?ылыми жоба Жеті санны? ?асиеті


Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігі Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі№26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектепҒылыми жұмысТақырыбы: « Жеті санының қасиеті»Ғылыми жобаның авторы:Жубатқан А.АҒылыми жобаның жетекшісі:Айымбетова Р.Ж Зерттеу жұмысының өзекті тақырыбы:  « Жеті санының қасиеті» Мазмұны.ТүйіндемеКіріспеЗерттеу күнделігіНегізгі кезеңЖалпы мәліметтер7 санының қасиетін білу.7 санына байланысты мәліметтер.7 ата ұғымын терең білуі.7 руды толық білу.Жалпы 7 туралы түсінік.Сыныптағы сауалнамаҚорытындыҚосымшаларПайдаланылған әдебиеттер Мақсаты.Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көріну. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар туралы ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау. Көптеген шешілмеген проблемаларды атап көрсету. Түйіндеме.Ұсынылып отырған зерттеу жұмысында 7 санына байланысты мәліметтер жиналды.7 ата, 7 керемет, 7 шелпек. 7жарғы сияқты жұмыстарды іздеп көрдім.Қызықты мәліметтер жинадым.Жұмыс 1 беттен тұрады. Әдебиет көздері . Болжам.1.7 саны шынымен қасиетті ма?2.Менің 7 атам туралы мағлумат жинасам олар ким болған екен3.7 руым туралы білсем, олар қандай екен?4.Наурыз көжеге неге 7 нәрсе салады екен?5.7 шелпек туралы терең білу. Болжамды зерттеу түрі.1.7 санының қасиетті сан екенін анықтау.2.Кітап оқу, интернет материалдарын іздеу, үлкен кісілерден сұрау. Кіріспе.Бізді қоршаған табиғат небір қызықты құпияларға толы.Табиғат аясында тіршілік етіп адам табиғат сырын игеріп үйрендім, оның сан алуан құбылыстарын бағалай білдім. Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі сан алуан. Туған жердің табиғатты маған қатты ұнайды.Мен өз елімді сүйемін оның дәстүрлерін бағалаймын. Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын «7 санынын қасиеті» деп алдым. Негізгі бөлімі.Баяғы замандардан бері “7” саны халқымыздың ұғымында киелі сандардың бірі ретінде қалыптасып,халықтардың салт-дәстүрлері мен дүниетанымызда өзіндік, ерекше орын алып, әсерін тигізумен келе жатыр. Қазақ ұғымында жетінің киелі сипатқа ие екендігін ерте байқаған және оның себебін түсіндіруге тырысқан ғалымдар көптеп саналады. Олардың басым көпшілігі қазақ ұғымындағы 7-нің киелі мән алу себебін өзге халықтар мәдениетінен іздейді, атап айтсақ, араб-парсы мәдениетінің әсерінен деп қарау орын алған. 7 санының киелі сипат беруі дүниедегі көптеген халықтарға тән құбылыс. Мысалы, ол Ислам дінінде де киелі сан болып есептелінеді. Ислам дінінің қасиетті кітабы “Құран”- да “жер бетіндегі нәрсенің бәрін сендер үшін жаратты. Оған жеті қат аспанды үлестірді”, - деген сөз бар. Яғни,”аспан – жеті қабат” деген ұғым ислам дінінде де бар. Сол Құранда, “Мұхаммед пайғамбарды жыл санауымыздың 621-жылы 7-айдың 27-күні түнде елшімен бірге жеті қабат аспанды аралайды. Соңынан ол осы түнді ислам дінінің Мереке күні – Мирад деп белгілейді. Ислам дінінің қасиетті мекені Меккеге барғанда, ел сағат тіліне қарсы бағытта жүріп Сафа тауынан Маруа тауына жеті барып, жеті келеді;онан соң Минаға барып, бір тас діңгекке жеті тас лақтырады”. Христиан дінінде де “Христос жетінші күні аспанға ұшып барып, жетінші күні қайта дүниеге келеді” деген уағыз бар. Үнді Мәдениетінде де “жеті” киелі сипат алған сандар қатарына жатады. “Жеті жан”, “жеті мүше” ұғымын көне Үнділер таратқан. Бұдда дінінің ертедегі әдебиет нұсқаларында “жеті”-ге байланысты құбылыстар көп кезігуде. Бұл туралы Француз ғалымы Лев Болер “Алғашқы адамдардың ойлауы” деген еңбегінде былай дейді: “Біз сонау ертедегі Үнді мәдениетінің қиял-ғажайып ертегілернен жеті ана, жеті мұхит, ислам дінінде де бар. Үнді Мәдениетінде де “жеті” киелі сипат алған сандар қатарына жатады. “Жеті жан”, “жеті мүше” ұғымын көне Үнділер таратқан. Бұдда дінінің ертедегі әдебиет нұсқаларында “жеті”-ге байланысты құбылыстар көп кезігуде. Бұл туралы Француз ғалымы Лев Болер “Алғашқы адамдардың ойлауы” деген еңбегінде былай дейді:“Біз сонау ертедегі Үнді мәдениетінің қиял-ғажайып ертегілернен жеті ана, жеті мұхит, жеті рихи, жеті адитя, жеті данава, күннің жеті мініс аты сынды осы бір сырлы санның басқа да бір қыдыру қоспаларын жолықтырдық” Парсы мәдениетінен түркі халықтары қабылдаған “жетілік-апта” деген календарлық ұғым ертеден бері жалғасып келеді. Шындығында жеті күнді бір апта деп белгілеуді вавилондықтар тапқан. Жұлдызшы – астрономдар бір аптадан жеті күннің әр күнін сол кез киелі санап, жеті аспан шырағаның санына сәйкес етіп, апта күндерін белгілеген және “аптадағы әрбір күнді аспан тәңірлері басқарады” деген ұғым қалыптастырған. Олардың осы сөзі дүние жүзіне тарап, жетілік апта календарлық мәдениеті қалыптасқан. Жетілі апта мәдениеті, жалпы Шығыс халықтарының, олардың ішінде парсылардың әсерімен XI-XII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерлерінде де тараған. Парсылардың дүние танымында әлемде жеті аспан шырағы, жеті теңіз, жердің жеті қабаты, жеті қабат аспан әлемі бар делінеді. Қытай мәдениетінде де “жеті” саны – киелі сан. Мәселен, қытайлар адамы қайтыс болғаннан соң 7-ші,21-ші күні, 49-күндері оған арналған аза білдіру салтын өткізеді. Бұл күндері олар “жетісі”, “үш жетісі”, “жеті айы” деп атап “аруақтар күндері” деп есептейді. Басқаларға сыйлық ұсынғанда жеті саны қатысты зат беруге болмайды. Жапондықтар да “жеті санын” санайды, олардың ойынша “жеті” саны адамға жақсылық әкеледі. Осы сияқты “жетінің” киелі ұғымы, немесе басқа да жоғарыдағылардай мағыналық көріністері орыс, корей, монғол т.б. халықтарда да бар. Демек “жеті”-нің киелі мән алуы түркі халықтарына ғана тән болып қана қоймай, дүниедегі көптеген басқа халықтарға да тән құбылыс. ХІІХ ғасырдың ескерткіші саналатын Күлтегін жырындағы кейбір сандық цифрларды «жеті»-нің киелі мәніне бірлестіріп қарау керек. Онда: «Әкем Елтеріс қағанды, шешем Елбілге қатынды Тәңірі төбесіне ұстап, жоғары көтерген екен. Әкем қағанға он жеті ер еріпті. Шетте жортып жүр дегенді естіп, қаладағылар өрлепті, таудағылар індепті, жиылып жетпіс ер болыпты. Тәңірі қуат берген соң әкем қағанның әскері бөрідей бопты, ілгері-кейін аттанып жинапты, көтеріпті, қолы жеті жүз ер болыпты...», «әкем қырық жеті рет аттанды», «Күлтегін қой жылы он жетінші күні өлді; тоғызыншы айдың жиырма жетісінде жерледік, мазарын, ою-өрнегін, жазба тасын бөшін жылы жетінші айдың жиырма жетісінде тегіс аяқтадық. Күлтегін өлгенде қырық жеті жаста еді». «Әкем қырық жеті рет Халқымыз өреге жайып қойған құрт, ірімшікті қарға сияқты құстардың алып кетпеуінен қорғау үшін, жалған адам бейнесін жасап өренің өзіне іліп қоятын болған да, мұны «қарақшы» деп атаған. Мұндай «қарақшыны» әдетте, қора маңына да малды ит-құстан қорғау үшін пайдаланады. «Жетіқарақшы» сөзін «Жеті қараушы, жеті сақтаушы, жеті күзетші» деп түсіну керек. Ел жадында сақталған «Жетіқарақшыны таныған жеті түнде адаспас» - деген сөз осының айғағы болса керек. Халқымыз Жетіқарақшыны – аспан сағты деп атайды. Себебі, ата-бабаларымыз оған қарап түнгі уақыттарын мөлшерлеген, ауа-райын болжаған. Математика –ғылымдардың ішінде ең ерте шыққаны, оның тарихы ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған. Адамзат тағылығының даму дәуірінің табалдырығын аттап басқан заманда «артық», «кем», «үлкен», «кіші» ұғымдары туған. Бұлар кейін «тең» ұғымының шығуына негіз болған. Күн көріс қамы тіршілік үшін жүргізілген күрес ерте заманның адамдарын айналасындағы заттарды санауға, нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін айыруға мәжбүр еткен. Заттарды санаудан 1, 2 , 3, 4, 5, … т. с. с. натурал сандар ұғымы қалыптасқан. «Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады. » Кез келген натурал санды он цифр 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 арқылы жазып көрсетуге болады. Сандарды осылайша жазу тәсілі ондық тәсіл деп аталады. Ең алғашқы сандар, яғни цифрлар б. з. д. 2 мың жылдықта болған деседі. Тарихқа жүгінсек, дерек көздері сандардың ежелгі Вавилонда қолданылғанын айғақтайды. Ол кезде сандар 1 мен 0-ден ғана тұрған секілді. Бірлік, ондық, жүздікті құрайтын санақ жүйесі болған. Кейіннен атақты ойшыл Пифагор сандарды 1-ден 9-ға дейін қысқартқан. Бірнеше бірліктерге бөлген. Ол өз шәкірттеріне сандар әлемді билейді деп үйреткен. Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сол идеяның мән-мағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым - нумерологияны ашқан. Нумерология арқылы әр санның шығу төркінін, мән-мағынасын, он ғалымдардың ойынша әр адамның жаны өзінің нумерологиялық кодымен тікелей байланысты. Қарап отырсақ, әркімнің өзі сенетін бақытты және бақытсыз сандары болады. Біреудің бақытты саны - 13 , бақытсыз саны - 9 делік. Мұндайға шын көңілімен сенетіндер айдың 13-і күні кез келген тірлігін сенімділікпен іске асырады. Ал 9-ы күні әр қадамын абайлап басып, тіпті үйден шықпай, төрт қабырғаның ішінде күн ұзаққа қамалып отырып алатындар да бар. Cөйтіп, ол 13 саны байқалған жерде батыл жүрсе, 9-дан үнемі сақтанады. Жеке адамды қойшымұндай құбылыстарға жаппай халық боп сенетініміз де бар емес пе? Өзіміздегі «жеті қазына», «ер кезегі үшке дейін», «сәрсенбінің сәтті күні» ұғымдары, тұрақты көршіміз - орыстардың «қасиетті үштігі», америкалықтардың естігенде жандары түршігетін, күні бойы үреймен өткізетін «айдың 13-дегі жұмасы» тағы басқа түсініктер жоғарыда айтқанымызға дәлел бола алады. Сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санынада сиқырлық күш бар деп санаса,оны киелі қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады. Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере, шөбере шөпшек, немене І-кезең,2014 жылҚыркүйек-желтоқсанІІ-кезең, 2015 жылҚаңтар-мамырІІІ-кезең, 2015 жылМаусым-тамызІҮ-кезең, 2015жыл Зерттеуде қолданған тәжірибелер Зерттеу жұмысының жұмыс күнделігі1.Тақырып таңдау2-кезең жұмыстары бойынша есеп беру3. 7 санын зерттеу4. Жыл бойы жүргізілген жұмысты қорытындылау5. Жұмыс жоспарын құру7. Интернеттен 7 саны жайында материалдар қарастыру8. Ата-анаммен бірге үй маңына жеміс ағаштарын отырғызу, оны күту,бақылау жүргізу9..Әдебиеттер іздестіру, іріктеу10.Бақылау жүргізуге өз достарымды тарту11.Сыныптастарым-ның арасында сауалнама өткізу; сауалнаманың қорытындысын шығару;12.Әдебиеттен керектісін таңдап алу13.7 шелпек туралы білу.14.7 шелпек туралы мәліметтер жинау15. Жүргізген жұмыстар бойынша жергілікті газетке мақала беру;16. 7 туралы туралы халық ауыз әдебиет үлгілерін жинақтау17. 7 руды зерттеу18.7 санындағы кереметтерді білу. Көшпелі халық үшін, әрине, бұдан артық қасиетті аспан шырағы бола ма?Қазақ халқында “жеті шелпек” деген ұғым бар. Үлкендер бір нәрседен қауіп қылса, үрейленсе, болмаса жайсыз жатып, жаман түс көрсе, жеті нан – жеті шелпек айтады. Жеті нанды қасиетті жұма күндері, сәрсенбінің сәтіне пісіріп, жеті үйге таратады. Алушы: “Қабыл болсын”, - дейді, таратушы: “Әумин!” – деп жауап береді. Жеті нанды таратып болғаннан кейін: “ата-бабаларға тие берсін” деп ауыз тиіп, әруақтарға арнап аят оқып, бата қылады. Сонда әруақтардың мұрнына нанның иісі тиеді. Сосын “Жеті нан әрқашанда әруақ болып желеп-жебеп, бәле-жаладан қорғап жүреді”, - дейді. Бұл жеті санының киелі-қасиеттілігінен болар. Әйтпесе, алты не қасиеттілігінен болар. Әйтпесе, алты немесе сегіз нан пісіруге де болады ғой. Жеті санына байланысты ұғымдар жетерлік: Жеті нәрселер. Жеті ғалам: Күншығыс, Күнбатыс, Түстік, Терістік, Аспан – жоғарғы ғалам. Жер – орта ғалам. Жер асты – төменгі ғалам. Жеті қат көк: “шексіз аспан” деген мағына береді. Оған жататындар: Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурн. Осы жеті жарық шығыс астрономиясында “Жеті қат көк” деп аталады. Жеті ғашық: Ләйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылиха, Фархад-Шырын, Бахрам-Күләнда, Сейпілмәлік-Бәдіғұл-Жамал, Бозжігіт-Аиула, Зияда-Қорлы. Жеті күн:Бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, соңғы күні, азна. Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі (сәтті күн). Бейсенбі, Жұма (қасиетті күн). Сенбі, Жексенбі. Жеті ата.Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Жеті ғалам.Күншығыс, Күнбатыс, Түстік, Терістік, Аспан – жоғарғы ғалам. Жер – орта ғалам. Жер асты – төменгі ғалам. Жеті қат көк.Жеті қат көк: “шексіз аспан” деген мағына береді. Оған жататындар: Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурн. Осы жеті жарық шығыс астрономиясында “Жеті қат көк” деп аталады. Жеті ғашық.Жеті ғашық: Ләйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылиха, Фархад-Шырын, Бахрам-Күләнда, Сейпілмәлік-Бәдіғұл-Жамал, Бозжігіт-Аиула, Зияда-Қорлы. Жеті жоқ.Аспанда тіреуіш жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ. Жеті қазына.Жеті қазына: Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы (ит). Жеті шәріп.Жеті шәріп (жеті дүние): Мекке шәріп, Мәдине шәріп, Бұхар шәріп, Шам шәріп, Құдыс шәріп (Мысыр), Қағым шәріп, Кәләм шәріп (құран). Жетіқарақшы.Жетіқарақшы. Ол – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1, 8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдыздың сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Жетіқарақшы наурыз, сәуір айларында жақсы көрінеді. Темірқазықты айнала қозғалатын жетіқарақшы арқылы жер тараптары мен түнгі мезгілді айыруға болады. Қорытынды. Қорыта келгенде, «Жеті» қазақ халқының ұғымында қалыптасқан киелі сан. Ұлттық түс алған көне мәдениет құбылысы. Бұл құбылыстың басқа халықтарда да кездесуін олардың бір-біріне тигізген әсерінен гөрі әр қайсысының өзіндік дүние танымынан туындаған ортақ құбылыс деп қараған жөн. Қазақ халқында 7 саны - ерте замандардан киелі сан болып есептеледі. Ол дегеніміз - 7 қазына, ұлттық тағамдардағы 7 түрлі қоспалар, әлемнің 7 кереметі, аптаның 7 күні, кемпірқосақтың 7 түсі, Жетіқарақшы жұлдызы т. б. Ертегілерде 7 батыр, 7 ағайынды, 7 ұл, 7 қыз...т. с. сияқты болып кездеседі. Бастапқыда балалар қазақ тілінде аптаның жеті күнін еске түсірді. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі, бала туғаннан кейін 7 күннен кейін тойлап, адам дүниеден өткеннен кейін 7 күннен кейін жетісін өткізеді. Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса – дана адам болып есептеледі. Қазақтарда мынадай ырым бар, кімде-кім өз жанында жайсыздық сезінетін болса, өзінің немесе жақындарының өміріне қауіп төніп тұрғанын сезініп, киелі жұма күні - 7 шелпек пісіреді. Бұл 7 шелпекті 7 үйге таратып беру керек. Сондай-ақ шелпекті жеген адам «Қабыл болсын» деп, ал берген адам «Әумин» деп айту керек. Осы тұрғыда қазақтарда «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген мақал бар. Яғни, осылай аруақтарды еске алып отырса адамның өмірде жолы болып отырады, аруақтар қолдап, қоштап жүреді деген мағына береді. Сол себепті де 7 саны сәттілік, ырыс-береке әкелетін киелі сан болып есептеледі. Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша, аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал, «Алпамыс батыр» эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен... Иә, шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар өте көп кездеседі. Ал, тарих дәстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама десеңізші!   Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие. Ол – этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата-бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жеті пұсты» деп те атайды. Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық. Ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық. Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды жатқызған: 1. Адамның ақыл-ойы, санасы. 2. Денсаулық. 3. Ақ жаулық (ердің жары). 4. Бала (өмір жалғасы). 5. Көңіл (көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ, береке орнайды). 6. Жер («Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жер тұл»). 7. Ит. Жігіттің жеті қазынасы Жүрдек аты –жігіт қаны, қанаты Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты. анасы). 7. Ит. Құмай тазы - бастан берік сенімі, Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы Ау жылымы – амал, айла, әдісі Қара қақпан серті себі тірліктің Осы жеті қазынасы жігіттің Ал, Ислам аңызы бойынша, жеті қазынаға мыналар жатады.1. Қыдыр (қызыр). Қыдыр дарыған адам бай болады. 2. Бақ. Ол ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады. 3. Ақыл (Байлық пен бақыттың тірегі4. Денсаулық. 5. Ақ жаулық. 6. Тұз (Ол – Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені). 7. Ит. (Адам Ата мен Хауа Ананың алғашқы серігі). Қазақтардан басқа халықтарда да жеті қазына туралы өзіндік таным, түсінік бар. Мысалы, грек аңыз - әңгімелерінде жеті қазынаға мыналар жатады: 1. Көк аспан. 2. Күн (барлық зат оның шуағынан нәр алады). 3. Ай (түнгі тіршілік нәрі). 4. От (От – Күннің жердегі сүлдесі. Оны пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады). 5. Су. (сусыз тіршілік жоқ). 6. Жер (тіршілік Жеті қат көк.Жеті қат көк. Ол – аспан әлемі туралы мифологиялық түсінік. Оның үш мағыналық сипаты бар. Біріншісі: Аллаһ Тағала аспанды жеті қабатты етіп жаратқан. «Алланың жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқанын көрмедіңдер ме?» (Құран Кәрім, 72 сүре, 14 аят). Екіншісі: жеті жұлдызға байланысты атау. Олар: Ай, Меркурий (Ғұтрад), Шолпан (Зуһ-ра), Күн, Марс (Миррих немесе Қызыл жұлдыз), Юпитер (Мүштари), Сатурн (Зұхал). Үшіншісі: ежелгі түркілік мифологиялық түсінік негізіндегі мағына. Ол мұсылмандық ұғыммен сіңісіп, ұмытылып кеткен. Жеті қат жер. Ежелгі наным-сенім бойынша олар мынандай: 1. Тұңғиық. 2. Жылан. 3. Су. 4. Қос балық. 5. Қара тас. 6. Көк өгіз. 7. Жер. Жаратылыстың сегізінші қабаты – тағдырдың талайы жазылған «лайық» атты жазу тақтасынан, тоғызыншы қабаты – «күрсі», «мінбер» және «тақ» орнатылған тәңірлер әлемінен тұрады. Жеті жарғы.Жеті жарғы. Ол – Тәуке хан (1678-1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке хан «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы осынау заң жүйесін өмірге әкелген. Ол 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. «Жеті жарғы» деп аталуы Тәуке ханның бұрынғы заңдарға енгізген жеті өзгертуіне байланысты» дейтін тұжырым бар. Ол жеті өзгеріс мынандай: Әрине, бұл жеті өзгерістен басқа да «Жеті жарғыда» жер дауы, отбасы, неке заңы, қылмыс пен құн дауы, куәлік ету, ант беру, тонаушылық және тағы да басқа жағдайларға, рәсімдерге байланысты әдет-ғұрып, заң шаралары өз көрінісін тапқан 7 жарғы.1.«Халықтың ханы, сұлтаны, пір -әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін». 2. «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін». 3. «Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан, біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе, тек ат-тон айып тартады». 4. «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады».5. «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойынына құрым іліп, ауылды айналдыру керек». 6. «Құйрық – бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы беріледі». 7. «Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа, атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді». Жеті жұт.. Жеті жұт. Бұлар: 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну). Кемпірқосақтың жеті түсі. Кемпірқосақтың жеті түсі. Жарық мынандай жеті түстен тұрады: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады Жеті жетім.Бұл жөнінде мынандай даналық сөздер бар: Тыңдамаған сөз жетім, Киюсіз тозған бөз жетім. Иесіз қалған жер жетім. Басшысы жоқ ел жетім. Аққу, қазсыз көл жетім. Жерінен айырылған ер жетім. Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім. Жеті ғашық. Халықтың ән – жырында жеті ғашық мынандай екі нұсқада кездеседі: а) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Тахир – Зухра, Арзу – Қамбар, Уәлик – Ғарра, Уәки – Күлшаһ. ә) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Баһрам – Күләнда, Сейпілмәлік – Бәдіғұл, Бозжігіт – Анула (кей нұсқада Қарашаш), Зияда – Хорлы (Хорлы - Ғайын). Әлемдегі жеті санымен аталатын кереметтер Вавилондықтардың түсінігінше, әлемде жеті планета бар. Сол себепті олардың ғибадатханалары да жеті деңгейлі. Бірқатар діндерде де жеті саны киелі: еврейлердің балауыз қойғышы, шырағдандары, менорлары жетіден. Ислам дінінде Жеті аспан: күміс, алтын, меруерт, ақ алтын, жақұт, анартас және ғажайып жарық. Жеті шәріп: Мекке шәріп, Мәдина шәріп, Бұхар шәріп, Шам шәріп, Қатым шәріп, Құддыс (Мысыр) шәріп, Кәләм шәріп (Құран). Жеті тозақ.1. Сағир. 2. Лазо. 3. Сақар. 4. Жахим. 5. Жаһаннам. 6. Хауия. 7. Хатома. Әлемнің жеті кереметі.Алғашқы жеті керемет: 1. Египет пирамидасы. 2. Вавилонның аспалы бағы. 3. Ертедегі Артемида храмы. 4. Олимпиядағы Зевстің мүсіні. 5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы. 6. Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қолдан жасалған мүсіні. 7. Александрия маягі. Жеті саны.Христиан дінінде Жеті саны: сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттілік, сабырлық, ақылдылық және рухтың күші. Таурат кітабы бойынша: Құдай 1 – күні жарықты, 2 – күні аспанды, 3 – күні жерді, 4 – күні Күн, Ай және жұлдыздарды, 5 – күні балықтар мен құстарды, 6 - күні аңдар мен адамдарды жаратқан, 7 – күні дем алған. Бұл әлемді жаратуға арналған жеті күн деп аталады. Өлімге себепкер жеті күнә: 1. Тамақ саулық. 2. Жалқаулық. 3. Нәпсі құмарлық. 4. Өр көкіректік. 5. Ашу. 6. Қызғаншақтық. 7. Сараңдық. Бұл жеті күнәні XV ғасырда суретші Иероним жоғарыдағы суретте тамаша бейнелеген. Әлемнің кәзіргі кереметі. Бесінші ғасырдан бері танылған 7 керемет.1. Рим колизейі. 2. Александрияда жер астында жол пішінде қазылған мазарлар. 3. Қытайдың ұлы қорғаны. 4. Англиядағы алып тас қорған. 5. Италиядағы Пиза қисық мұнарасы. 6. Қытайдың Нанжин қаласындағы фарфор мұнара. 7. Ыстамбұлдағы әулие София ғибадатханасы. Жеті континент. Олар: Африка, Антарктида, Австралия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка. Гептатлондағы (жеті сайыс) спорттың жеті түрі. Олар: тосқауылдармен 100 метрге жүгіру, биіктікке секіру, 200 метрге ату, ұзындыққа секіру, 800 метрге найза лақтыру. «Жеті саны – бақытты сан, ол - адамзаттың сүйікті саны». Көп халықтың түсінігі осындай. Наурыз көжеге салатын 7 дәм.Қазақ халқы 22 наурыз күні күн мен түннің теңелуін малдың, жанның аман қыстан шыққанын тойлап көже пісіреді.Сол көжеге 7 турлі дәм салады екен.Олар: су, тұз бидай, ет,күріш, арпа,сүт. Жеті ішекті қазақтың музыкалық аспаптары.Жеті ішекті қазақтың музыкалық аспаптары Сылдырмақ. Қазақ ерте заманда көшпенді халық болғандықтан, түрлі музыкалық аспаптарды тұрмыста кеңінен қолданған. Ағаш, қыш, темір, мүйіз сияқты күнделікті өмірде пайдаланатын шикізаттан алуан түрлі аспаптарды жасап шығарған. Алғашында ол шаруашылыққа қажет бұйым болса, кейіннен ырғақты ұстап тұратын музыкалық аспапқа айналған. Соның бірі сілкімелі аспап – сылдырмақ. Әрбір ұрып ойнайтын аспаптың өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың сыр-сипаты мен ерекшелігі тембірлік және динамикалық дыбысталуына қарай айқындалады. Сондай-ақ Орта Азия халықтары мен латын америкасы елдерінде бір-біріне ұқсас аспаптар көп кездеседі. Соның бірі - маракас аспабының қазақи формасын музыканттар өзі ойлап тапқан. Халқымыз төрт түлік малдың етін жеп, көлік ретінде пайдаланудан бөлек, оның сүйегін де кәдеге жаратқан. Соның бірі - ат тұяғының дүрсілі сияқты малдың жүрісін білдіретін аспап - мүйізше. Ол ерте заманда әуенді сүйемелдеуші аспап ретінде қолданылған. Шеберлер немесе музыканттар аспаптың дыбысталуына қарай оның санын қасиетті 7 санына дейін жеткізген. Ал оларға қолданылған шикізатты Қазақстанның әр аймағындағы және әр түрлі жастағы ірі қараның сүйектерінен жинайтын болған. Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасаладыБетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне Жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған. Жетігеннің ноталық жүйесін анықтаған ғалым - зерттеуші Б. Сарыбаев болды. Жетіген аспабына байланысты оны ертеде жеті ұлынан айырылған күйші - өнерпаз жасап, "Жетігеннің жеті күйін” шығарыпты дейтін аңыз бар. Аспаптық-фольклорлық музыкамызда ерекше орын алатын бұл аспап 1970 жылдан бері Т. Сарыбаев, Е. Құсайынов, С. Мерекеев, т. б. музыкашылардың орындауында жаңаша сипатқа ие болды. Жетіген аспабының қазіргі шеберлер жасаған үлгісінің дыбыс ауқымы 2 — 2, 5 октаваға дейін жеткізілді. Қазақ халық музыка аспаптары мұражайында Жетіген аспабының этнографиялық сипаттамалар бойынша жасалған көне үлгісі мен жетілдірілген үлгілері сақталған. Жеті ру.Қазақ халқын құраған тайпалар бірлестігінің бірі жетіру олар кіші жүз: Тама Табын,Кердері,Керейт,Рамадан,Телеу,Жағалбайлы.Мен осы жетірудың бірі Тамамын (Тама руының ұраны «Қарабура»).Тамалар башқұрттардың, ноғайлардың, қырғыздардың құрамында жеке ру түрінде кездеседі.Менің жеті атам : 1. Бала-Арман . 2. Әке.-Али 3. Ата -Жұбатқан. 4. Үлкен ата-Айымбет. 5. Баба -Сақтаған. 6. Түп ата-Үдербай. 7. Тек ата -Үсербай. Жеті санына байланысты мақал-мәтел Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі ілім біл.Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі.Жақсыны жеті жыл жетелесеңде адам болады.Жаманды жеті жыл жетелесең надан болады.Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.Жетім бала жеті күлшеге тоймас. Кедейдің жеті қаңтары бар. Жетімге жеті бидай да тамақ. Жетімнің қарны жетеуЖігітке жеті өнер де аз.Қарғыс жеті атаға жетеді. 7 санына байланысты тақпақ.Бай болмасам ақылға, айтуымен атамның,Дұрыс па әлде қате ме, мен айтайын, санашы.Болады екен әкеге1-ші ұрпақ – баласы.2-сі – немере,3-сі – шөбере,4-сі – шөпшегі,5-ші – немене,6-сы – туажат,7-сі – жекжаты. Сергіту сәті«Ұрпақ есебі»Зерек жаттап қуанар, жамағайын мыналар.Бармағың бұл туажат,сұқ саусағың – жүрежат.Ортаң қолың – жекжат,аты жоғың – жұражат,Шынашағың – жамағат.«Өзіңді сынап көр» Кестені толтыру 7 лақ (ертегі) 7 санына байланысты өлең. 7 санына байланысты өлең шумақтары авторы:Жұбатқан Арман7 саны киелі,бәрі бұны біледі.7күн 7апта,сен қарап жатта.7керемет,7 ата сен бұны есіңе сақта.7шелпек тарат әр жұмада апта. 7ру ,7 қазына қарап елдің назына.7 жарғы ,7 ғашық сабаққа болың асық.7 санын біліңдер,мұны көкейге іліңдер!7саны керемет,7саны қасиет.Білгенге бұл маржан,Білмегенге арзан .Жүрмеңдер боп арзан,Жайнап жүрің маржан 7 керемет.Қазақ халқында 7 саны - ерте замандардан киелі сан болып есептеледі. Ол дегеніміз - 7 қазына, ұлттық тағамдардағы 7 түрлі қоспалар, әлемнің 7 кереметі, аптаның 7 күні, кемпір қосақтың 7 түсі, Жеті қарақшы жұлдызы т. б. Ертегілерде 7 батыр, 7 ағайынды, 7 ұл, 7 қыз...т. с. сияқты болып кездеседі. Бастапқыда балалар қазақ тілінде аптаның жеті күнін еске түсірді. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі, бала туғаннан кейін 7 күннен кейін тойлап, адам дүниеден өткеннен кейін 7 күннен кейін жетісін өткізеді. Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса – дана адам болып есептеледі. Қазақтарда мынадай ырым бар, кімде-кім өз жанында жайсыздық сезінетін болса, өзінің немесе жақындарының өміріне қауіп төніп тұрғанын сезініп, киелі жұма күні - 7 шелпек пісіреді. Бұл 7 шелпекті 7 үйге таратып беру керек Зерттеудегі жаңалықтар.Зерттеуде аса үлкен жаңалық болған жоқ.Тек 7 шелпек туралы білдім. Өзімнің жеті атаммен бірге жеті рудың ұлы екенімді барлық ата бабамды білдім.Қазіргі заманның жеті кереметін білдім. Болжамның расталуы.1.7 саны шынымен қасиетті ма?7 шынымен қасиетті сан екеніне көзім жетті.2.Менің 7 атам туралы мағлумат жинасам олар ким болған екен.Мен өз аталарым туралы толық мағлумат алдым.3.7 ру туралы білсем, олар қандай екен?7 ру туралы толық білдім оған мен де кіреді екенмін, мен 7 рудағы тамамын.4.Наурыз көжеге неге 7 нәрсе салады екен?7 Нәрсе салу ата бабамыздан келе жатқан дәстүр екен.5.7 шелпек туралы кеңінен білу.7 шелпек туралы білдім әр жұмада пісіріп тұрады, ата бабаға құран оқиды. Зерттеу туралы пікір. Мен оқушы Жұбатқан Арманның зерттеу жұмысына 7 санын алмақшы болғанын қолдадым.Арман сыныпта жақсы оқиды, екпінді оқушы.Оның зерттеу жұмысын жақсы орындайтынына сенімім мол. Мен де оған көмегімді беремін, зерттеу жұмысына қолдау көрсетемін. Шәкіртіме ақ жол!Сынып жетекшісі: Айымбетова Р.Ж Пайдаланған әдебиеттер.1. Бәрі де сандар туралы, Алматы кітап 2008жыл 2. Қазақ энциклопедиясы 3-том, Алматы 2011 3. Жеті қазына, Сейіт Кенжеахметұлы, 1 кітап 4. Интернет материалдарынан