Презентация по казахскому языку на тему Аны?тауыш (8 класс)


Анықтауыш - сөйлемде заттың сынын, сапасын, санын, меншіктілігін, мөлшерін білдіріп, қандай? қай? қанша? неше? кімнің?ненің? деген сұрақтарға жауап беретін тұрлаусыз мүшенің бір түрі. Мысалы: қызық кітап, он оқушы, кең дала жасыл шөп, бұл үй, бес айҚұрамына қарай:Дара Күрделіоқыған кітап көпті көрген адам Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретінің бір себебі – жұмысының жоқтығыЖаман дос – көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың; басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың. Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Қолдарымызды көтеріп, бір рет шапалақтаймыз. Сөйлемді көшіріп, синтаксистік талдау жаса Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.Биік мансап – биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады.Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді! Тест сұрақтары: 1. Анықтауыш дегеніміз не?А) Іс-қимылдың я сапа белгісінің иесі болатын мүше. В) Сөйлем құрауға негіз болатын мүше.С) Заттық ұғымды сын-сапа, сан мөлшер жағынан сипаттайтын мүше.D) Септік жалғауларының бірінде келіп, онымен заттық ұғымда байланысатын мүше.Е) Іс- қимылдың мезгіл , мекенін т.б.сипатын білдіретін мүше.2. Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін табыңыз.А) Анықтауыш. В) Баяндауыш. С) Толықтауыш. Д) Пысықтауыш. Е) Бастауыш.3. Анықтауышты табыңыз. Жер бетінде таза су ресурстары көп емес.А) Таза В) Жер бетінде С) Су Д) Ресурстары Е) Көп емес 4. Сөйлемде есімше қандай сөйлем мүшесі екенін белгілеңіз. Менің айтар сөзім-осы. А) Толықтауыш. В) Баяндауыш. С) Бастауыш. Д) Анықтауыш. Е) Пысықтауыш.5. Анықтауышы жоқ сөйлемді табыңыз.А) Ұлы адамдардың еңбегін бағалай білу керек. В) Германия суды Швециядан сатып алады.С) Жер шарының көп бөлігін ащы су алып жатыр. Д) Үлкен қалаларда адамдар жиі ауырады.Е) Таза сусыз өмір жоқ .6. Анықтауыш қатысып тұрған тіркесті табыңыз.А) Кешке қарай. В) Жалғыздың үні. С) Қуанғанынан күлді. Д) Еріктен тыс. Е) Жүгіріп келді. 7. Анықтауышты сөйлемді табыңыз.А) Болашағына сенеміз. В) Ол Отанын сүйеді. С) Тиыннан теңге құралады. Д) Астанаға кеше келдім. Е) Ол қызықты кітап оқуға құмар.8. Анықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.А) Досым кітап сатып алды. В) Табиғатты қорғауды өзіңнен баста. С) Көлдің деңгейі төмендеген. Д) Көлдер ластанып жатыр. Е) Ол бізбен кездесті.9. Анықтауыш болатын негiзгi сөз табын тап.А) зат есiм В) сын есiм С) есiмдiк D) үстеу Е) шылау10. Жаңа жылды елімізде екі рет тойлайды. Сөйлемнен анықтауышты табыңызA) жаңа жылды B) біздің C) еліміздеD) екі рет E) тойлайды С ААДВВЕСВ Д