Де?гейлеп саралап о?ыту ар?ылы математика п?нінен о?ушыда ж?йелі білім ?алыптастыру шы?армашылы? та?ырыбына презентация


Шығармашылық тақырыбым:Деңгейлеп саралап оқыту арқылы математика пәнінен оқушыда жүйелі білім қалыптастыру. Мақсатым:Оқушылардың шығармашылықпен іздене жұмыс істеу қабілеттерін нәтижелі дамыту және оқушыда жүйелі білім қалыптастыру арқылы математика пәнінен сапаны көтеру. Деңгейлік тапсырмаларға математика пәнінен мынадай талаптар қойылады: Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:1) Жаттап алуға лайықталған болуы керек;2) Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;3) Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек. Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:1) Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар; 2) Оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар (логикалық есептер, ребустар және сөзжұмбақтар). Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмаларға:1) Танымдық - іздену;2) Әртүрлі әдіс - тәсілдермен шешілетін есептер;3) Өздігінен мысалдар мен есептер құрастыру. Өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиімділігі 1. Өтілген материалды толық меңгереді, өйткені сабақ сайын қайталанып, пысықталынып отырады.2. Тақырыпқа байланысты оқулықта берілген тапсырмалар толығымен орындалады.3. Оқушы өзін - өзі тексереді, өзінің жіберген қателерін біліп отырады.4. Талдау жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады. Талдаудың барлық түрінде сабақ сайын қайталап отырады.5. Білім сапасы әр сабақ сайын тексеріліп отырады, алған білімдерінің нәтижесі айқын көрініп тұрады.6. Ойлау қабілетін арттыратын тапсырмалар орындайды.7. Техникалық құралдарды жиі пайдаланады.(Компьютер, интерактивті тақта). Оқулықпен жұмыс{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}ЕсепА деңгейіВ деңгейіС деңгейі1№1019(тақ)№1030 (тақ)№10472№1020 (тақ)№1032 (тақ)3№1023