Презентация Мектеп жасына дейінгі балалар?а эстеткалы? т?рбие беру


Мектеп жасына дейінгі балаларға эстеткалық тәрбие беру Эстетикалық тәрбие дегеніміз - баланың қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге уйрету, тәрбиелеу деген сөз.Эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін, адамның рухани сулулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп оларды ойлау, қиялдау, сөйлеу қабылдау кабілетінің дамуына ықпал ету міндеттерін жүзеге асырады. Сонымен қатар жас ұрпақ әсемдікті, сулулықты түсініп одан ләззат алуға көркем өнер туралы біліммен мағлұматтармен қарулануға эстетикалық тәрбие арқылы мүмкіндік алады.  Эстетикалық тәрбие балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп сұлулықты сүйе білу, оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу қабілетін, эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Эстетикалық тәрбие көркем өнер құралы ғана емес қоғамдық өмірдің, оқудың еңбектің, табиғаттың әсемдігін тану кезінде адамдармен қарым-қатынас үстінде тәрбиеленеді.Көркем шығарманы табиғат әсемдігін адамның жақсы тәртібін, тамаша мінез құлқын мәдениеттілігін көріп сүйсіну, қабылдау адамның адамгершілік парасатына эстетикалық сезімдеріне үлкен әсер етеді. Әсемдікті сезіну баланың өмірін байтып, бір-біріне достық қарым-қатынас мәдениетін, талпынысын, белсенділігін тудырады. Эстетикалық тәрбиенің бала дамуының алғашқы сатысы, бала дүниеге келгенінен бастау жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеудің негізі болып табылады Балабақша тәрбиешілері  эстетикалық тәрбиені кітап оқу, ән тыңдау, бейнелеу өнері мен театр, кино т.б. өнер түрлері арқылы көркем өнерге тарту, тағы басқа да жолдармен жүргізуге болатынын біліп қана қоймай, оны қалай жүзеге асыру тәсілдерін жан-жақты меңгеріп, жетілдіруі тиіс. Тәрбиеші эстетикалық тәрбиені балаларға өнер түрлерін меңгерту арқылы жүзеге асырады.Бала өзін қоршаған ортадан әсемдікті сезінуі, оны бағалай білуге талпынуы  бүкіл жан дүниесіне, сезіміне әсер етеді. Дегенмен, баланың көркем өнерге деген қабілетінің дамуы, оның шығармашылықпен ұштасуы,  бала кезінен тәрбиенің сол түрлерімен айналыстыруға және жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиені белгілі мақсатқа бағыттап жүргізуге байланысты. Баланың  эстетикалық  мәдениеті  және  белсенділігі  тұтас  педагогикалық  процесте  дамиды.  Сондықтан  оның  барлық  еңбегі, демалысы  эстетикалық  бағытта  тиімді  ұйымдастырылса,  ол  өз  өміріне  әдемілік  элементтерін  енгізе  алады. Жас ұрпақтың эстетикалық талғамын дамыту мынау – «жақсы, әдемі, алмынау – жаман, көріксіз» деп ауызша айтумен жүзеге асырылмайды, бала өнер шығармаларын түсініп, нәр алумен қатар табиғаттың өнердің, еңбектің, тұрмыстың, ән сазын,қолөнер шығармаларын танып білу, өзі жасау арқылы талғамы дамиды. Бұнда оқыту ісі ерекше роль атқарады. Сабақта балалар көркем әдебиет, музыка, кескіндеу туындыларымен танысады, әсемдік әлеміне саяхат жасайды, содан рахаттанады, түсіну, көру, сезіну талғамы қалыптасады. Бұның өзі болашақтағы рухани дүниесінің баюына негіз болады. А.И.Буров «Эстетикалық тәрбиенің жүйесі мәселелері» атты мақаласында балаларға эстетикалық білім бере отырып, тәрбиелеу процесін іске асыруда тәрбиеші тарапынан танып-білуге тиісті үш бағыт ұсынады: 1. тәрбиешіде жұмыс істеу үшін, қажетті оқу-тәрбие материалдары болуы. 2. эстетикалық тәрбиенің кезеңдік мөлшерін ескертіп, эстетикалық тәрбие қортындысын бағдарламалай     білу. 3. осы негізге лайық педагогикалық процесті құрып, оқу-әдістемелік құралдардың анықтамаларын жасау.Эстетикалық білімнің негізі – оқу пәндері. Мектеп жасына дейінгі балалар әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығы және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Тәрбиеші суретке қарап әңгіме құрауды, әсер алған оқиғаларды айтып беруді, қиялында жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып, олардың рухани күші дамиды. Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі жинаған мол тәжірбиесін меңгеру қажет.  Халық әрдайым әсемдікті іздеуін қолдан жасады, оны өмірге, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінуге тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.Сонымен, бала күнделікті үйде, балабақшада, мәдениет мекемелерінде эстетикалық талғампаздықтың үлгі өнегесін күн сайын көріп білуі керек, бірак тек таңданып қана қоймай, қолынан келгенін өзіде тұрмысына ендіруі, іс-әрекетінде бейнелеу, сурет салу, кию, жапсыру, тігу, мүсіндеу тазалық әдемі киіну т.б тиіс. Сонда ғана эстетикалық тәрбие мақсаты ойдағыдай жүзеге асады. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізгі компонентері:•  Эстетикалық қабылдау.•  Эстетикалық сезім.•  Эстетикалық талғам.Эстетикалъщ қабылдасау деп - әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртңы кгйпі, рухани дүниесі, тұрмыс-салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдасаудық объектісі бола алады.Сезім байлығы - адамның рухани өмірін жоғары даәр тарапты дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып, осомдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті.Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді. Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:•  Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.•  Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру.•  Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдасауды тәрбиелеу.•  Оқушыларды әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу. Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердің бірі – келешек ұрпақтың рухани дамуы. Бұл бағытты Елбасы Н.Назарбаевтың ұлттық рухани дамудың кең көлемді мәселелерін екшей келе « Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ меңзеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» дегеніне сүйене отырып қазақ жастарын эстетикалық талғамы жоғары, мәдениетті, ізгілікті, сезімтал, өнер сүйгіш етіп қалыптастырудың маңызы ерекше. Адам баласы қай кезде болсын өнерді, оның түрлерін өзінің қабілетіне қарай қабылдап, оған бейімделе білген.Қазіргі мектептің алдында тұрған міндеттердің ең маңыздысы - оқушыны жан – жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу. Сол тәрбиенің ішінде эстетикалық тәрбие де қомақты орын алады. Эстетикалық тәрбие адамның өмірінде зор рөль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани ләззатты сезінуге мүмкіндік береді. Эстетикалық тәрбие, ең алдымен, үй ішімен отбасынан, екіншіден, бала-бақшадан, үшіншіден мектеп қабырғасынан басталады. Баланың отбасы мен балабақшадан алған эстетикалық тәрбие қоры мектеп қабырғасында жетіле әрі дами түсіп, оқушының өмірге деген көзқарасы қалыптаса бастайды. Назарларыңызға рахмет!Н