?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік Р?міздері Барлы? сыныптар?а


Қазақстан Республикасының мемлекеттік ТУЫС. М Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тiк бұрышты көгiлдiр түстi мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тiк жолақ түрiнде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесi алтын түстес. Тудың енi мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.С. М Қазақстан Республикасының ЕЛТАҢБАСЫС. М Елтаңбаның негізгі арқауы болып тұрған-шаңырақ. Шаңырақ-киіз үйдің күмбезі. Ол күн бейнесін, уықтары- одан тарап жатқан алтын сәулелерді елесте-теді. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі-дала Пырағы, оның ғажайып шапшаңдығы ер жігітті жеңіске, тәуелсіздікке, бостандыққа жетелейді.Елтаңбаның маңдайшасындағы бесбұрышты жұлдыз –таңмен бірге туатын Шолпан жұлдызының белгісі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ЕлтаңбасыС. М Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев әні: Шәмші ҚалдаяқовАлтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңкымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным!Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар. Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай. Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным!С. М Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк ГИМНІ Осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мен Мемлекеттiк Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақталады.С. М