Мектеп жасына дейінгі патриотты? т?рбие


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ. Дайындаған: Унаялиева М.ҒҚұрық селосы2014ж желтоқсан Патриотизм – тарихи, әлеуметтік ұғым, гректің parties – Отан, ел деген сөзінен шыққан. Бұл термин Отанға, елге, туған жерге, халыққа деген сүйіспеншілікті білдіреді. Патриотизм ұғымы өздігінен қалыптаспайды, ол үшін бірнеше алғышарттар қажет:- төл тарихымызды білу;- ана тілді ардақтап, құрметтеу;- ұлттық салт-дәстүрді, әдеп-ғұрыптарды қадірлеу. Отанымызды мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың бір шаңырақ астында тату-тәтті, баянды ғұмыр кешуі үшін еліміздегі әр азаматтың бойында ортақ мақсаттарға деген ұмтылыс, барлық халықтарға деген құрмет болуы тиіс. Оның басты құралы- патриоттық тәрбие. Мағжан Жұмабаевтың «берік денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жан толқынтарлық болса, баланың тәрбие алып, шын адам болатындығы» деген қағидасы өміршең болып отыр. Дәл осындай игі қасиеттерді бойына сіңірген жалпы адами құндылықтарды меңгерген, қоғамның жоғары мұратты мақсаттарына сай келетін жеке тұлғаны қалыптастыру - баршамыздың алдымызда тұрған міндетіміз. Халқымызда «баланы жастан» деген  дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек,  ата – бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз  түсініп,  балаларға оның нәрін сіңіре білсек,  болашақ патриот тәрбиелесек бұл  еңбегіміздің  жанғаны, қосқан үлкен үлесіміз болмақ. Әрбір қазақстандық патриотизмсіз біз де өркениетті ел бола алмаймыз. Сол үшін азаматтардың биік отаншылдық сезімі бүгінге ғана емес, ертеңге керек, болашаққа керек.