Балаларды? таби?ат б?рышында?ы е?бегі


“Балалардың табиғат бұрышындағы еңбегі” жобасы ШҚО Ұлан ауданы “Айгөлек” балабақшасы КМҚК 2013-2014 оқу жылы “Болашақ”МДТ. тәрбиеші: Ағзам Асима Ағзамқызы Мақсаттары:1. Мектепалды даярлық тобы балаларының экологиялық қызығушылықтарын ояту, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.2. Үздіксіз білім беру процесіндегі  баланың экологиялық танымын, белсенділігін, қызығушылығы мен табиғатқа деген қарым-қатынасын қалыптастыру3. Балалардың бойында айналаны танып-білу сезімдерін тәрбиелеу. Еңбек, ынтымақтастық және өзара достық тәрбиесі. Қатысушылары: «Болашақ» мектепалды даярлық тобыЖоба мерзімі: желтоқсан 2013ж. – мамыр 2014ж.Өзектілігі және жетекші идеясы: Баланың табиғат пен қоғам туралы  дүниетанымының дұрыс қалыптасуына ықпал ету.Күтілетін нәтиже: 1. Экологиялық тәрбиенің тиімділігін эксперимент жүзінде дәлелдеу2. Үздіксіз білім беру процесінде балалардың экологиялық тәрбиелілігі моделін жасау Зерттеу көздері:  1.ҚР Конституциясы, 2.«Білім туралы» Заңы, 3.«Қазақстан Республикасының 2004–2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы»; 4.«Айнала қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң, 5.«Бүлдіршіндерге экологиялық тәрбие беру» (авторы А.Е.Манкеш), 6.«Экологиялық білім бағдарламасы » (1999),7.«Экологиялық кодекс». Жоба бойынша қолданылатын экологиялық ұғымдарға мазмұндық сипаттама:1. Экологиялық таным — ақылы, сезімі ретінде баланың ең басты қасиеттерінің бірі — өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше ұмтылысы. Бала айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғатты танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үңіледі,  табиғаттың даму заңдылықтарын білуге әрекет жасайды, өзінің құрдастарымен қарым-қатынасын белгілейді. Демек, экологиялық таным баланың қоршаған орта жөніндегі жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы болып есептеледі.2.Экологиялық қарым-қатынас – баланың табиғатты танып білуге, оны қамқорлығына алуға, өзгертуге және сақтауға бағытталған танымдық, қызметтің маңызды бөлігі. Экологиялық қарым-қатынас «адам мен табиғат», «табиғат–қоғам» жүйесінің тиімді жағдайын қолдау мақсатында адамдардың өз арасында пайда болады. 3.Экологиялық іс-әрекет – адамның табиғи ортаны танып білуімен, меңгеруімен, өзгертуімен және сақтауымен сипатталады. Мәселен, техника саласындағы-өндірісті экологияландыру, ғылымдағы-экологиялық проблеманың төңірегіне интелллектуалдық күштерді жинақтау, құқық саласындағы — табиғатты қорғау жөніндегі заңдарды дайындау сияқты педагогикада — экологиялық ойлау стилі мен табиғаттағы пайдалы іс-әрекет дағдыларын меңгерту.4.Экологиялық сезім – табиғаттағы әсемдікті қабылдап, бағалау кезіндегі рухани ләззат алушылықтың ең жоғары көрінісі. Табиғаттың сұлулығына  сүйсіне білу, адамды көріксіз нәрседен жирендіріп, жақсылыққа ұмтылуға бастайды.5.Экологиялық қызығушылық – адамның қоршаған ортаға, табиғатқа деген ерекше көңілі. Қызығушылық табиғаттағы белгісіз жағдайларға қызығу, оның заңдылықтарын, құпия сырларын, табиғат құбылыстарының бір-бірімен қатынасы мен өзара байланысының себебін біліп, оны әрі қарай зерттеуге ұмтылудан тұрады. Жыл мезгілдері Ұлдар өсірген петрушка 23.12.13жҚыздар өсірген аскөк /укроп/23.12.13ж. Аскөктен дәм татыңыз... Балалардың экологиялық тәрбиелілігі деңгейін арнайы модель арқылы зерттеу.Үздіксіз білім беру процесінде (отбасы → балабақша→ бастауыш мектеп) сабақтастықта жүзеге асырылған бағдарламалар бойынша білім алып, іскерлігін шыңдаған мектепке дейінгі жас балаларының экологиялық тәрбиелілігі деңгейі арнайы жасалған модель арқылы зерттеліп отырады. Жоғары деңгей: табиғатты қорғау жұмыстарының мазмұнын түсінеді, ойын еркін жеткізе біледі, халық фольклоры жанрларын табиғаттың әсем көрінісін эмоционалдық сезіммен, қызығушылықпен қабылдайды. Қоршаған орта мен табиғатты қорғауға байланысты меңгерген білімін іс-әрекетте  белсенді пайдаланады, қоршаған орта, табиғат мәселелерін талдауда өзінің көзқарасын сенімді дәлелдей алады.Орта деңгей: табиғатты қорғау жұмыстарының мазмұнын біледі, түсіндіре алады, халық фольклоры жанрларына, табиғат көріністеріне қызығады, табиғатты қорғауға байланысты  меңгерген білімін іс-әрекет түрлерінде пайдалануда қоршаған орта, табиғат мәселелеріне ересектің көмегімен талдау береді, өзінің пікірін ашық көрсете алмайды. Төменгі деңгей: табиғатты қорғау жұмыстарының мазмұнынан түсінігі нашар, халық фольклоры жанрларына, табиғат көріністеріне қызықпайды, табиғатты қорғауға байланысты жүргізілетін мәселелерге талдау бере алмайды, меңгерген білімін іс-әрекетте пайдалануға құлқы жоқ. Балалардың экологиялық тәрбиелілігін анықтау. «Экологиялық әліппедегі» сұрақтарға берілген жауаптар арқылы бағаланады. Мысалы:1. Жаттығуларды орындау,2. Сөйлемдерді аяқтау, 3. Жетпейтін суретті толтыру,4. Суретті ретімен орналастыру, 5. Жекелеген экологиялық тапсырмаларды орындау , т.б.6. «Қыстап қалатын құстарға қандай көмек көрсетуге болады?», 7.«Ағаш дәрігері» деп аталатын қандай құсты білесің? Не себепті олай аталады?, 8.«Суды үнемдеудің қандай жолдарын білесің?» т.б. ЖОБАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ГИСТОГРАММАСЫ: Отбасы мен балабақшаның балаға экологиялық тәрбие берудегі бірлігінің маңызы Отбасынан балабақшаға алғаш келген балаларға отбасынан алған тәрбиесі жетілдіріліп, қоршаған ортаны танып-білуге, табиғатты сүюге деген қызығушылықтары қалыптастыру Егер отбасында балалар өлі және тірі табиғат жөніндегі қарапайым ұғымдарды меңгеріп, үй жануарлары мен өсімдіктеріне қамқорлықпен қараудың қажеттілігін түсініп, ол бағыттағы қарапайым іс-әрекет түрлерін игерсе, балабақшаға келгенде қоршаған орта жөніндегі жалпылама түсініктері нақтыланып, бекітіліп, табиғатқа деген қамқорлық қарым-қатынасы артып, табиғат бұрышындағы пайдалы іс-әрекет түрлерін атқара білетін болды. Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы: .: Отбасы, балабақша  мен бастауыш мектеп оқушыларының экологиялық тәрбиелілігін сабақтастықта қалыптастыру мақсатында ұсынылып отырған «Үздіксіз білім берудегі экологиялық тәрбие сабақтастығы тұжырымдамасын» оқу-тәрбие жұмыстарында негізге алу керек; Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық тәрбие беру мақсатында жасалған әдістемелік кешендер мен әдістемелік оқу-құралдарын тәрбиешілер мен мұғалімдер оқу-тәрбие жұмысы барысында негізге алғаны дұрыс, балабақша мен бастауыш сыныптарда экологиялық тәрбие беруде пайдаланылған жаңа педагогикалық технологияларды экология сабағында пайдалану қажет;