Физика саба?ында PISA халы?аралы? зерттеу ба?дарламасы технологиясын ?олдану ар?ылы о?ушыларды? ?ылыми ой-?рісін дамыту презентация


Тақырыбы: Физика сабағында PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ғылыми ой-өрісін дамыту Зеленов ауданыНовенький орта жалпы білім беретін мектебі Маулешева Г.А. физика пәні мұғалімі Дайындаған: 19.08.2014ж « Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі» Питер Клайн Өзектілігі: Жаңаша оқыту технологиясы негізінде интерактивті оқыту әдістерін пайдаланып, жан-жақты жұмыстана алатын, зерттеушілік қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру Проблема Оқушылар:әрдайым алған білімдерін практикада қолдана алмайды;таныс емес жағдай негізінде логикалық есептерді шешуде қиындықтарға кездеседі;пәнаралық байланыс қолданылған тапсырмаларды орындай алмайды. Мақсаты: Жас ұрпақтың терең білім алып,ой-өрісін өсіріп, шығармашылықпен жұмыс істей алуына жағдай туғызу, сөйтіп әрбір оқушының өзін-өзі дамытуына, өз мүддесі мен қызығуын қанағаттандыруына ынталандыру, бойындағы қабілетіне сай білімін ұштауына ықпал жасау.Міндеттері: Бала бойындағы бейімділікті байқай алу Қабілетті оқушыларды ерте анықтау Қабілетті оқушыларды анықтай отырып,оларды тәрбиелеп, білім беру жүйесін жетілдіру Оқушының дүниетанымын кеңейту, оларды зерттеушілік қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерін жетілдіру ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту. Күтілетін нәтиже: Оқушылар бойындағы бейімділік пен талантын, танымдық, ізденушілік қабілеттерін зерттеу негізінде қазіргі заман талабына сай шығармашыл тұлға қалыптастыру. PISA (Programme for International Student Assessment ) дегеніміз не? PISA – Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы. PISA мақсаты: әлемдік деңгейде салыстырылатын әр мемлекеттің оқыту нәтижелері жөніндегі сенімді мәліметтерді алу, саралау. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеуінің негізгі үш бағыты Математикалық сауаттылық Жаратылыстану сауаттылығы Оқу сауаттылығы Оқу – 17%. Білім алушылардың жазбаша мәтіндердің мәнін түсінуін, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін және ғылыми дәлелдерді пайдаланып өз ойларын толық жеткізе білуі бағаланады Жаратылыстану – 21%. Білім алушылардың ғылыми жаратылыстану білімдерін қолдана білуі, қоршаған әлемді және оған адам әрекеттерінің әсерінен болатын өзгерістерді түсінуге және мәселелерді анықтап, қорытынды жасай білу қабілеттері. Математика – 62%. Математиканың рөлін анықтап, түсіне білуі, математикалық нақты дәлелдер жасауы және әртүрлi формада көрсетiлген сандық мәлiметтерді оқи білуі, түсiндiрiп беруі мен талдай бiлуі бағаланады. Зерттеу циклы мен қатысушылары 2000 2003 2006 2009 2012 2015 32 ел 41 ел 57 ел 65 ел 67 ел 71 ел PISA PISA зерттеулерінің өткізу түрлері Математика Жаратылыстану Оқу Қысқаша жауапты таңдау 37 32 34 «Иә/жоқ» таңдау 25 34 35 Жабық құрастырылған жауапты таңдау 4 2 3 Еркін құрастырылған жауапты жазу 34 32 28 100% 100% 100% Тест тапсырмаларының түрлері % PISA-2012 PISA тапсырмаларына мысал: Шолпан жұлдыздарға қарағанды ұнатады. Бірақ қалада тұрғандықтан, ол түнде көп жұлдыздарды көре алмайды. Алдыңғы жылы Шолпан ауылға барғанда, қалада көрінбеген көптеген жұлдыздарды көрді. СҰРАҚ: Неліктен ауылдық жерде қалаға қарағанда көбірек жұлдыздарды көруге болады? А. Қалада ай жарығырақ, сондықтан ол көптеген жұлдыздардың жарығын жауып тастайды. В. Ауылдық жерлерде қалаға қарағанда көбірек шаң-тозаң бөлшектері бар, сондықтан ол жарықты қамтып көрсетеді. С. Қала жарығының молдығынан көптеген жұлдыздарды көру қиынға соғады. D. Көлік және үйлерден жылу бөлінуіне себепті қаладағы ауа әлдеқайда жылылырақ Pisa тапсырмалары мақсат қоюға үйренеді;есте сақтау қабілеттері дамиды;басқалармен бірігіп жұмыс жасайды;кітаппен жұмыс жасауға үйренеді;қатарынан қалмауға тырысады;дарынды оқушылар өз қабілеттерін одан әрі бекіте түседі;әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.күшті сыныптарда оқуға деген ынта артады.білім дәрежесі бірдей сыныптарда оқу жеңілдейдіөздігінен жұмыс істеуге дағдыланады жүйелі тапсырма беруге ұмтылады; оқушыны жан-жақты танып біледі;қарым қатынас орнатады; оқушылардың өзара әрекеттесуіне жол ашады;оларға шығармашылық еркіндік беріледі. Жаңа технологияның тиімді әдіс- тәсілдерін ұрпақтың бойына сіңірте білу ұстаздардың басты міндеті. Жаңа технологияның тиімділігі: Оқушы Мұғалім Нәтиже Оқушылар зерттеу жұмыстары нәтижесінде биология, физика сабақтарында алған білімдерін практикада қолдануға үйренеді;Оқу-зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру негізінде оқушылардың жаратылыстану ғылыми сауаттылық деңгейі көтеріледі;Қиындығы жоғары есептерді шығару қабілеттері дамиды;Оқушының дүниетанымы кеңейеді, зерттеушілік, ізденушілік қасиеттері қалыптасады. Қорытынды Елдің ертеңі білімнің тереңдігі мен өлшенеді демекші. Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді. Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты - оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету. «Шәкірт – нығырлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды талап ететін шырақ» демекші оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп дайындау – мектеп ұстаздарының басты мақсаты.