Коучинг саба?ыны? та?ырыбы: ?ауіпсіз ?аламтор ж?не біз


Коучинг сабағының тақырыбы: Қауіпсіз ғаламтор және бізКоучинг сабағының тақырыбы: Қауіпсіз ғаламтор және біз Сабақтың мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;Күтілетін нәтиже: бірлескен топтық жұмыстарды орындау барысында алған білімдері мен ақпараттарын құрдастарымен бөлісе отырып, әрбірінің пікірімен танысу арқылы балалардың ұжымшылдық, шығармашылық қабілеттері дамиды;Оқушылардың бірлескен сұхбаты, әрқайсысының өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;Негізгі идея: Тақырып бойынша өз пікірін еркін айтуы.Әрбір адамның өзіндік жеке пікірі болатындығына оқушының көзін жеткізу.Мұғалімге оқыту барысында оқушысының қаншалықты деңгейде екенін саралауға көмегін тигізеді ҰйымдастыруОқушылар айналып шеңберге тұрамыз. Сіздер бір-бірлеріңізді 10 жыл бойы жақсы танып білдіңіздер. Ендеше, бүгінгі шаттық шеңберіміз «Менің көршім қандай адам?» деп аталады. Шеңберде қастарыңызда тұрған көршілеріңіздің бойындағы қасиеттерін айтасыздар. Топқа бөлуОқушыларға әр тақырыпқа қатысты сөздер жазылған кішкене парақшалар беріледі. Сол парақшада берілген сөз арқылы 2 топқа бөлінеміз.Бұл жерде топқа бөлінген кезде оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауға мүмкіндік туады. Топқа бөлу тақырыппен тығыз байланысты алынған. Топ ережелері: 1. Тыңдау мәдениетін қалыптастыру2.Уақытты үнемдеу3.Топта ұйымшылдықпен жұмыстану4.Тапсырма орындау барысында белсенділік таныту5. Өз пікірлерін ашық айта білу Топпен жұмыс1-тапсырма:1-топқа «Жағымды әдеттер»2-топқа «Жағымсыз әдеттер»2-тапсырма:1-топқа:«Дастархан басындағы мәдениет»2-топқа:«Мәдени көпшілік орындарындағы мәдениет»Орындалатын тапсырмалар балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналады. Топпен бірге берілген тапсырма бойынша әңгіме, эссе жазу тапсырылады.