К?сіби ба?дар беру ж?мыстарын бас?ару ??зыреттілігін дамытуды? инновациялы? ба?ыттары


«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтыПедагогика және инклюзивті білім беру кафедрасыТақырыбы:Кәсіби бағдар беру жұмыстарын дамытудың инновациялық бағыттарыТыңдаушылардың жоба жұмысыОрындағандар: С.Е.РазаховаТексерген: Көмекова С. Мақсаты: кәсіби бағдарлау жұмыстарын дамытудағы инновациялық бағыттарды анықтауӨзектілігі: 2015 жылғы Елбасының «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатын басшылыққа ала отырып, жалпы орта мектеп сатысында кәсіби бағдар беру жұмыстарының инновациялық бағыты - диагностикалау әдісін тиімді пайдалану бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің құрамына ену мәселесін шешудің бірден бір жолы болып отыр. Осыған байланысты жоба жұмысы-ның міндеттері айқындалып, зерттеу нысаны таңдалды. Жоба жұмысының маңыздылығы инновациялық бағыттарды мектеп жағдайында тиімді қолданудың жолдары мен оның нәтижелерін өңдеу әдістемесі ұсынылып отыр.   Міндеттері:1.Кәсіби білім беру мен инновация бағыттар түсінігін талдау;2.Кәсіби бағдар беру жұмыстарын пән бойынша ұйымдастыру;3.Кәсіби бағдарлаудың инновациялық бағыты-саяхат, қашықтықтан оқыту, сауалнамалау, кездесулер ұйымдастыру, дебат, конференция, диагностикалау, пәндік интеграция әдісін, мобильді мультимедиялық құралдарын тиімді пайдалану Зерттеудің нысаны: жалпы орта мектептің жоғары буыны 9-11 сыныптар Зерттеу әдістері: Редуктивтік-дедуктивтік, мәселелік, ізденушілік, шығармашылық, коммуникативтік, диагностикалауБолжам: нарық бәсекесіндегі жалпы орта мектептің кәсіби бағдар беру жұмысының иинновациялық бағытының бірі -диагностикалау әдісін оқу үдерісінде тиімді, сапалы қолданылуы тұлғаның кәсіпті өз бетінше саналы түрде таңдауына бағыт береді.Күтілетін нәтиже: жас ұрпақты кәсіби бағдар беріп тәрбиелеуде, мектеп қабырғасында жаңа мазмұндағы инновациялық бағыт ретінде мониторингілеуді тиімді пайдалану - ол бәсекеге саналы дайындалған маманның алғы шарттарын қалыптастырудың бірден бір көзіне дәлел бола алады    Кәсіптік бағдар Мамандық таңдаудағы жеке икемділіктерінің, қызығушылығының, кәсіптік ынтасына және қоғамның әр-түрлі деңгейдегі квалификациялы және әр-түрлі мамандық кадрларына сұранысымен жастарды дайындаудағы бағытталған іс-әрекет. Инновациялық үрдіс Жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Инновацияның өмірге енуі мектептің өзінің жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты. Кәсіптік бағдар берудің принциптері инновация Инновациялық үрдіс Оқушыларға кәсіби бағдар берудің мүмкіндіктері . Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдісті басқару тұлғалы бағдарлы теория құрылымының әдістемесі Үздіксіз білім берудің жаңа жүйесін құруда білім мазмұны және құрылымын өзгертумен қатар, инновациялық үрдісті басқаруда білім мекемесі басшысының құзыреттілігін зерттеу және бағалау мәселесі туындаған.Білім жүйесінің дамуы мен басқарудың заманауи жағдайлары инновациялық үрдістерді зерттеудің аумағын кеңейтуді талап етеді.Ол тұлғаның жаңа экономикалық және әлеуметтік өзгерістерде тұрақты икемделуі мен оның қоғамда, тұрақты иекмделуімен оның қоғамда, адами шығармашылық потенциалының дамуы мен өзі көздеген талаптар, мақсат, құндылықтарды ескеріп өз өмірін ұйымдастыруы мен басқаруын көздеп отыр.Қазіргі таңда инновациялық үрдісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі жеткіліксіз болып тұр. Ж. Аймауытов «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асырудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде-кім өзіне ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істелген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ"-дейді. 12 жылдық білім беруге көшу үрдісі жүруде. Осы орайда бірінші кезекте кәсіптік білімге көңіл бөлінеді, яғни оқушылар мектеп бітірісімен сұранысқа сай маман болып шығуы қажет. Ал, мамандық иесі болу үшін баланың икемділігі, қызығушылығы, білімі жан-жақты зерттелуді қажет етеді. Біздің жоба жұмысы осы кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізудің, оқушыларға, олардың ата-аналарына мамандықты саналы таңдауына көмектесу барысында жүреді.Енді осы кәсіптік бағдарлама жинағын қолдану аймағын кеңейтуді мектептің кәсіби бағдарлау жұмысына ұсынып отыр. Жоба жұмысының дәлелділігі, мектептердің іс тәжірибесіне енуімен нақтыланып, кәсіптік бағдарлауда осы жұмысты оқу-тәрбие барысында қолдануға болады. Қорытынды Дүниеде адам мен адамның танысып, түсініскенінен артық байлық жоқ. Сент- Экзюпери Назарларыңызға рахмет!