Презентация на тему 80 жылдардан бергі а?ындар айтысы


80 жылдардан бергі ақындар айтысы Әрбір жеке ақындар айтысының бас-басына өзіндік өзгешеліктері болғанмен, солардың көбіне ортақ бірнеше жалпылық мазмұн, мотивтері де бар. Жеке айтыстарды талдауға көшпей тұрып, мұндай айтыс атаулыға ортақ, сондай үнемі кездесетін жайға тоқтайық Айтыс өлеңдері — қазақ ауыз әдебиетіндегі ең мол жанрдың бірі. "Айтыс" деген атау — айтысу, тартысу, дауласу немесе жарысу, сынасу мағынасында қолданылады. Бұрын үлкенді-кішілі даулар кезінде шешендер айтысы болған. Ақындар айтысы өлеңмен айтыс. Анығында, өлең жарысы, өнер жарысы есебінде қолданылады. Біздің тексеретініміз сол ақындар айтысы. Айтыс жанрының анық мол жиналуы тек совет дәуірінде дұрыс ретке қойыла бастады. Бұл қатарда әсіресе ақындар айтысын және сол ақындардың өмір жайларын зерттеу, жинап тану, бағалау істері жылдан жыл үдеп келеді дей аламыз. Қазір Қазақ ССР Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасының қолжазбалар фондысында үш жүзден аса ақындар айтысы бар. Жүзге жақын айтыс өлеңдері Тіл мен әдебиет институтының "Ауыз әдебиеті" бөлімінде сақтаулы. Ал аудандық, облыстық және республикалық газет, журналдардың бетінде басылған сайыс өлеңдерінің молдығы ұшан-теңіз.Бұлардың көпшілігі қазіргі Советтік Қазақстанның өмір шыңдығынан туған. Ежелден бері жатталып келе жатқан осындай өзгеше мол айтыс өлеңдері жыл сайын жиналып, жеке кітап боп басылып келеді. Айтыс жанры жөнінде жазылған арнаулы зерттеулер де бар. Әсіресе қазақ поэзиясының алыбы Жамбылдың айтыстары көп зерттеліп, көп талданды. Бүгінгі күнде қазақ халқының сүйген, ұнатқан айтыс жыры көп ұлтты совет халқымен бірге бүкіл шет жұрт оқушыларына да мәлім болды. Жоғары оқу орындары оқушылары мен мектеп балаларына да айтыстың көбі белгілі.
Бүгінгі айтыс өнерінің мәні тек арқалы ақындардың шарпы - суында ғана емес, тыңдаушы жұртшылыққа әлеуметтік ахуалды көбірек тілге тиек етіп, шынайы өмір мысалдарын тапқырлықпен суреттеуінде.А. Сейдімбек Кейінгі жылдардағы айтыстарда бірсыпыра әлеуметтік мәселелер қозғалып жүр. Келеңсіз жайлардың сыналып, ашық айтылуы бұл өнер түрінің халыққа берер тәлім - тәрбиелік маңызының зор екенін білдіреді. Айтулы оқиғаларға байланысты - Кенен Әзірбаевтың туғанына 100 жыл толуына, Абайдың, Жамбылдың 150 жылдығына, тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған және т.б. республикалық айтыстар әдебиетімізде лайықты орын алады. 1989 жылы Алматыда өткен айтыста ақындар өздеріне деген талапты күшейткенін байқатты. Ең бастысы, айтысты өнер деп ұғу, жырды үлкен поэзия деп түсіну ден ала бастағанын көрсетті. Олар ойлы, жүйелі сөз үлгілерін танытты. Айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова (Шымкент) қарсыласы Әзімбек Жанқұлиевқа (Жамбыл) сұрақ қояды: Қайнысы жеңгесіне абай болар, Кезегі бұдан соң да талай болар. Бір сұрақ сынау үшін берейінші: Жақсы өлең, жаман өлең қалай болар?!Әзімбек:Қайныңды жеңіп таста шыдамаса,Алдыңда жеңгетайлап құламаса.Жаман өлең, жеңеше, сол болады - Апырым - ай, бар халыққа ұнамаса, - деген орынды жауап қайтарады.

Халық сынынан өту үшін үлкен жауапкершілік, талант пен қабілет керек екенін білдіреді. Ауызба - ауыз айтысып отырғанда қойылатын сұраққа сол сәтте мүдірмей жауап қайтару ақынның дарындылығын танытады.Айтыс өнерінің жаңа дәуірін 1980 жылдары Манап, Қалихан, Көкен, Көпбай сияқты айтыскерлер бастаған талантты, тұтас бір лек шыға бастады. Надежда Лушникова кызылордалық Манап Көкеновпен айтысып, өнер төрінен көрінді. Айтысқа түсетін ақынға шабыт, ұтымды да ойлы шумақтар табатын қабілет өте қажет екенін жете түсінген ақындар өз ойларын жүйелі, көркем бейнелі сөзбен жеткізуге тырысты.
Досбосынов Оразалы «Құлмамбеттен қалған құлынмын,Көдектен қалған бір ұлмын», деп айтыс өнерінің жарық жұлдызына айналып, елінің сүйіспеншілігіне бөленген Оразалы Досбосыновтың дүниеден озғанына да сегіз жылдың жүзі болыпты. Қараша айын­да туып, қара жолдың үстінде көлік апаты­нан қапелімде көз жұмған ақын қа­лың қазақпен қарашада қоштасып кете барды. Оған аяулы жар болып, ұл-қыз тәрбиелеп отырған әнші Ажар да өткен жылы Ораздың тағдырын қайталады. Оразалы Досбосынов 1975 жылы 15 қара­шада Алматы облысы Райымбек ау­даны (бұрынғы Нарынқол ауданы) Тегістік ауылында туған. Мектебін тәмам­даған соң, ауылдық Мәдениет үйінде жұмыс істеген. Оқушы кезінен айтыстар мен түрлі мәдени шараларға қатысып жүрген ол айрықша талантымен ерте көзге түсті. Кейін Алматыға келіп, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ­ситетінің филология факультетінде оқыды. Үлкен өнер ордасында жүріп, Оразалы рес­пуб­ликалық айтыстарға қатысып, айтыс­сүйер қауымның жоғары бағасын алды. Біраз жыл Қазақ ұлттық универ­ситетінде мәдени-ағартушылық саласында еңбек ете жүріп, бірқатар ізбасар шәкірт­терін тәрбиеледі. Ол негізінен еркін шы­ғар­машылықпен айналысқан. Ешқан­дай ресми атақсыз-ақ аз уақыт ішінде ол халықтың ақынына айналды. Ірі айтыстарда талай рет топ жарған Оразалы көршілес Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінде өткен додаларда да орақ тілімен кесімді сөз айтып, қазақтың атын асқақтатты. Марқұмның денесі Алматы маңындағы Тұздыбастау қорымында жерленген.


Оразалыдай ақынға жар болған, қазіргі қазақ эстрадасының жұлдызына айнала бастаған әнші Ажар Түзелбекқызы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы Тасты ауылында туған. Ауыл мектебін тәмамдаған соң, ол Алматыға келіп, Т.Жүр­генов атындағы Қазақ ұлттық өнер ака­демиясында оқыды. Ол аяулы жары Ора­залы өмірден озғаннан кейін ақын мұрасын жинақтап, жоқтаушысы бола біл­ді. «Анаға хат», «Сағындым сені» атты әндер арқылы есімі халыққа кең тараған әншіге топырақ туған ауылынан бұйырды. Бүгінде Оразалы мен Ажардың перзенттері – Нұрайша мен Нұрсұлтан Шымкент қала­сындағы Ө.Жолдасбеков атындағы кол­ледж-лицейде білім алуда.
Назарларыңызға рахмет