«Жобалы? ?рекеттерді ?йымдастыру мен интернет-технологияларды информатика саба?тарында ?олдану ар?ылы о?ушылар дарындылы?ын дамыту»


Қостанай облысыНауырзым ауданыНауырзым орта мектебі       Информатика пәні мұғалімі Есенбаев Жұмабек Шөпшібайұлы1 ТАҚЫРЫБЫ:«Жобалық әрекеттерді ұйымдастыру мен интернет-технологияларды информатика сабақтарында қолдану арқылы оқушылар дарындылығын дамыту» МАҚСАТЫ: Жобалық  оқыту  технологиясының  әдіс-тәсілдерін  үйрету, жоба  жұмыстарын  ұйымдастыру тәжірибесін  талдау, оның  тиімділігін  анықтау. Информатика пәнінен оқушылардың білім сапасын жақсартуға, білім жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің тиімді әдістері мен бағыттарын қалыптастыруда интернет-технологиясын қолдану.МІНДЕТТЕРІ:- Жобалық әрекеттерді ұйымдастыру жолдары.- Интернет-технологиясын информатика сабақтарында қолдану арқылы оқушылардың дарындылығын дамыту. Жоба – мұғаліммен  ұйымдастырылған  және  оқушымен  өз  бетінше  проблема  шешудегі жүзеге  асырылған  іс-әрекеттер  жүйесі.Бұл  технологияда    мұғалім  мен  оқушының  іс-әрекеттері  түбегейлі  өзгереді.  Оны  салыстырып  көрелік:МҰҒАЛІМОҚУШЫ Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушыБағыт – бағдар беруші, кеңесшіОқушының  жетістігін  құптаушыЫнталандырушы, мақсат қоюшы Мақсаттарға  жетелеуші Оқыту  субъектісіМақсатқа  дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъектӨзін-өзі және бір-бірін оқытушыӨнерпаз, жасампаз еңбектің иесі Өз ізденісімен  табысқа  жетуші шығармашылық  тұлға





 «Жобалар әдісі» білім беру  ресурсы:Жобалар әдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы: «Оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін және сыни тұрғыдан ойлауын дамыту». Жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелейді.   Жобалар әдісінің  мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы  шешімін табуды алдын-ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды. Рефлекторлы  ойлау мәні – фактілерді әрдайым іздеу, талдау, олардың анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін, күмәннан шығу жолдарын табу, фактілерді логикалық тұрғызу, дәлелденген пікірлерге негізделген сенімділікті қалыптастыру.  ЖОБАЛАР ӘДІСІ  БІРІНШІДЕН – ҚАНДАЙ ДА БІР МӘСЕЛЕНІ ШЕШУДІ, ЕКІНШІДЕН –   НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІ БОЛЖАЙДЫ.  Жобалар әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға  жетудің  тәсілі. Орындалған жобалардың нәтижелері «көрнекі» болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі, егер тәжірибелік болса – қолдануға дайын нақты нәтиженің болуы.  Жобалар әдісін педагогикалық технологиялар ретінде айтатын болсақ: онда бұл технология зерттеушілік, ізденістік және мәселелі әдістердің жиынтығы, өзінің мәнісіне қарай шығармашылық болып табылады.  ЖОБАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ: Нақты нәтиже шығару жобасыНақты уақыт белгілеуЖұмыс жүргізу жобасыНақты мәселенің талдауыНӘТИЖЕ ШЫҒАРУ  ЖОБА  ЖҰМЫСТАРЫН  ҰЙЫМДАСТЫРУДІҢ КЕЗЕҢДЕРІ:ДАЙЫНДЫҚ  КЕЗЕҢІЖОСПАРЛАУЗЕРТТЕУНӘТИЖЕНІ  ТАЛДАУТҰСАУ  КЕСЕРБАҒАЛАУ





 Тәжірибені жинақтап қорытудың нәтижесінде жобалық технологияны пайдаланып оқыту жүйесіндегі ақпараттық циклдің қорытындысы:Жобалау әдістемесі оқушыларды информатикаға және ақпараттық технологияға оқытуда жоғарыда келтірілген оған тән ерекшеліктеріне негізделген кең таралған тәсілдерге ие боладыЖобалау әдістемесін пайдалану мектепте оқытудың барлық сатысында нәтижесін береді.


 Жобалық әрекеттерді ұйымдастыру жолдарынан шығатын нәтижеЖеке тұлғаға, тәжірибеге бағытталған, үздіксіз білім беру принциптеріне негізделген танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру формаларын, әдістемелерін, оқу бағдарламаларын, авторлық зертеулерді жасақтау

 Оқу үрдісінің ақпараттық-техникалық қамтамасыз етілуін жүйелі түрде іске асыру, оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды тиімді де сапалы қолдану мақсатында – интернетке шығу. Білім беру ақпараттандырудың маңызды бөлімінің бірі – қашықтан оқыту. Қашықтан оқыту – бұл қазіргі заманға сай АКТ негізінде, оқыту үрдісінің субъектілері, мұғалімдер мен оқушылардың электронды басылымдарының авторлары мен оны пайдаланушылардың қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Информататика сабағында интернет-ресурстары - оқушылардың ғаламдық-интернет желісіндегі ақпараттық білім беру кеңістігіне қызығушылығын; ғаламдық және жергілікті желілермен жұмыс жасауға ынтасын;Отандық және шетелдік интернет-ресурстарды табуға қызығушылығын арттырады; САБАҚТА АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ, ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ: • оқушының өз бетімен жұмысы; • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу; • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; • шығармашылық есептер шығару; • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі; • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.  ҚОРЫТЫНДЫ:Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже:- жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру. Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі дамыған тұлға болуы қажет. 16Зейін Қойып тыңдағандарыңызға рахмет! {35758FB7-9AC5-4552-8A53-C91805E547FA}Жоба жұмысы кезеңдеріЖұмыс  мазмұныМұғалімнің негізгі іс – әрекетіОқушының іс-әрекеті 1. Дайындық  кезеңіЖоба тақырыбын анықтауБір бағыт төңірегінде оқушыны тақырып таңдауға ынталандыру. Өз ойын ортаға салу, орындайтын тапсырмаларының мақсатын анықтау. 2. ЖоспарлауАқпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету. Оқушыны өз бетімен ақпарат жинақтауға бағыттау, пікірін ескере отырып, талдау шешімін тыңдау. Ұсыныс беру. Жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлау, белгілі нәтижеге қол жеткізу уақытын белгілейді. 3. ЗерттеуАқпарат жинау, аралық нәтижені талдау. Зерттеудің негізгі құралдары: сұхбат, анкета, бақылау, ғаламтор, баспа материалдары, энциклопедияларОқушы күнделігін бақылау, талдау нәтижесін салыстыру арқылы алдағы жұмысқа бағыт беруӨз зерттеулерін  жүргізу. 4.Нәтижені  талдауАқпаратты  талдау. Бақылау, кеңес беруЖұмысын дайындайды, көрсетеді 5. Тұсау  кесерЖұмысын қорғау,  ауызша немесе жазбаша (буклет, альбом, презентация,коллаж) түрде жүзеге асады.Оқушыны тыңдау, проблемалық сұрақтарын қою арқылы сөйлетуге мүмкіндік жасау.Алған нәтиже туралы есеп береді. 6.Бағалау Шығармашылық жұмысты бағалайды, ұсыныстар береді.Жоба  жұмыстарын  ұйымдастырудің жоспары: