Дефектология п?ні бойынша М?мкіндігі шектеулі т?л?алар?а арнайы білім беру туралы презентации


Мүмкіндігішектеулі тұлғаларға арнайы білім беру ЖОСПАР:1.Арнайы білім беру және құрылымы2.Арнайы білім беру мекемелері,жүйесі3.Арнайы білім беру мазмұны4.Білім беру мазмұнының тасымалдаушылары5.Қорытынды тест тапсырмалары Арнайы педагогика - педагогика ғылымының бір саласы. Арнайы педагогика өмір сүру әрекетінде мүмкіндіктері шектелген адамды, олардың барлық өмірін сүру әрекетінде мүмкіндіктері шектелген адамды, олардың барлық өмірін циклін қамтиды. Арнайы педагогика жалпы педагогикалық терминдермен бірге өзіне тән ғылыми терминалогиясы бар, ол даму мүмкіншілігі шектелген баланың психологиялық ерекшелігін зерттеу және оларды оқыту мен тәрбиелеудің үзақ уақытты процесінде қалыптасады. Ерекше білім алуға мүқтаж, мектеп жасындағы балалар әртүрлі білім беру мекемеде немесе үйде арнайы білім беру стандартына сәйкес білім алады.-1 түрдегі арнайы (түзету) білім беру мекемесі (саңырау балаға арналған мектеп-интернат):-   II түрдегі арнайы (түзету) білім беру мекемесі ( қүлағы нашар еститін және кеш саңырау болып қалған балаға арналған мектеп-интернат);-   III түрдегі арнайы (түзету) білім беру мекемесі ( көзі көрмейтін балаға арналған мектеп-интернат);-   IV түрдегі көзі нашар көретін балаға арналған мектеп-интернат;-   V түрдегі сөйлеу қызметі ауыр бүзылған балаларға арналған мектеп- интернат;-     VI түрдегі ( тірек-қимыл аппараты бүзылған балаларға арналған мектеп-интернат);-     VII түрдегі арнайы түзету білім беру мекемелері оқуда қиыншылығы бар -психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектеп немесе мектеп-интернат);-     VIII түрдегі арнайы (түзету) білім беру мекемесі ( ақыл-есі кем балаларға арналған мектеп жэне мектеп-интернат);  Бала арнайы білім мекемесіне бара алмайтын болса, онда оны үй жағдайында оқыту ұйымдастырылады. Мұндай оқуды ұйымдастыруды РФ Үкіметінің 1996 ж 18шілде №861 «Мүгедек балаларды үйде және мемлекеттік емес білім беру мекемелерінде тәрбиелеу мен оқытудың тәртібін бекіту туралы» қаулысымен белгіленеді.Мектеп баланы қорытынды аттестациямен қамтамасыз етеді және білімнің сәйкес деңгейімен құжат береді. Аттестациялауға түзету жұмысын жүргізу үшін қосымша тартылған педагог дефектологтар қатысады. Білім беру мазмұнына іріктеу принциптері:Білім мазмұнының қоғам,ғылым және тұлғаның даму талаптарына сәйкестігі принципі;Білім мазмұнының құрылымдық бірлігі принципі;Оқытудың мазмұнды жағының біркелкі принципі;Білім мазмұнын іріктеу критерийлері:Оқу пәндері бойынша білім беру мазмұнының күрделілігі белгіленген жастағы білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың шынайы оқу мүмкіншіліктерімен сәйкес болуы;Білім беру мазмұны мекемеде бар оқу-әдістемелік және материалдық базасына сәйкес болуы;Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар:Білім берудегі түсініктілік;Оқу пәндері арасындағы байланыс;Оқу материалының дұрыс көлемде бөлініп берілуі; Мемлекеттік білім беру стандарты-оқытылатындардың біліктілігінің минималды қажетті деңгейін анықтайтын негізгі нормативті құжат. Оқу бағдарламасы-білім мазмұнын сипаттайтын,пәндер бойынша әр жылға және оқытылатын курс тараулары мен тақырыптарына бөлінетін сағаттар санын белгілейтін,мұғалімдерге әдістемелік нұсқаулар ұсынылған нормативті құжат.