Презентация научной работе на тему Ма?ал-м?телдерді? т?рбиелік м?ні


Ғылыми жұмыстың тақырыбы: “Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні” Мақал-мәтелдер – халық даналығының қазына байлығы. Олар ғасырлар бойы қалыптасып,сол халықтың мәңгі бақты бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние.Сондықтан жұртшылық жадында сақтап өзінің күнделікті өмірінде өзара қарым-қатынаста пайдаланады.Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі-қазақ халқы.Мақал мен мәтелдерде айтылмайтын,сөз болмайтын өмір саласы жоқ десе де болады. Мақал мен мәтелдің өзара айырмашылығы 1. Мақал аяқталған бір тиянақты ойды білдіреді, өз алдына тұрып дербес мағына береді. 2. Мәтел жеке тұрып тиянақты ойды білдіре алмайды,тек белгілі бір ойды,пікірді ажарлау,айқындау үшін қолданылады. Мақал мәтел Үнемшілдік Отан,туған жер Өнер Аңшылық Ата-ана Отбасы Білім Төрт түлік Ерлік,батырлық Достық,жолдастық Ынтымақ,бірлік Бала тәрбиесі Өз елің – алтын бесігің.Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы. Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі. Батыр туса - ел ырысы, жаңбыр жауса - жер ырысы.Ер елімен жақсы. Елі жоқ ер жетім, ері жоқ ел жетім. Білімді өлмес – қағазда аты қалар, ұста өлмес – істеген заты қалар.Оқусыз – білім жоқ, Білімсіз – күнің жоқ. Өнер-ағып жатқан бұлақ, білім-қайық. Еңбек түбі-береке. Ер дәулеті-еңбек. Еңбегіңе қарай-құрмет, жасына қарай-ізет.Еңбек еткен-мұратқа жеткен. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды. Ағаш тамырымен мықты, адам досымен мықты. Дұшпан күлдіріп айтады,дос жылатып айтады. Жолдасы жақсы жолды болар, жолдасы жаман қолды болар. Мал өсірсең-қой өсір,пайдасы оның-көл көсір.Ат-ер қанаты.Мал баққандікі-жер жыртққандікі. Бала – ата-ананың бауыр еті, көздің нұры.Ананың сүті-бал, баланың тілі-бал. Мақал-мәтелдер – сан ғасырлар бойы халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан қастерлі қазына.