«Жас?спірімні? дамуында?ы ?сіп жетілуіне ?атысты ата-аналар арасында?ы ?арым-?атынас ж?ргізу»


Ы.Алтынсарин атындағы гимназия Тақырыбы:«Жасөспірімнің дамуындағы өсіп жетілуіне қатысты ата-аналар арасындағы қарым-қатынас жүргізу» Баяндамашы: педагог-психолог Нурманова Гульмира Куандыковна Мақсаты Ата-ана мен баланың отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау, қарым-қатынас пен болашағы жайлы түсінік қалыптастыру Біз әркімнің ар-намысы, абыройы мен беделі қадірленетін, мәртебелі мораль, этикалық негіздері мен рухани құндылықтарірге тепкен қоғам құруға тиіспіз. Н.Назарбаев Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің үштасуын жиі байқауға болады. Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз — адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы. Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялың фактордық рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды: 1) төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін);2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін);3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін). Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог-маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт. Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасындағы болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезінгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады. Баланың мектепке 7 жасында баруы — негізінен биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа алудан деп түсінген жөн. Дендері сау боп дүниеге келген балалар, қашан да алғыр да зерек үғымталдығышпен ерекшеленеді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары да белгілі Мектепке бару баланың қоғамдағы және отбасындағы жағдайын өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер жүктейді. Осының бәрі баланың қоғамдағы жағдайын өзгертіп, бұл  өзгерісті ол біртіндеп сезінеді. Төменгі сынып оқушылары біртіндеп оқу ісіне, мектептің сан-салалы өміріне бауыр басып, өздерінің  түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын молайып, оқуға, жазуға  , санауға үйренеді. Төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда ойлау әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Екінші сатыда оқушылар заттар мен жағдайларды сыртқы белгісі бойынша бағалайды. Есейе келе ойлау сипаттары өзгереді. Оқушылар білуге әуесқой болғандықтан, олардың табиғат құбылыстары, адамдардық өмірі туралы сұрақтары көбейеді. Шығармашылық ойындар баланың ақыл-ойын дамытады. Бұл жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті — оқу. Бастауыш сынып оқушылары ұзақ уақыт бір қалыпты отыра алмайтындықтан, сабақта жазу мен оқуды алмастырып, сергіту сәттерін өткізіп, сыныптың ауасын тазартып, үзіліс кезінде мектеп ауласында ойындар ұйымдастыру керек.Мұғалім оқыту процесін жеке бөліктерге бөліп, оқушыларға жеңіл тапсырмалар беріп, оларды бірте-бірте күрделендіріп отырады. Оқыту процесі зейін мәдениетін тәрбиелеуге бағытталуы керек. Мектептің ең негізгі міндеті — балаға білім атаулының әліппесін үйретумен қоса, оның өмірдегі өз орынын табуына көмектесу. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ең бастысы — ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесін өзара байланыста кешенді жүргізу.Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі.Жыныстық толысу тез жүреді:— қыздарда — 11-13 жас;— ер балаларда — 13-15 жас.Жеткіншек шақ. Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің V-VIII сыныбына сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл — ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас. Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы -оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық, әлеуметтік негіздерін қолданып, қалыптасуының жалпы бағытының белгіленуі. Олар көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып тентектіктер жасайды, әлі де бала бола жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің жеке басындағы басты жаңа құрылым өзі туралы «енді бала емеспін, ересекпін » — деген түсініктің пайда болып, өзіне жұрттың осы-лай деп қарауын тілейді. Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқу қызметіндегі ол қылықтардың сырттай көріну дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Жеткіншектер білімді, әділ, мейірімді, сабақтағы жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдерді бағалайды. Мұғалім міндеті — оқу материалдарын қайталау арқылы мағынаны есте сақтауға үйрету болып табылады. Жеткіншектік шақ — болашақ туралы балалық армандардық орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға ұмтылатын кезең екендігін үнемі қаперде ұстауымыз қажет.Сананың дамуы баланың өз бетімен тәуелсіз талаптануын тудырады. Олар үйелменде, мектепте еңбек процесіне араласады, күнделікті өмірді бақылайды, ой-өрісі кеңиді. Бұл жастағы бала намысқор келеді, үлкендер бақылауын әкімшілік шараларды ұнатпайды. Үлкендерді озбырлық жасайды деп ойлайды. Кейде түсініспеушілік осындайдан да туады. Үлкендерге байланып олардың мінезінен шындықты байқауға тырысуы үлкендер мен балалар арасында түсініспеушілік туғызады. Үлкендердің ойланбай асығыс шешім қабылдауы балаға зиян келтіруі мүмкін. Бұл жастағы балалар өнегелі адамдардық істерімен масаттанады. Осы тұрғыдан баланың мінезін тәрбиелеу, ықыласы мен қабілетін дамыту, мұқтаждары мен тілектерін қамтамасызыз ету дұрыс педагогикалық ойларға негізделуі керек. Осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастыру керек. Жеткіншіктер қоғамға пайдалы істерге ыңыласты, ұжымшыл, жолдастық, достық сезімге бай, кітап оқуға, кинофильмдерге көруге ынталы, спортты ұнатады. Жеткіншектердің қалыптасуында жолдастарының қоғамдық пікірі үлкен рөл атқарады. Мораль мәселелерін талдау және адамгершілік тақырытындағы пікір сайыстардың әсерінен өмірдің мәні, өз болашағы, мамандығы туралы, өз беделі туралы ойланатындықтан, мұғалім бұл мәселелерді шешуге пәрменді түрде көмектесіп, күнделікті іс-қылықтардың адамгершілік мәнін ашуға көмектеседі. Ересек адамдар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, әр баламен ойланып жұмыс істеу керек. Сәнге сәйкес киінгені, музыка тыңдағаны үшін баланы сөгу дұрыс емес. Жеткін-шектермен өзара әрекеттің негізгі тәсілдері: онымен бірге іс-қылықтарды, оқиғаларды талдау, баға бергізу, өзін-өзі талдауға, өз мінез-құлқын басқаруға үйрету. Осы жаста адамның мінез-құлқы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне бастайды. Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады: а) ата-анамен келіспеушілік жағдайда болу; ә) мектептегі қиындық пен сәтсіздік; б) тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс орнату.Отбасы жағдайы, ата-ананың кәсібі, материалдық жағдайы, білім деңгейі жеткіншектің өмірдегі жолын айқындайды. Ата-ананың саналы, мақсатты Тәрбиесі бала өмірінде үлкен рөл атқарады. Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар тобы — барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы, ең маңызды қоғамдық факторы. Демек, баланың мінез-құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер ететіндіктен оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына байланысты. Педагогикалық, әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік, оқу жүйесіндегі сәтсіздік — ауытқымалы мінез-құлықтың қайнар көзі. Жеткіншектің мінез-құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез-құлық деп аталады. Девиантты мінез-құлықтың бір түріне қылмыстың әрекетке апаратын агрессивті мінез-құлық (төбелес, тіл тигізу) жатады.Жеткіншектің мінез-құлығындағы агрессивттілік адамдарды аяу сезімінің жоқтығынан садистік бағытқа бейімделу нәтижесінде өзін қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұл жағдай тұлға аралық, топ аралық кикілжіңге өршігіп кетуі мүмкін. Жеткіншектің мінез-құлығындағы агрессивтілік ішімдікпен, нашақорлықпен тікелей байланысты. Кейде жеткіншектер ішімдік ішкен кезде өзінің еңбегін (бұзақылық, төбелес, сәтті аяқталған оқиғаларын) атап өтеді. Жеткіншектің тәртібі агрессивті күйде болса, олар «қиын» балалар қатарына жатады. Кейбір мектеп мұғалімдерінің қиын балалармен жұмысы сынып алдында жүйке жұқартатын әңгіме, жазалау, т.б. түрінде жүзеге асады. Әдетте, бұл әрекеттің барлығы оң нәтиже бермей-ді, керісінше қиын жеткіншектердің мұғалімге, мектепке кектенуі күшейіп, қарсы келуіне әкеледі. Мұғалімдер қиын жеткіншектерге өзінің кері көзқарасын жасырмағанда, олармен кикілжіңге келеді. Девиантты мінез-құлықты жеткіншекке қолданылатын тәрбиелік профилакти-калық іс-шаралар – тұүлғаға әсер ету, әлеуметтік педагогикалық түзету іс-шаралары, кері әсерлі ортаны сауықтыру. Жасөспірім шақ (15-17 жас)Жасөспірімдік кезеңнің көптеген теориялары бар. Жасөспірімдік шақ бала мен ересектік шақтың аралығы, баланың ересектерге тәуелділігімен сипатталады, ересектер баланың өмірлік іс-әрекетін мазмұны мен бағытын белгілейді.Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері — мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге, өз отбасын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді.Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай қалыптасып болады. Сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды, алайда ол одан әрі жетіле береді. Жасөспірімдік шақ — жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз ағзасы мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі байқалады. Сондықтан жасөспірімдік шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге өзін көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға құштарлық тән Дамудың биологиялық негіздері 10 жас – бала. Салмақты, сенгіш, ата-анасымен тең, өмірге жеңіл қарайды, өзінің сырт-әлпетіне көңіл бөле қоймайды. 11-жас бала. Импульсивті, көңіл-күйі тез өзгереді, ата-анасына қарсы шығады, құрдастарымен жиі ұрысады. 12-жас бала. Қызбалығы тез басылады, өмірге деген көзқарасы оң, отбасынан алшақтай бастайды, құрдастарын көбірек тыңдайды, сырт-әлпетіне көңіл бөледі, қарама-қарсы жынысқа қызығушылығы артады. 13-жас – жасөспірім. Ішіне жасырады(интровертность), өзін сынай алушылық, сынға сезімді, ата-анасына сыни көзбен қарайды, дос таңдай біледі. 14-жас – жасөспірім. Экстраверсия, күшті, жұғысқыштық, өзіне сенімді, басқа адамдарға қызық, өзіне сыни көзбен қарап, кейіпкерлермен салыстырады. 15-жас – жасөспірім. Жеке басының ерекшеліктері пайда бола бастайды: тәуелсіздік рухы, сыртқы бақылаудан еркіндік, өзін-өзі тәрбиелеудің басталуы. Ренжігіш, зиянды залалдарды қабылдағыш. 16-жас – жасөспірім. Тепе-теңдік. Бүлікшілдік мінезі өмірсүйгіштікке орын береді, ішкі дербестігі арта түседі, эмоциалды салмақты, адамға үйір болады. Олар өз мамандығын таңдап алуға тырысады. Мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады. Оларға іс-әрекетті өз бетінше орындауға мүмкіндік беріп, дұрыс бақылау мен педагогикалық басшылық жасау керек.Бұл кезеңде сезім, достың қарым-қатынастар дамиды. Мысалы: ғашықтың, өзара сенім, қайырымдылық, бірін-бірі сыйлау, көмек көрсету, іс-әрекеттерін бірігіп орындау, жолдасының кемшілігін айтып, жоюға көмектесу.Бұл күндегі жастардың мінезінде түрлі өзгерістер пайда болды. Мысалы, қыздар өздерінің сыртқы киіміне, дене қимылына көңіл бөледі. Ер балалар әдемі киініп жүруді ұнатады. Әр түрлі іс-әрекеттерінің барысында осы ерекшеліктер еске алынады. Сонымен мектепке дейінгі балалық шақтан жасөспірімдік шаққа дейін балалардың бейімділігін және қабілетін, мінез-құлқы мен темпераментін мұғалім-тәрбиеші, ата-ана үнемі еске алып, олардың дұрыс дамуына, қалыптасуына жүйелі түрде ықпал етуі қажет. Ата-анаға, ересектерге бағынатын бала жалпы аз. Сондықтан кезкелген отбасында бала тәрбиесіне теріс қылықтары үшін жазалайтын сәттер міндетті түрде болып тұрады. Онсыз мүмкін емес. Себебі баланың болашақта ақ пен қараны ажырататып, өмірде өз жолын табуы қажет-ақ. Бірақ қалай оның іс-әрекетін біле тұра жазаламаймыз? Кейбір ата-аналардың тұйыққа тірелетін, ойын сан-саққа жүгіртетін сауалы да осы. Ол үшін мына кеңестер кез келген ата-анаға көмек бола алады: Балаға ата-ана көшбасшы. Ата-ана мен бала арасында екі түрлі көзқарас болмауы керек. Бала үшін ата-анасы көш бастайтын көсем болуы керек. Демек ата-ана әрбір ісіне мән бере қарау керек, сонда бала ата-ананың соңынан ереді. 4-5 жасқа дейін ата-ана мен бала арасындағы қарым – қатынас өз деңгейінде қалыптасса, әрі қарай да олардың арасында үлкен түсініспеушіліктер болмайды. «Болатын» және «Болмайтынның» шекарасы. Балаға берілетін дұрыс тәрбие «Болатын және болмайтын» іс-әрекеттерді айқындайтын нақты шекарадан тұрады. Бұдан бала ненің дұрыс, ненің бұрыс, қай қылығының он екідегін анық ұғып өседі. Күнделікті теріс қылығын көрген кезде оның дұрыс емес екендігін ескерту балаға сабақ болады, келесіде дәл солай қайталаған кезде тағы да ескертуге ерінбеңіз. Сонымен қатар әрдайым баланың алдында емес соңында жүріңіз, Ата-ананың бала үшін қойған шекарасынан ол әдеттегі айтыла беретіндей «жалтақ» болып кетпейді. Шекара – бала өмірін жеңілдетеді, болашақта үлкен қателіктер жасауда алшақ болады. «Болмайды» деп айғайлауға болмайды. Бала да ата-ана сияқты отбасының бір мүшесі. Оның орны құқығы бар. Баланың отбасы мүшелерімен қарым – қатынасында шекара болуы керек. Егер баланың қандай да бір ісі сізге ұнамаса, ыңғайсыздық тудырып жатса, оған шектеу қойғаныңыз дұрыс. Іс-әрекетіне лайықты мақтау сөздер айтыңыз. Мұны өзіңізге ереже ретінде ұстаныңыз. Мысалға:үйге келген қонаққа сәлем беріп, кетерінде қоштасса, бала ісіне мақтау айтып отыру керек. Тірліктегі басқа да жақсы іс – әрекеттерін елеп, жақсы баланың үнемі осылай жасайтындығын мейрімді күлімсірей отыра мақтаңыз. Себебі кез-келген бала мақтауды сүйеді. Сол үшін өз бойына жақсы әдеттерін арттыра түседі. Түсініспеушілікті баламен бірге шешуден қорықпаңыз. «Бала гой, кішкентай ғой не түсінер дейсің?» деген түсініктен аулақ болыңыз. Баладан қай жерден түсінбегенін, неге бұлай еткендігінің себебін сұраңыз. Сонда араларыңызда бір-біріңізді еркін түсінетін көпір ұалыптасады. Оны жазалаудың сіз үшін ауыр екендігін және жазалағыңыз келмейтінін де айтқаныңыз артық емес.Жақсы ата-ана біледі және әрдайым есте сақтайды: Баланы әрдайым сынап-міней берсе, ол жек көруге үйренеді;Баланы мұқата берсе, ол тұйық болады;Баланы мақтаса, ол игілікті болуды үйренетінін;Баланы қолдаса, ол өзін бағалауды үйренетінін;Баланы үнемі жазғыра берсе, ол кінәлі сезіммен өмір сүретінін;Бала шыдамдылықта өссе, ол басқаларды түсінуге үйренетінін;Бала адалдықта өссе, ол әділетті болуды үйренетінін;Бала қастандықта өссе, ол басқыншыл болып үйренетінін; Бала түсіністік пен мейрімділікте өссе, ол осы әлемде махаббатты таба білуді үйренетінін;Бала мінез – құлқын өзгертудің кілті-ата-ана баланың арасындағы қарым-қатынасты өзгертуде жатыр. Баланы жазалау керек па?«Қиын» бала, «Шатақ» бала деп ата-аналар өз балалары туралы көп айтады.Ал бала неге олай болады? Балаға күш көрсете тәрбиелеу – біздің заманымызда ақылға сыймайтын көзқарас, шапалақтау немесе тепкілеу біздің өз басымыздың тәрбиесіздігі, өзімізді ұстай алмауымыздан. Баяғыда бір данышпан: «Баланы ұрмаңдар, есіңізде болсын, олар әлі қорғансыз. Баланы тәрбиелегенде дүре соғу аз жұмыс болғанмен, олар өскен кеде біз олардан қуаныш пен махаббат күте алмаймыз. Дене жазасы мен қатыгездік арқылы сіз олардың жүрегін жарияладыңыз»-деген екен. Ата-ананың үйіндегі іс-әрекеті, үстел басындағы әңгіме сөзі балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан ата-ана жақсы және жаман қасиеттерімен балаға зор ықпал ететінін ұмытпаңыздар. Ата-ананың киім кию, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы, өзгеге деген ілтипаты, үй ішіндегі тазалық пен тәртіп, сыпайы мінез, мейрімділік, төзімділік, балаға деген сүйіспеншілік тәрбие барысында өзінің оң нәтижесін берері анық. Баланың үйде көргені мен естігені – тәрбиенің ең үлкені. Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең әуелі оның ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл – ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Өсіп келе жатқан бала - ата-ананың өзін көрер айнасы.