Презентация на тему МАТЕМАТИКА Ж?НЕ ИНФОРМАТИКА САБА?ЫНДА ЖЕТІ МОДУЛЬДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ


МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖЕТІ МОДУЛЬДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ Білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері –жеті модульді практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім. Бағдарламасы  мына  жеті  модульді  қамтыған:1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және  оқу. 7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.    1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.«Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік – сындарлылық көзқарасымен тығыз  байланысты. «Қалай оқу керектігін үйрету» оқушыларға оқуды өз бетінше  жалғастыра   алатын  білім  жинау жауапкершілігін  түсінуге  және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар  өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критериалды бағалау тәсілдерін қарастырады. 4.  Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады. 5.  Талантты және дарынды балаларды оқытуТалантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және  оқу. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан, педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. 7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға сыйады. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді.  Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни  тұрғыдан бағалау, өзгерту және  тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп  жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Жеті модульдің барлығы да барлық пән сабақтарында қолдануға ынғайлы әрі тиімді. Математика мен информатика сабағында бағдарламаның негізгі идеяларын пайдалана отырып көптеген тиімді жақтары бар екеніне көз жеткіздім. Бағдарламаның негізгі факторына тоқталсам, оқушылардың білім алу үдерісін түсінуі, нені оқу керектігін үйренуі, өзін-өзі реттеуі, оқу нәтижелерін бағалауды игеруі. Жұмыс жасау барысында олардың көзқарастары мен білім деңгейлерін анықтап алу қажет. Ы.Алтынсарин: «Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген. Яғни, бала теорияны меңгерумен қатар тәжірибе жүзінде де қалай жасау қажеттігін ұғынуы керек. Тәжірибелік тапсырмада көптеген сұрақтар туындайды. Оқушылар өзара пікірлері мен ойларын айтып бірлесе жұмыс жасайды. Бұл кезде оқуда қолданылатын әңгімелесу түрлері пайдаланылады. АКТ-ны қолдану мұғалімге қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан оған басты назар аударуымыз қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. Конфуций: «Маған айтып берсең-ұмытып қаламын, көрсетсең-есте сақтаймын, өзіме жасатсаң-үйренемін» деген. Конфуций айтпақшы бала қолымен жасағанда ғана жақсы түсінеді, есте сақтайды. Сондықтан да сабақта АКТ пайдалану қажеттілігі туындайды. АКТ-ні сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытта да қолданамыз. Өйткені кез келген деректерді интернеттен алуымызға мүмкіндігіміз бар. АКТ-ні қолдану нәтижесінде оқушылардың өз бетімен ізденісі, қызығушылығы, белсенділігі, сенімділігі артады. Дарынды және талантты оқушылардың да білімін шындауда қосар үлесі мол. Оқуды тиімді бағалау білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдердің барлығымен байланысты. Бағалау оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен қолдау көрсету үшін қажет. Бағалау-одан арғы, білім алу туралы нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин деп нұсқаулықта көрсеткен. Бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі екенін білеміз. Бағалаудың екі түрі қарастырылған: формативті бағалау және жиынтық бағалау. Формативті бағалау оқыту үшін бағалау болып табылады да, ал жиынтық бағалау оқытуды бағалау болып табылады. Оқыту үшін бағалауда оқушы өзін-өзі реттеу арқылы өз білім деңгейін бағалайды, білімін жақсартады, сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауды үйренеді, дағдыланады. Талантты және дарынды баларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет- балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Дарынды бала-бұл жақсы оқитын оқушы ма? деген сұрақ туындайды. Дарынды бала дегеніміз: өз қатарынан әлде қайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі іс-әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып, жоғары жетістіктермен дараланатын бала. Бұл пікірді белгілі ағылшын психологі П.Торранс зерттеп, шындығында бұл пікірдің ұстаздар қауымы арасындағы жиі кездесетінін дәлелдеді. Сауалнама арқылы, өзге адамдармен сөйлесу арқылы сыныпта шығармашылық қабілеті жоғары оқушылардың бар екендігін анықтап, әр сабағымда шығармашылық тапсырмалар беруге тырыстым. Реферат жазу, синквейн, эссе жазу, жұмбақ және ребус құрастыру т.б. Шығармашылық тапсырмаларды сыныпқа жаппай бергенде тек әр топтан қабілетті оқушылар орындайды, сол арқылы да талантты және дарынды балаларды анықтауға мүмкіндік береді. Тапсырманы жеке орындаған оқушы да өз жұмысын топтың атынан қорғап, өз тобын алға сүйреуге ұмтылады. Талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық модульдері ықпалдастырып өткізіледі. Себебі, үш модуль де оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып табылады. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту модулі оқушының танымдық дамуына негізделген. Оқудағы басқару мен көшбасшылық модулі педагогикалық жетілудің пайдаланылмаған әлеуеті, мұғалімдерге қолдау көрсетілген жағдайда, кәсіби өсу мен бірлескен білім беруде іске асырылады деген сенімге негізделген. Яғни, сабақты мұғалім басқарып, көшбасшылық жасай алған жағдайда, жақсы нәтижеге қол жеткізеді деп түсінемін. Сөз соңында, қорыта айтарым, «Еңбексіз талант -тұл» дегендей уақыт көшінен қалмай, әлемнің дамыған алдыңғы мемлекеттерінің қатарына енуімізге өз үлесімізді қосып, ұрпақ алдындағы борышымызды шығармашылық еңбегімізбен жүзеге асыра беруге өз үлесімді қосуға ат салысамын. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!