М??АЛІМ – БІРІНШІ СЫНЫП О?УШЫСЫНЫ? МЕКТЕП ?МІРІНДЕГІ Е? НЕГІЗГІ Т?Л?А слайд


Тақырыбы:МҰҒАЛІМ – БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕП ӨМІРІНДЕГІ ЕҢ НЕГІЗГІ ТҰЛҒА
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын іске асыру ережесі туралы» жолдауында халық үшін мектепке дейінгі тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз етудің мақсаты айқын қойылады. Өйткені еліміздің даму стратегиясының негізгі жолы халыққа білім беру болып табылады. Бүгінгі қоғам саясаты дамыған мемлекеттер қатарына енудің негізгі жолы – жас ұрпақты білімді саналы бәсекеге қабілетті жеке тұлға болуын талап етіп отыр. Мақсаты:Мұғалімнің бастауыш сыныпта алатын орны . Бастауыш сынып мұғаліміне тән ерекшеліктерді анықтау Бастауыш мектеп мұғалімі – ерекше мұғалім. Балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді дамытуда мұғалімнің үлгісі мен әсер-ықпалы ерекше орын алады
«Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшы-лығы жақсы ұстаздан болады» Абай Құнанбаев
«Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» Я.А.Коменский
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы. Бастауыш сынып мұғаліміне тән ерекшеліктер:– Ізгі жүректі адам– Ізденімпаз ғалым– Нәзік психолог– Жан-жақты шебер– Тынымсыз еңбеккер– Сұлулықпен сусындаған білімпаз– Идеал адамның мүсіншісі– Терең қазыналы білімпаз– Кез келген ортаның ұйытқысы– Рухани-адамгершілік білімді насихаттаушы– Ұлағатты ұстаз
Біріншіден, - біз мейірбан жанды адамдар болуға және балаларды сол тұрған қалпында сүюге тиістіміз. Балаға деген мейір мен сүйіспеншілік олармен дөрекі қарым-қатынас жасауға ,олардың намысына тиіп, қадыр-қасиетіне нұқсан келтіруге, оларға ақырып және оларды қорқытуға, ренжітіп елемеуге және олардың әрқайсысының жетістіктеріне қуанбауға, оларға дереу қол ұшын беріп, көмектеспеуге ,сенімсіздік білдіруге жол берілмейді.Ізгі жанды, баланың бар жүрегімен сүйетін педагог жиі күліп, сирек шытынайды,ол нағыз педагогтық өмір сүріп, сол арқылы да өзінің мамандық бақытына ие болады Екіншіден,біз балаларды түсіне білуге тиіспіз. Бала титімдей болғанымен оның істері мен қам-қарекеті зор.Біз балаларды әр-түрлі ғылымдарға үйрету арқылы, өзін-өзі ұмытып ойынға берілген баладан гөрі маңыздырақ іспен шұғылданып жүрміз деп ойламайықшы. Балалар минут сайын, сағат сайын, күн сайын өмір сүреді, тыным-тыныштықсыз өмір сүреді, сондықтан да біздің оларды өмірге әзірлейміз дейтін педагогикалық формуламыздың олар үшін ешқандай мәні жоқ. Үшіншіден,біз өз педагогикамызға сенуге, тәрбиенің қайта өзгертушілік күшіне сенуге тиістіміз, міндеттіміз. Кейбір педагогтің жекелеген балалардың бас асаулық мінез-құлқы алдында меселі қайтып « оған ештеңе де істей алмаймын», ақыл-ой жағынан уақытылы кешеуілдеген баланың қабілетіне сенім жоғалтатыны бар («одан ештеңе шықпайды»). Тәрбие мен оқудағы пессимизм баланың мүмкін болатын қуанышты болашағын тірідей жерлеуімен тең, тек оптимизм ғана баланы қанаттандырып, оның бойындағы тұнып тұрған күштерін оятады. Төртіншіден, біз болашақтың адамы, жаңа тұрпатты адам болуға міндеттіміз.Азаматтық өрелілік, ортақ іске берілгендік, халық, мемлекет алдындағы,балалар алдындағы, азаматтың болашағы алдындағы өміріміздің төтенше борышымызды терең сезіну бізді сондай адам етеді.Біздің әрқайсымыз- бірнеше жүздеген тағдырдың жасаушысымыз, ұста дүкеніндегідей, біздің сыныптарда біздің шәкірттеріміздің тағдыры соғылып жасалады. Қорытынды: Нағыз ұстаз бейнесін Әбунасыр Әл-Фараби сөзімен түйіндесек: «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеу керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына, шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді.» НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!