Презентация Таби?ат ?лемінен — заттар ?леміне


Сабақ тақырыбы:«Табиғат әлемінен - заттар әлеміне»Өткізген: Г.Акбердиева Білімділігі: Оқушыларға табиғи заттар туралы түсінік беру. Дамытушылығы: Оқушының ой – қиялын дамытып, іскерлікке баулу.Тәрбиелігі: қалған материалдарды қолдана білуге, үнемділікке , ұқыптылыққа, әдемілікке  тәрбиелеу.Мақсаты: Сұрақтар:1.Табиғат пен сұлулықтың арасында байланыстылық бар ма? 2.Адам табиғатты ластай ала ма? 3.Табиғатты сақтауымыз үшін не істеуіміз керек? Жасаушы-құрастыру, жасап, ойлап шығару ісімен шұғылданып, бұрын-соңды болмаған жаңалық ашушы адам. Ол әрқашан байқампаз, білмекке құмар. Сендер де айналаңызға қараңыздар. «Қалай?» деген сұраққа жауап іздеңдер. Табиғатта неше түрлі таңғажайып құбылыс бар. Табиғаттағы неше түрлі материалдарды пайдаланып әртүрлі көркем бұйым жасауға болады. Мысалы, кешегі жаңбырдан соң саңырауқұлақтар пайда болды. Біз «Саңырауқұлақ» панносын дайындайық. 1. Ақ қағаз бетіне саңырауқұлақты және көк шөпті суреттейміз.2. «Көк шөп» бейнеленген аумаққа жұмыртқа қабығын жапсырамыз. 3. Саңырауқұлақ денесін жапсырамыз.4. Содан кейін қалпағын жапсырамыз.5. «Көк шөпті» бояймыз.6. Саңырауқұлақ денесін табиғи күйінде қалдырамыз..7. Содан кейін қалпағын қызыл түспен бояймыз.Жұмыстың орындалуы: Желіммен жұмыс жасау кезінде көзге тигізіп алмау керек. Желіммен жұмыс жасап болған соң қақпағын дұрыстап жабу керек. Жұмыс аяғында қолды жуу керек.Қауіпсіздік ережесі 1) Табиғи материалдарға нелер жатады?2) Адамның қандай мүмкіндігі бар?3) Осы сияқты тағы қандай заттар жасауға болады?ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ Бүгінгі сабағымыз ұнады ма?РЕФЛЕКСИЯ Т Ы Ң Д А Ғ А Н –Д А Р Ы Ң Ы З Ғ А Р А Х М Е Т !