Презентация по химии на тему ?аза?станда?ы к?мірсутектерді? негізгі к?здері


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҰНАЙ, ГАЗ ЖӘНЕ КӨМІРДІҢ НЕГІЗГІ КЕН ОРЫНДАРЫ МАҚСАТЫ: ЕЛІМІЗДЕГІ КӨМІРСУТЕКТЕРДІҢ ТАБИҒИ ШИКІЗАТ ҚОРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ, ТАРАЛУЫ, МӨЛШЕРІ МЕН ӨҢДЕУ ӘДІСТЕРІНІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ МАҒЛҰМАТ БЕРУ Міндеттері:Білімділік: Блум таксономиясын қолдану арқылы, ақпаратты алу, түсіне отырып, оған сараптама жасау, пікір айту, зерттей білу, баға бере білу және технологиялық білім негіздерін қалыптастыру.Тәрбиелік: Топтық, жеке жұмыстарды орындауда жауапкершілік, ыждағаттылық, өзгенің пікіріне құрмет, проблеманың шешімін таба білу, қоршаған ортаға сүйіспеншілік таныту қасиеттері арқылы, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.Дамытушылық: Қазіргі замануи технологияның мәнін түсіну, өндірістің жұмысын жан – жақты зерттеу арқылы, оқушылардың танымдық қабілеттерін, ой – өрісін және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Пәнаралық байланыс: география, экологияҚолданылатын әдіс – тәсілдер: АКТ, сын тұрғысынан ойлау (Блум токсономиясы), ОҮБ және ОБ, диалогтық оқыту. Құрал – жабдықтар: ҚР экономикалық картасы, көмірсутектердің модельдерін дайындауға қажетті шарлар мен өзектер. Сабақтың барысы: Өткен материалды пысықтауІ- «Іскерлер» тобыІІ- «Технологтар» тобыІІІ- «Зерттеушілер» тобыІV- «Сарапшылар» тобыТөрт топ оқушылары өздеріне берілген тапсырмаларға презентация жасайды. І. Қызығушылықты ояту: ІІ. Мағынаны тану1. Оқушылар мәтінмен танысады. (Блум таксономиясы: Білу және түсіну). Оқушылар төмендегідей сұрақтарды талқылайды:1. Тас көмірді өндірудің ашық және жабық әдістерін қалай түсінесің?2. Табиғи газды тиімді отын ретінде бағалау себептері?3. Тас көмір өндіруден елімізде 1- орын алатын кеніш?4. Мұнайдан алынатын негізгі өнім бензин сапасы қалай өлшенеді?5. Қазақстанның мұнай мен газға бай өңірі?6. Жоғары сапалы таскөмір антрацит пен қоңыр көмірдің айырмашылығы неде?7. Қазақстанда ең алғаш мұнайдың өндірілуі?8. Қазақстан осы табиғи шикізаттарды тек экспортқа жібере ме? Оқушыларға топтық тапсырмалар беріледі. (Блум таксономиясы: Қолдану)Көмірсутектердің химиялық процестердегі айналымын жүзеге асыра білу, теориялық білімін іс жүзінде қолдану, яғни есеп шығару. (Блум таксономиясы: Талдау) Талқылайтын тақырып: Қазақстан газ, мұнай және тас көмір қоры жөнінен әлемдегі табиғи ресурстарға бай елдердің қатарында, дегенмен... Оқушылар ойларын топтық талқыға салады. (Блум таксономиясы: Жинақтау)Қазақстандағы мұнай, газ жән тас көмірдің қазіргі кездегі қоры туралы, оларды өңдеу кезіндегі табиғатқа, қоршаған ортаға зиянды әсерді болдырмау шараларының қаншалықты жүзеге асырылып жатқандығын зерделеп, түйінді ой жасау. (Блум таксономиясы: Бағалау)Жоғарыда айтылған оқушылардың пікірін сараптай отырып, еліміздегі көмірсутектердің табиғи қорларының сапасына, мұнай мен тас көмірді өңдеудің технологиясына өз пікірлерін қосып, баға береді. ІІI. Рефлексия (кері байланыс) Сабақта Сәтті Сәтсіз Өзіңді бағала _________ Есімің___________________