назараударғандарыңызғарахмет!