Суды? ??пия сырлары ?ылыми жоба


Су- өмір бесігі Жер шарында суды тіршіліктің бастамасы ретінде еске алмайтын бір де бір халық жоқ. Ертедегі аңыздар мен мифтерде де суды тіршілік көзі ретінде қарастырады. күнделікті өмірде кездесетін судың біз білмейтін құпия сырларына үңіле отырып, оның өзіндік қасиеттерін танып білу және тәжірибелер арқылы көз жеткізу. Судың құпия сырлары: Әлқисса, ғаламдағы негізгі қажеттіліктердің ішінде судың алар орны ерекше екені белгілі. Судың пайда болу тарихына көз салсақ, осыдан миллиард жыл бұрын суық газ-тозаң бұлтынан жер түзілсе, ал мұз-тозаң түрінен су пайда болды. Бұл ғаламның сырын зерттеушілердің зерттеп тапқан нәтижесі. Соңғы ашылған жаңалық су жөніндегі бұрынғы ұғымды түбегейлі өзгертті. 2004 жылы жапон ғалымы Массару Эмото судың жаңа түрін тапты. Оның бар екендігінде күмән жоқ. Бұл су жануарлардың жаңа туған төлінде, адамның жаңа туған нәрестелерінің ағзасында кездеседі. Егер адам осындай суды ішетін болса, онда ол адам ағзасының жасаруына, сауығуына күшті әсер етеді. Сонымен қатар жасушаларды улардан тазартады, қартаю процесін тежейді. Бұл судың ерекше молекулалық құрылымы болады. Жапон ғалымы судың молекуласын микроскоп арқылы 20000 есе үлкейтіп қарағанда, молекулалардың қар түйіршіктеріне ұқсас форма құрап орналасатынын байқайды. Судың мұндай түйіршіктерін кластер деп атайды. Судың мұндай құрылымы химиялық факторлар, электромагниттік толқындар мен механикалық әсерлерден өзгеріп отырады. Осындай құрылысы арқылы сыртқы қоршаған ортадағы мағлұматтарды (жарық, дыбыс, ой, әуен, дұға немесе жай сөз) өзіне сіңіреді, сақтайды және ақпараттармен алмаса алады. Әрбір тірі жасуша біртұтас ағзаның ақпаратын сақтай алатыны сияқты, судың әрбір кластері өзінде ғаламшар жүйесіндегі барлық ақпаратты сақтауға қабілетті. Жапон ғалымдары мынадай зерттеу жұмыстарын жасаған. Екі ыдысқа су құйып, біреуіне Бетховен музыкасын, екіншісіне ауыр рок музыкасын тыңдатады. Ауыр рок музыкасын тыңдаған судағы кластердің пішіні Бетховен музыкасын тыңдаған судағы кластердің пішіні Егер де суға жылы сөйлеп, жақсы лебіздер білдірсе, оның құрылымы мына суреттегілей болады Ал суға ғайбат сөздер айтып, айқайласаң оның құрылымы бұзылып, түсініксіз пішінге айналады