?лтты? саз аспаптары. С?з таптары.Зат есім


Оқытушы: Н.С.Бексариев Орал ақпараттық технологиялар колледжі 1. Күй қалай орындалып тұр? 2.Осы күйді тыңдағанда қандай аспаптардың үнін естідіңдер? 3.Тағы қандай саз аспаптарын білесіңдер? Сөз таптары. Зат есім Білімділік: Оқушының білімін толықтыру, пысықтау, деңгейлік тапсырмалар арқылы білімдерін жетілдіру;Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, алған білімдерін тапсырмаларды орындату арқылы дамыту;Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, өнер құдіретін сезінуге үйрету; Сабақтың мақсаты: Ұлттық аспаптар туралы оқушылардың білімі кеңейеді, танып біледі.Деңгейлік тапсырмалар арқылы біліктілігін дамытады.Пәнге деген қызығушылығы артады. Сабақтың міндеттері: Сабақтың түрі: аралас сабақСабақта қолданылатын оқыту құралдары: компьютер, интерактивті тақтаСабақтың өтілу әдісі: сөздік, көрнекілік,деңгейлік тапсырмалар, тіл ұстарту,тірек сызбаПәнаралық байланыс: музыка, тарих, әдебиет Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады. Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғы шопандардың отар бағып жүрген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде, ал кешкі демалыс мезгілінде музыканттар ол арқылы ескі аңыздар-жырларды айтқан. Сыбызғының оңай және тез жасалатынына қарамастан, ойнау жеңіл болмаған. Сыбызғылық күйлер әдетте екідауысты болып келеді. Бір дауыс аспаптан шықса, екінші дыбыс орындаушы-музыканттың тамақты дыбысынан пайда болған.       Осы екі дыбысты қатар орындау техникасын меңгерген адам сыбызғыда ойнай алатын болған. Талдық сыбызғылардан басқа ағаш сыбызғылар да бар. С Ы Б Ы З Ғ Ы Сазсырнай Сазсырнай — саздан жасалған үрлемелі аспап. Үні ашық, нәзік болады. Сазсырнай Қазақстан аймағындағы Отырар қаласында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Ежелде бұл аспап балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен таралған. Жетіген Жетіген — шертіп ойнайтын жеті ішегі бар музыкалық аспап. Тиектің орнына асықтарды пайдаланған. XX ғасырда белгілі фольклор зерттеушісі Болат Сарыбаев жетігенді көне көз қариялардың сипаттауы бойынша құрастырып, қайта қалпына келтірді. Ертеде жетіген аспабын жыраулар жиі қолданған — оның әуені аң аулуға шыққанда немесе алыс жорыққа аттанарда сәттілік әкеледі деп сенген. Шаңқобыз — темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Оның сирек кездесетін бір түрі — ағаш шаңқобыз — ағашқа бекітілген жіпті тербеу арқылы дыбыс шығарылады. Бұл аспап әртүрлі атпен (Варган, темір қомыз, шаңқобыз және басқалары) көптеген халықтарда, кездеседі. Ол якуттарда, тувалықтарда, хакастарда, қырғыздарда, түркмендерде, өзбектерде, қарақалпақтарда, дұнғанда, башқұрда, қалмақтарда, украиндықтарда, орыстарда және басқа халықтарда бар. Шаңқобыздың құрылымы қарапайым. Ол кішкентай доға түрінде бастары жіңішкеріп келетін темір аспап, бұл доғаға жұқа темір серіппе бекітіледі. Шаңқобызды ерінге қойып, ойнайды. Қылқобыз Қылқобыз — әлемдегі ысқышпен орындалатын ішекті аспаптардың атасы, қос ішекті көне музыкалық аспап. Қобыздың екі ішегіне және ысқышына аттың құйрық жалының қылы тағылады. Қобыз адамның денесін шымырлатып, жүректі тербейтін қоңыр қою дыбыс береді. Қобыз күйлері халықтың мұңы мен қуанышын, ішіндегі сырын айқын суреттейді. Ерте заманда қобызда жыршылар, бақсылар, емші — балгерлер ойнаған. Қылқобыздың қазіргі заманғы түрі — прима қобыз. Домбыра Домбыра — қазақ халқының кең тараған аспаптарының бірі. Қазақстанның аймақтарына байланысты күйлер «төкпе» және «шертпе» дәстүріне бөлінеді. Домбыра аспабының пішіні де осы орындаушылық мектептерге байланысты жасалынады. Домбыра күйлері — қазақ хақының ішкі жан дүниесін суреттейтін туынды. Мәтінмен жұмыс“Ұлттық аспаптар – халық қазынасы ” Қазақ халқында ұлттық аспаптардың алатын орны ерекше. Халқымыздың қолданылып жүрген аспаптары да, түрі мен пішіні жағынан бір – біріне ұқсамайды олардың бірі – ағаштан, бірі – саздан, енді бірі – теріден, сүйектен, мүйізден жасалады. Аспаптардың жасалған материалы табиғат заттар болғандықтан, одан табиғи үн шығады. Ұлттық аспаптар ойналу нақышына қарай, ұрмалы, үрмелі, ыспалы, шертпелі топтарға бөлінеді. Қолданылу аясы: Ұрмалы аспаптар: дабыл, дауылпаз, шыңдауыл, асатаяқ аңға шыққанда, діни мерекелерде, жорықтарда, үрмелі аспаптар: сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз халық билерін сүйемелдеуге қолданылса, ішекті аспаптар домбыра, қылқобыз, жетігенмен ән, күй орындаған. Сөздікпен жұмыс Аспап - инструментҮрмелі аспап – духовой инструментІшекті аспап – струнный инструментҰрмалы аспап – ударный инструментМүйіз - рог Деңгейлік тапсырмалар І-деңгейлік тапсырма:Сәйкестендіру; Тапсырма: аспаптарды құрылысына қолданысына қарай сызба арқылы сәйкестендіріп құрастыр Ішекті аспап Үрмелі аспап Ұрмалы аспап Ішекті аспап Үрмелі аспап Ұрмалы аспап Ішекті аспап ДомбыраШертерЖетігенҚобыз Үрмелі аспап СыбызғыСаз сырнайШаңқобыз Ұрмалы аспап ДабылДаңғыраАсатаяқ ІІ- деңгейлік тапсырма:Берілген сөздерден сөйлемдер құрастыр. 1. ұлттық, халқында, ерекше, қазақ, орны,аспаптардың,алатын2.музыкалық, ішекті, қос, қобыз, аспап, көне3.аңға, қолданылады, ұрмалы, шыққанда, аспаптар. Дұрыс жауабы: 1. Қазақ халқында ұлттық аспаптардың алатын орны ерекше2. Қобыз қос ішекті көне музыкалық аспап3. Ұрмалы аспаптар аңға шыққанда қолданылады. ІІІ-деңгейлік тапсырма:Домбыра туралы шағын әңгіме құрау.Қажетті сөздер:Домбыра, аспап, орындау, күй Тіл ұстарту ДомбыраЕкі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра.Қазақ-нағыз қазақ емес,Нағыз қазақ-Домбыра!Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласынДеп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын. Көкірекке толған кезде бар қуаныш, бар бақыт,Сандуғаш боп, бұлбұл болып сайрайды ол әр уақыт.Көкірекке толған кезде бар қасірет, бар қайғы,Бозінген боп боздайды ол, бозінген боп сарнайды. Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра.Қазақ – нағыз қазақ емес,Нағыз қазақ – Домбыра! Қобыз Ор текенің мүйізінТиек қылған қобызым.Желмаяның терісінШанақ қылған қобызым.Қыл құйрығын тұлпардыңҚияқ қылған қобызым.Ақ түйенің сүтінеШылап алған қобызым.Қарағайдың басынан,Қайырып алған қобызым.Үйеңкінің түбінен,Үйіріп алған қобызым. Қара еменді қақ жарып,Ойып алған қобызым.Бесті айғырдың құйрығынІшек қылған қобызым. Жаңа сабақты бекіту 1.Ұлттық саз аспаптары неше топқа бөлінеді? 2.Домбыра қандай аспаптар түріне жатады? 3.Зат есім дегеніміз не? мысал келтір 4.Зат есімнің қандай түрлерін білеміз? Тірек сызба Ұлттық аспап Кімдер? Не? Нелер? Кімдердің? Неден? Кім? Шебер жасайды. Ән мен күй орындалады. Халқымыздың мақтанышы. Әншілер, күйшілер ойнайды. Домбыра, қобыз т.б. жатады Ағаштан, сүйектен, мүйізден жасалады. Қорытынды Міне, оқушылар, сіздердің араларыңызда да ұлттық аспаптарды дамытып, болашақта музыкант болатын балаларда бар шығар. Өнерімізді өркентіп, ата-бабамыздың ізін жалғастыруға үлес қосар өрендер көп болсын. Бағалау Әр оқушының деңгейлік тапсырмасының жауабын анықтау.Оқытушы әр оқушының белсенділігіне қарай бағалайды. Үйге тапсырма беру Қазақтың ұлттық аспаптары туралы оқып келу, қосымша мәліметтер жинауЭссе жазу. “Киелі домбыра”.