Сан ?ырлы сырды? иесі, с?лікте емні? киесі ?ылыми жоба


Сүліктің адамға пайдасын анықтау және халық емшілігінде, медицинада қолдану жолдарын бақылау. Сүліктің ұзындығы 12 см-ге дейін, түсі жасылдау болып келетін, арқасында ұзына бойы қызғылт-сары сызықтары бар. Сүліктің аузында майда тісті үш жағы және қанның ұюына жол бермейтін ерекше зат – гирудин бөліп шығаратын сілекей бездері бар. Медицина ғылымында денеге сүлік салып емдеудің түрі «гиру­дотерапия» деп аталады. Мұндағы «gerudіs» сөзі қазақша «сүлік» деген ұғымды білдіреді.